Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет74/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107
Байланысты:
full

 Қалтаев М. Айна. – Қазан, 1913. 4-б.


223
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
халлары» деген шығармасын «ашық ғибрат» үшін ұсынады. Сөйтіп, 
өзіне-өзі қайшы келеді. Ойынның шатағынан шешесінің бəддуғасына 
ілінген, алтыдан аспаған егіз балаларының сақ, сұқ деген екі құсқа 
айналып, адам қауымына мəңгі қосылмай қор болғанын баяндау 
арқылы бала атаулыны үрейлендіріп ойыннан тыйып, жөнге салмақ 
болады. Солардың халына ұшырамаңдар деп оларды қорқытады. Есін 
жөнді білмеген балаларды:
Біз үйге қайтпағанда,
Іздеп те таппағанда.
Ашуланар еді анаңыз
Көңілі жаратпағанда
438
, –
деп ескертіп, «Уақытында тіл ала қойсақ, мұндай болмас еді-ау» деп 
өкіндіреді.
«Тұғры жол» деген кітабында Қалтаев «Фəлшіден пай-
да көрген», алдау, өтірік, жала жолына түсіп, момындарды азық 
еткендерді, қараңғылықтың салдарынан жоққа сеніп, əлеуметтік 
мүддесін түсінбей жүрген, көзі ашық, көңілі ояу болудан хабарсыз 
болғандарды көреді.
Өтірік пен шындықтың фарқын білмей,
Бишаралар не десе, соған көнген.
Ғақыл мақұл көрмеген нəрселерге
Жарай ма, адамзатқа нанып сенген
439
, –
деген өлең шумағы арқылы «Заманның бұзықтығы басымызда» деп, 
наразылық білдірген М.Қалтаев өзіне өзі қайшы келіп, бұлтаққа салып, 
екіұшты ой айтады, мұндайда ол қай сөзін ұстатарын білмей делдалға 
ұшырайды. Өмірдің түрлі құбылыстарын көрсеткен М.Қалтаев дұрыс 
ойға негізделген қабілетті əділ сын айтудың орнына кейде қисынсыз 
топшылаулар жасайды. Қазақтардың ғұрпын шеней берудің өзін місе 
көргендей. Жаңа туған нəрестені қуанышпен қарсы алып шілдехана 
жасағандарға да, əнші, ақындарға да ырза емес. Ойын тым жеңілдетіп, 
əлеуметтік мəні зор мəселелерден гөрі уақ-түйек əдеттерді көп сөз етеді.
М.Қалтаев «Жастар жанында» деген шығармасында той жасау, ай-
тысу сияқты əдеттердің жаман жағын көрмек. Жұрттың өнер құмарлығын 
жақтырмайды, бір жақты ой білдірген Мақыш қазақ салтының керекті, 
керексізін айырмай, бірбеткей пікір білдіреді. «Домбыра алып, əн 
салған ақындарды», бас қосқан жиында əйел еркектердің аралас оты-
рып, сөз таластыруын, қыз бен жігіттің айтысуын да ұнатпайды. «Өнер 
438
 Қалтаев М. Сақ-сұқ. – Қазан, 1913. 4-б.
439
 Қалтаев М. Тұғры жол. – Қазан. 1911. 3-б.


224
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
алды – қызыл тіл» деп, той, шілдехана кезінде əншілік, ақындық, 
шешендік көрсетуді əдет еткендерді көріп те қынжылады. Өйткені бұл 
əдет тəртіпсіздікке баулиды деп те шошынады.
Мақыш дін уəкілдерінің өрескел істерін əшкерелейді. Пайғамбар 
шапанын жамылып, қожа атанып «ауыздары шай мен майда болған», 
алдауын асырып, пайдасын табуға құныққан.
Пайғамбардың əулеті саид біз деп,
Малын алып қазақты теспей сорған
440
, –
деп пиғылы тар, тілі тəтті қожаларға көз тігеді. Надандықтан алдана 
береміз, ақылға салып іс жүргізуді ойламай өтірік, шынның нарқын 
білмей жүрміз, еңсені басып тұрған алдымен мəдениетсіздік болса, 
мұның үстіне өнерлі елден ғибрат алмаймыз, газет оқымаймыз, га-
зет оқудың пайдасы, «намаз оразалардың сауабын тағриф қылушы, 
надан мүршиттерден қат-қат артық болса керек»
441
өнер, талап ісіне 
жұмылып мешеу қалмауды неге ойламаймыз дегенді айтады.
Мақыш Қалтаев ақындығын миллет игілігіне, өмірдің алуан 
түрлі жат сырын айту ісіне арнамақ. Жұрттың ұйқыдан əлі оянбай 
мешеу жатқанын көрмек. Көпті өнерге шақырмаған, жігерін құм 
қылып жасытқан жуандар тобын кінəлайды. Пəлен жыл дəріс қылып 
айтсаң да, мың жасаған дана, кереметті əулие болсаң да, сөзіңді өткізе 
алмайсың:
Шығир жазып атақ алған шағир болып,
Һəр сөзім сезілгендей əсер беріп.
Жырлағанда тау-тасты қозғасам да,
Сонда да қазаққа дым білдіре алман
442
, –
деп қынжылады. М.Қалтаев «Насихат қазақияда» өзге кітаптарында 
айтқандарын көп қайталайды, бұл кітабын шұбар тілмен жазған. Ай-
татын уағыздары: өзіңнен дəрежесі төмен адамды қор тұтпа, ойыңды 
қорқытып орындатпа, қиянатшыл болма, бұзықтарға жолама, кекшіл 
болма, кешірімшіл бол, дүниені сыраптама, шаруаға ұқыпты бол, 
жалқау болма, талапты бол, таза еңбек етіп, жақсы атаққа жет деген 
сияқты болып келеді.
1910 жылы жарияланған кітаптарының бірі – «Біраз ғибрат сөзде» 
Қалтаев зорлық, зомбылық, жамандық, сабырсыздық, ынсапсыздық, 
фақырлық, байлық жайында ойын ортаға салады. Қаламымен 
ақылдасқан Қалтаев көрген-білгенін айта алмай заманның илеп, би-
леп лажсыздыққа ұшыратқанын айтады:
440


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет