Замана кейіпкерлері



Pdf көрінісі
бет94/107
Дата10.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#80799
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107
Байланысты:
full

 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 86-б.
535
 Сонда.
536
Сонда, 99-б.


266
З А М А Н А К Е Й І П К Е Р Л Е Р І
Абай Татьянасының аузынан шыққан сөздер Пушкин Татьянасы 
сөздерінен мұңдырақ, шерлірек. Ол Онегин мен өзінің мұндай халге 
ұшырауына өз басынан басқа себептер бар екенін сезген секілді:
Сен шошыдың ғашығыңнан,
Өзге жұрттан қамшы жеп.
Мен де сорлы нəсібімнен
Жатқа тидім «алшы» деп
537
.
Пушкин Татьянасы Онегиннің оған қыз кезінде, деревняда 
жүрген кезінде көңілін аулай алмай жатсынып, енді үлкен қаланың 
бас қауымы, ақсүйектері ортасында елеулі əйел болғандықтан көзің 
түскен шығар деп, кінəлағандай болады. Сарай маңындағылар 
құрметтеген əйелдің əдебін бұзу сенің атағыңды асырар, даңқынды 
көтергендей бір іске жарар, я соған себеп болар деген ойда шығарсың
ойда бүкпең бар шығар деу сияқты жору жасап күмəнданады. Абай 
Татьянасының аузынан шыққан дəл осындай сөздерді кездестіре ал-
майсыз. Бұдан басқа, Пушкин жазған Татьяна сөзінің бір бөлегі қалып 
қойған (бірінші тараудың ХІ, ҮІ шумағы). Пушкин романындағы Та-
тьяна айтқан:
Меня с слезами заклинаний
Молила мать
538
, –
деген жолдар Абайда жоқ. Пушкин Татьяна сөзін:
Но я другому отдана.
Я буду век ему верна
539
, –
деген жолдармен бітірсе, Абай:
Көрісуге шыдамаспыз,
Айрыларлық сол үшін
540
, –
деген жолдармен бітіреді.
Бұл Абай жазған соңғы екі жолдан Татьянаның Онегинге жар 
бола алмайтынын хат арқылы білдіргені көрінеді. Ал Пушкин рома-
нында Татьяна өз сөздерін Онегинге көзбе-көз айтады. Ендеше бұдан 
барып сюжет сарыны да өзгергені байқалады.
Бұл жолдардан тағы бір көретін нəрсе, Татьяна ғашықтық оты-
на шыдамаспыз, сондықтан «айрылалық» деп, екі ғашық бірін-бірі 
537
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 85-б.
538
 Пушкин А.С. Евгений Онегин. – М., 1957. 221-б.
539
Сонда, 222-б.
540
 Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының 2 томдық толық жинағы. – 
Алматы, 1957. ІІ т. 86-б.


267
М Ұ Р А Т Б Е К Б Ө Ж Е Е В
көрсе, күйіп-жанатын «Лəйлі–Мəжнүн» оқиғасын да ескерткендей. 
Махаббат бір трагедияға ұшыратар деген қаупін де бір жағынан 
сылтау, себеп қылады. Бұл сылтау, себептер Пушкин Татьянасына 
айтқан: «Но я другому отдана, Я буду век ему вернадан» басқа. Бұл 
сарын күншығыстан келген. Сөйтіп, жоғарыдағы мысалдардан бір 
көрінетін нəрсе – Татьяна сипатына Европаның да, Күншығыстың 
да əсері тигендігі байқалады. Абай суреттеген Татьяна Пушкин 
Татьянасының көшірмесі емес, оның қазақ жағдайында өскен əйел 
екендігін көрсететін мінездері де бар екенін ескермеуге болмайды.
Пушкин романында оқиға Онегин мен Татьянаның айрылысуы-
мен бітеді. Екеуі де тірі қалады. Абай шығармасындағы Онегин 
өмірмен қоштасып:
Мен бұрылып түзеле алман,
Қайтсін дедің сорлыңды?..
Ата-анам қара жер,
Сен аша бер қойныңды.
Сенен басқа еш жерден
Табалмадым орнымды
541
, –
дейді. Онегин қара жердің қойнынан басқа өзіне еш орын таппай 
күңіренген, өмірден мүлде күдер үзген жан. Бұл сарын Пушкин ро-
манында жоқ сарын. Абай бұл жерде Пушкин романындағы сарын 
шеңберінен шығып кетеді. Абай шығармасында Онегиннің өлімге бой 
ұсынуы кездейсоқ нəрсе емес, өйткені Абай Онегин сипатын өзінше бер-
мек болған. Бұл арада Абай басқа ақынның өлеңдерін аударушы емес, 
ол өз тұсынан тың сипат жасамақ болған. Сондықтан Онегиннің өлімге 
бой ұсынуына арнап өлең жазады. Сөйтіп Абай шығармасы мен Пушкин 
романының сюжет жақтарынан да сəйкес келмейтіндігін көреміз.
Пушкин 1822 жылдары бір хатында «Кавказ тұтқыны» деген 
шығармасын еске ала келіп: «Мен мұнда ХІХ ғасыр жастарының бір 
өзгешелігі болып кеткен, өмірге, оның қызығына салқындықты, жа-
сына жетпей қартаюшылықты суреттегім келді», – дейді. Пушкин сол 
кездің өзінде ХІХ ғасыр жастарының айрықша мінездерін ескерткені, 
бұл мəселе оның ойында жүрген мəселе екені – бұл сөздерге қарағанда
ап-айқын көрініп тұр.
Пушкин өмірден торыққан адам сипатын «Кавказ тұтқынында» 
көрсетіп қоймай, Алеко сипатын жасау арқылы да көрсеткен еді. 
Пушкиннің бұрынғы геройлары өз ортасынан шығып, оқшау жүрсе 
541


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет