Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері



Pdf көрінісі
бет11/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, педагогтарды 
кәсіби даярлау қағидалары; үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелері; бұл 
процесті 
сабақтастықпен 
басқару; 
инновациялық 
әлеуметтенудің 
психологиялық маңыздылығы; әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық 
теориялар; маман-кадрларды даярлауды басқарудың теориясы; үздіксіз білім 
берудегі педагогикалық менеджмент идеялары; үздіксіз білім беруді жоспарлау 
мен ұйымдастырудағы кәсіби іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, жүйелік 
мәдениеттілік, технологиялық, инновациялық тәсілдер мен оның теориялары 
табылды. Зерттеудің әдіснамалық негізін Л.С. Выготскийдің теориялық-
әдіснамалық және мәдени-тарихи зерттеулері, А.А. Вербицкийдің контексті 
оқытудың 
психологиялық-педагогикалық 
тұжырымдамасы, 
психолингвистикалық және лингвистикалық зерттеулер (И.А. Зимняя [34], 
Ф.Де. Соссюр, В. Гумбольдт, И. Н. Горелов, Н. Хомский, Джудит Грин, 
Л.А. Якобовиц, Б.В. Беляев, Е.И. Пассов, Е.Д. Божович [35], И.А. Новикова, 
А.Л. 
Новиков, 
М.А. 
Рыбаков, 
А.Ж. 
Алдамұратов 
[36]), 
тілдік 
конструкциялардың аудармасы теориялары (Л.М. Алексеева, Н.Н. Гавриленко, 
Е.Н. Малюга, В.А. Ковшиков, В.П. Пухов, В.П. Белянин, П. Ньюмарк, 
В.С. Виноградов, В.Н. Комиссаров, Я.И. Рецкер, А.Д. Швейцер және т.б.), 
лингвомәдениеттанудың зерттеулері (А.Н. Злобин [37], А.К. Уточкина, 
Т.В. Ларина, және т.б.) К. Ангеловски [38], В.И. Журавлёв, Л.С. Подымов, 
М.М. Поташник, А.И. Пригожин [39], П.И. Третьяков, И.Р. Юсуфбековалардың 
[40] инновациялық-педагогикалық іс-әрекет теориялары, О.А. Абдуллина, 
Н.В. Кузьмина, А.К. Маркина, В.А. Сластенин және т.б-ң кәсіби жеке тұлғаның 
қалыптасу теориясы. Сонымен қатар Б.С. Гершунский [41], Г.И Железовская, 
Г.П. Корнев, В.В. Краевский, Ю.А. Кустовтардың педагогикалық ғылымның 
әдіснамалық жалпы сұрақтары мен педагогиканың түсініктік аппаратының 
жалпы мәселелері, Ш.А. Амонашвили, Л. Вяткина, B.C. Сухомлинский [42], 
И.С Якиманскаялардың еңбектерінде қарастырылған тұлғалық-бағытталған 
білім берудің сұрақтары, Л.С. Выготский [43], А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн 
[44] еңбектеріндегі білім беру процесін құрудағы іс-әрекеттік бағыт жайлы 
мәселелер және Б.М. Тепловтың мектебі жүзеге асыратын тілдік қабілеттерді 
зерттеудің жеке-даралық бағыты, көзқарасы (Э.А. Голубева, М.К. Кабардов, 
Т.Л. Чепель, Г.А. Мактамкулова, Е.В. Арцишевская, С.А. Изюмова, 
Н.Я. Большунова, Е.В. Демина және т.б.), зерттеу еңбектері құрайды. 
Теориялық-әдіснамалық негізді сонымен қатар Қазақстандық отандық танымал 
ғалымдар, зерттеушілер мен тәжірибелі мамандардың тұжырымдамалы 
теориялық пікірлері де құрауға негіз болды, олар: Қ.Б. Жарықбаевтың [45] жеке 


15 
тұлғаның білім алуы процесіндегі этникалық көзқарасты теориялары; 
С.М. Жақыповтың [46] үздіксіз білім беруді ұйымдастырудағы біріккен-
диалогты танымдық іс-әрекеттің даму тұжырымдамасы; Н.Қ. Тоқсанбаеваның 
[47] үздіксіз кәсіби білім беру процесіндегі білім алушылардың кәсіби ұстаздық 
қабілеттері мен қарым-қатынастарын дамыту жайлы іргелі теориясы; Отандық 
лингвист ғалым С.С. Құнанбаеваның «Қазіргі шеттілдік білім беру: әдіснамасы 
және теориясы» докторлық диссертациясындағы іргелі тұжырымдамалар [48]; 
Г.Р. Каримованың үздіксіз білім беру жүйесінде денсаулық сақтаушы 
технологияларды қолдану жайлы ілімді қағидалары [49]; Л. Көмекбаеваның 
үздіксіз білім беру барысында кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында 
психологиялық 
қызмет 
көрсету 
жайлы 
тұжырымды 
еңбегі 
[50]; 
Г.С. Майлыбаеваның педагогтардың диагностикалық іс-әрекеті жайлы өзекті де 
келелі ілімі және өзге де теориялы тұжырымдар [51]. 
Соңғы жылдары психология, педагогика ғылымдары саласында жарық 
көрген еңбектерге жасаған талдау үздіксіз кәсіби білім беру жүйесін құрудың 
теориялық-әдіснамалық 
және 
тұжырымдамалық 
негіздерінің 
(А.П. Владиславлев, Б.С. Гершунский, А.В. Даринский, А.М. Новиков, 
В.Г. Онушкин, В.П. Понасюк, В.А. Сластенин [52] және т.б.), орта және жоғары 
кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесін жетілдірудің теориясы мен 
тәжірибесінің (С.С. Абдыманапов, Г.К. Ахметова, С.А. Ұзақбаева [53], 
Д.З. Жусупова, Х.М. Рахымбекова, Е.А. Мамбетказиев, Т.С. Садықов және т.б.), 
үздіксіз педагогикалық білім беру мәселесінің теориялық және әдіснамалық 
аспектілері мен түрлі елдердегі үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің 
даму жолдарының (Е.П. Белозерцев, Н.Д. Никандров, Б.С. Гершунский, 
Н.К. Гончаров, В.Г. Онушкин, А.Н. Орлов, В.Н. Турченко, А.К. Кұсайынов, 
Б.К. Момынбаев, Ш.Т. Таубаева [54], М.Н. Сарыбеков [55], Е.Ш. Қозыбаев 
және т.б.) салыстырмалы түрде жан-жақты қарастырылғанын көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет