Заттар алмасуыныѕ реттелуі


Екіншілік делдалдар, олардың қҧрылысы. Ролі, бір-бірінен



Pdf көрінісі
бет4/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Екіншілік делдалдар, олардың қҧрылысы. Ролі, бір-бірінен 
айырмашылығы. 
Екіншілік делдалдар майда ерімейтін, сондықтан жасуша ішіне кіре 
алмайтын гормондардың жасушаішілік метаболизмге әсер етуіне мүмкіндік 
береді. Олар гормон ӛз рецепторымен байланысқан кезде пайда болатын 
сигналды тез қабылдап, оны ӛзгертіп, күшейтеді. Екіншілік делдалдарға цАМФ, 
цГМФ, кальцийдің концентрациясының ӛзгеруі, ДАГ пен инозитол-1,4,5-
трифосфат (IP3) жатады.
Биохимиялық құрылымының әртүрлі болуына қарамастан, олардың әсер 
ету нәтижесі шамамен бірдей және гормональдық сигналдың жасушаға 
тасымалдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл заттар бір-бірінен химиялық 
табиғаты бойынша, жасушадағы метаболизмге әсер ету ерекшілігімен 
ӛзгешеленеді. 
7. Гормондардың әсер ету механизмдері 
Барлық гормондар жасуша ішілік ферменттердің активтілігін ӛзгерту 
арқылы метаболизмді реттейді. Ферменттер активтілігін ӛзгерту тәсіліне қарай 
әсер ету механизмі 3 топқа бӛлінеді: 
І. Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін ӛзгерту жолымен әсер етуші 
гормондар. Бұл гормондар жасуша мембранасының бетінде орналасқан 
рецепторлармен байланысып, екіншілік мессенджерлер арқылы әсер етеді.
а/ мессенджері цАМФ болатын гормондар, олар аденилатциклазаны 
активтеу арқылы әсер кӛрсетеді, бұларға белокты-пептидті гормондар 
(инсулиннен басқа), катехоламиндер жатады; 
б/ екіншілік мессенджері цГМФ болатын биологиялық активті заттар: 
жүрекшелік натрий-уретикалық фактор, брадикинин, ацетилхолин, гистамин
азот оксиді және жүректің ишемиялық ауруларында қолданылатын 
нитропрепараттар, бактериалды эндотоксиндер;
в/ екіншілік мессенджері кальций немесе фосфатидилинозитол болатын 
гормондар: норадреналин, гонадотропин-рилизинг факторлары, тиротропин-
рилизинг факторлары, вазопрессин, ацетилхолин және т.б. 
Біріншілік механизм бойынша инсулиннен басқа барлық белокты-пептидті 
гормондар және катезоламиндер әсер етеді. Бұл гормондарға шапшаңдық, 
қуаттылық, қысқа уақытта әсер етуі тән, олар стресс гормондары. 
ІІ. Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін белоктар мен ферменттердің 
синтезделу жылдамдығын ӛзгерту жолымен әсер етуші гормондар. Бұл 
гормондар жасуша ішілік рецепторлармен: цитозольдік, ядролық немесе 
органоид рецепторларымен байланысады. Бұл топқа стероидты және тироидты 
гормондар жатады. 
ІІІ. Жасуша ішілік ферменттердің активтілігін плазма мембранасының 
ӛткізгіштігін ӛзгерту жолымен әсер ететін гормондар. Бұл гормондар плазма 
мембранасында 
орналсқан 
рецепторлармен 
байланысып, 
ӛз 
әсерін 
тирозинкиназа-фосфатаза жүйесін пайдалану арқылы іске асырады. Бұл кезде 
жасушаішілік 
ферменттердің 
активтілігінің 
ӛзгеруі 
субстрат 


163 
концентрациясының артуы, белок-транспортерлер мен иондық каналдардың 
активтенуі есебінен жүзеге асады. Мұндай гормондарға инсулин, 
соматомединдер, пролактин, вазопрессин жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет