166
эндогенді және экзогенді вазодилятаторлар әсер етеді. Ішектің эпителий
жасушаларында
гуанилатциклазды
жүйенің
активаторы
бактериалды
эндотоксин болуы мүмкін, ол ішекке судың сіңірілуін баяулатады және
диареяны дамытады.
Гуанилатциклазаның ерітіндідегі формасы (цитозольдік) – құрамында гемі
бар фермент, апоферменті (мол. массасы 152000) 2 суббірліктен тұрады.
Гуанилатциклазаның бұл формасының активаторы жүрек
ауруларында
қолданылатын нитрозовазодилятаторлар (нитроглицерин, нитропруссид және
т.б.), тамырлардың босаңсуын (релаксация) туғызатын эндотелиалды фактор -
азот оксиді (NO) және липидтердің пероксидті тотығу радикалдары болып
табылады. Бұл факторлар цГМФ-ті активсіз
жай ГМФ-ке ыдырататын цГМФ-
фосфодиэстеразаны
ингибирлейді.
цГМФ
2
суббірліктен
тұратын
протеинкиназа G немесе цГМФ-тәуелді протеинкиназаға әсер етеді. Оның әрбір
суббірлігінде 2 реттеуші, 2 катализдік орталық бар. цГМФ протеинкиназа G-ң
реттуші бӛліктерімен байланысып, оны активтейді. Протеинкиназа G
диссоцияланбайды, ол протеинкиназа А сияқты
жасушаішілік белоктарды
фосфорлау арқылы әр түрлі биологиялық эффект кӛрсетеді. цГМФ кальций
(Са
+2
) мӛлшерін тӛмендетіп, тегіс бұлшық ет босаңсуын және тамырлардың
кеңеюін туғызады. Протеинкиназа G және протеинкиназа А серин-тирозин-
киназа
болып табылады, олар әр түрлі биологиялық әсер кӛрсету арқылы әр
түрлі
белоктар
мен
ферменттердің
фосфорлануын
жылдамдатады.
Протеинкиназа
G
гликогенсинтетазаның
активтілігін
арттырады,
тромбоциттердің агрегациясын тежейді, фосфолипаза С-ны активтейді, Са
2+
деподан шығуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ц-ГМФ ц-АМФ антогонисі болып
табылады. Бiр гормон цАМФ арқылы немесе
цГМФ арқылы да әсер етуi
мүмкiн. Бұл жағдайда гормондардың эффектісi гормон қай рецептор арқылы
әсер етуiне байланысты. Мысалы, адреналин α-рецептормен де, β–рецептормен
де байланысуы мүмкiн, сондықтан байланысқан рецептордың типіне
байланысты әр түрлі эффект кӛрсетеді. Егер адреналин β-рецепторлармен
байланысса, цАМФ, ал α-рецепторлармен байланысса, цГМФ түзiледi.
Достарыңызбен бөлісу: