9. Эндокриндік аурулардың дамуының негізгі механизмдері Жалпы алғанда гормональдық аурулардың кӛпшілігі гормонның түзілуінің
тӛмендеуі мен артуы нәтижесінде дамиды. Екінші себебі жасушаның гормонға
сезімталдығының тӛмендеуі болуы мүмкін.
Студенттің ӛзін-ӛзі бақылауына арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер:
1.
Жасушаның гормон әсеріне сезімталдығы неге байланысты?
2.
Жасушаның қандай бӛлігінде гормонның рецепторы болуы мүмкін?
3.
Гормонның мембраналық рецептор арқылы әсер ету механизміне сипаттама
беріңіз (цАМФ, цГМФ, кальций-кальмодулин, ИФ-3, ДАГ).Сызбамен
кӛрсетіңіз.
4.
Циклді нуклеотидтердің биохимиялық үрдістерге әсері қалай тоқтайды?
5.
Гормонның жасуша ішілік рецептор арқылы әсер ету механизмін
түсіндіріңіз.
6.
Неге табиғаты пептид-амин қышқылдық гормондар қысқа уақыт, ал
стероидты гормондар ұзақ уақыт әсер етеді?
7.
Стероидты гормондар неден түзіледі? (бүйрек үсті безінің қыртысты
қабатының гормондары, жыныс гормондары)
8.
Адреналин, норадреналин және Т
3
,Т
4
неден түзіледі?
9.
Терапия бӛліміне әлсіз күні бойы диарея болған науқас түсті. Жүргізілген
анализге байланысты холера деп диагноз қойылды.ішек жасушаларында
холера токсині G
S
– белогының
S
суббірлігін модификациялайтыны
белгілі.Бұл аденилатциклазаның ұзақ белсенді болуын туғызады, яғни
цАМФ молекуласының синтезін арттырады, олар бұл жасушаларда Na
+
/Cl
және Cl
-
/ НСО
3
-
мембрана тасымалдаушыларының жұмысын реттейді.
Иондардың секрециясы және иондардың сіңірілуінің тӛмендеуі ішекке
судың кӛп келуін стимульдейді.Егер барлық ас-қорыту бездерінің тәуліктік
секрециясы қалыпты жағдайда 8 литр болса, холера кезінде ағза кӛп
мӛлшерде шамамен 10 литр суды жоғалтады. Науқаста су-тұз алмасуының
қандай жүйесі активтенуі керек? Осы жүйенің қызмет етуінің барлық
сатыларын сипаттаңыз.