260
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Шыдар ем
бір ай жатуға,
Ұзақ түн жұмбай көзімді
515
, – дейді.
Пушкин шығармасы мен Абай шығармасындағы хаттың осы
жерін салыстырғанда бір байқалатын нəрсе – Абай шығармасындағы
Татьяна сөздері басқалау. Абай
Пушкинде бар сарынды бұзып
əкетпегенмен, Татьяна ойын жаңғыртыңқырап айтқысы келген
көрінеді. Хаттың осы жерінде Татьяна айтатын: «в вашей дерев-
не», «вам слово молвить», «до новой встречи» деген сөздер Абай
тəржімасында жоқ. Татьянаның айтатын сөздерінің өзі де дағдылы
сөздер емес, көтеріңкі, шалқыма сөздерге ұқсайды.
Шыдар ем бір ай жатуға,
Ұзақ түн жұмбай көзімді, –
деген сөздер құлаққа батылырақ естілетін сөздер. Сөйтіп, Абай
жазған Татьяна хаты Пушкин жазған Татьяна хатының аудармасы
ғана емес екені байқалады, екінші жағынан, Пушкин жазған Татьяна
хатынан да аудара отырады:
Другой!.. Нет,
никому на свете
Не отдала бы сердца я!
То в
вышнем суждено совете...
То воля неба: я твоя
516
, –
дегенді Абай:
Өзгеге ешбір дүниеден
Еркімен тимес бұл жүрек.
Əзелде тағдыр иеден,
Қожам сенсің, не керек
517
, –
деп аударады.
Татьяна мен Онегиннің бақшада кездесіп, Онегиннің Татьянаны
жұбатып айтқан сөздеріне Абай көңіл бөлген. Онегин «үйленуде ойым
болса,
сенен артық жан іздемес едім, сені ағаңнан да жақсы көретін
шығармын, жанның бəрі сені мендей ұға бермес, тəжірибесіздік арты
жайлы болмай жүрмесін, тағы да біреуге көңлің түсер» деген жұбатулар
айтады. Абай Онегиннің бұл сөздеріне өзгеріс кіргізіп жазады. Бұл
өлеңнің қайсыбір жері ғана аудармаға келеді, оның өзінде де сюжет,
сарын
жағынан аударма десек, сөз дəлдік жағынан тəржіма деу қиын.
Абай Онегин сөзін өз жағынан жазған ба дейсің. Абай Онегин сөзін:
515
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы, 1957. ІІ т. 74-б.
516
Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 109-б.
517
Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. –
Алматы,1957. ІІ т. 75-б.
261
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
Таңғажайып бұл қалай хат,
Мағынасы – алыс, сөзі жас?
518
–
деп бастайды.
Бұл секілді сөздер орысша тексте жоқ. Осындай тыңнан кірген
сөздер аз емес:
Сен тоты құс бақта жүрген,
Қай жерімнен пар келем.
Мен – сынық жан, жамағанмен
Түзеле алман түрленіп...
Мен –
көмірмін қалған өрттен,
Енді рұқсат бізге бер...
519
.
Бұлардың бəрі Абайдың өзі қосқан сөздер мен ұғымдар.
Мен жаралы жолбарыс ем,
Жұрттың атқан оғы өтіп
520
, –
деген сөздер де Пушкин романындағы Онегин аузынан шықпаған
сөздер.
Абай шығармаларындағы Онегин өмірден торығудың үстіне
өлімге бойсұнған, үлкен трагедияға ұшыраған,
ең алдымен
жалғыздықтан таяқ жеп, титығы құрып шаршаған адам. Абай Онегині
мен Пушкин Онегині тек сырттан ұқсасқаны болмаса, олардың
ішкі, сезім жақтарында біріне-бірі жат мінездері бар кейіпкер екені
байқалады.
Абайдың Онегині зарлылақ, оның үстіне өмір тепкісін
көбірек көрген, қайратына орын таба алмай, арты өкініш, алды
үмітсіз. Сондықтан ол:
Ол жас ағаш, бір қызыл гүл,
Жапырағы жаңғырар.
Сорлы Онегин, жолды өзің біл
Қай
тарапқа қаңғырар
521
, –
делінеді.
Пушкинде бар сөздердің көбі Абайда жоқ. Мысалы:
…вы ко мне писали?
Не отпирайтесь...
518
Онегиннің Татьянаға бақшада айтқан сөзінің аудармасына, Абайдың
«хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бəрін» деп басталатын өлеңі келеді. Бұл өлең
«Таңғажайыптан» көрі Пушкин жазған Онегин сөзіне жуық.
519
Достарыңызбен бөлісу: