Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-
әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, жұмыс мазмұнының 
ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді пайдаланумен, 
эксперимент бағдарламасының мақсатқа сәйкестілігімен, нәтижелерінің деректі 
материалдар негізінде қорытындылануымен, зерттеудің негізгі қағидалары мен 
нәтижелерінің тәжірибеге ендірілуімен, алынған нәтижелердің тиімділігімен, 
ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс 
жасау тәжірибесімен қамтамасыздандырылады. 
Сонымен қатар әдіснамалық, логикалық-ғылыми принциптердің жүзеге 
асуымен; зерттеудің теориялық және эмпирикалық нормативтерін сақтаумен; 
бастапқы ұстанымдар мен теориялық тұжырымдардың мазмұнды талдануы мен 
әдіснамалық негізділігімен; теориялық талдаудың болуы мен эмпирикалық 
мәліметтері жалпыланумен; апробацияланған зерттеу әдістерін қолданумен 
және диссертацияда адекватты қойылған міндеттер мен жұмыстың 
логикалылығымен; зерттеу таңдауының репрезентативтілігімен; алынған 
нәтижелердің мазмұнды және статистикалық талдануымен, әрі эмпирикалық 
зерттеуге автордың өзінің міндетті түрде жеке қатысып, әрі зерттеуді 
ұйымдастыруымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: 
Бірінші кезеңде (2018-2019) – диссертациялық зерттеу тақырыбы 
докторанттың кәсіби қызметіне сай таңдалып, осы мәселеге байланысты
ғылыми және арнайы әдебиеттер кеңінен талданды, тақырып бойынша негізгі 
мақала-жарияланымдарды кең зерттеп шолу, зерттеудің ғылыми-түсініктік 
аппарат бөлімін құрастыру жұмыстары жасалды. Эксперимент жұмысының 
жоспары, бағдарламасы жасалды. Оқу-әдістемелік материалдар сұрыпталды. 
Оқу орындарының құжаттары зерделенді. 
Екінші кезеңде (2019-2020) – оқытудың белсенді әдістер жүйесі мен 
кәсіби ойындар жіктемесі іріктеле бейімделіп, үздіксіз кәсіби білім беру 
жүйесінің оқу процесінде жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
жасау 
түрін 
таңдау, 
анықтаушы 
және 
қалыптастырушы 
эксперименттерді құру, әдістемелерді бейімдеп, диагностикалық және түзету 
бағдараламасы жүзеге асырылды. Анықтау эксперименті барысында оқушылар-
студенттер-педагогтар мен ЖОО педагогтарының алғашқы білім деңгейлері 
тексерілді, нәтижесі қорытындыланды, қалыптастыру эксперименті жүзеге асты 


18 
(тест, сауалнама жүргізіліп, тапсырмалар берілді және т.б.), аралық кесінділер 
алынып, теориялық материалдар жүйеге келтірілді. 
Үшінші кезеңде (2020-2021) – анықтаушы эксперимент негізінде алынған 
ақпараттарды жалпылау, жүйелеу және өңдеу, қорытындылар мен нұсқауларды 
құрастыру, нәтижелерді шығару мен диссертация зерттеуін рәсімдеу 
жұмыстары орын алды. Қалыптастыру эксперименті жалғасын тапты, зерттеу 
нәтижелері сұрыпталып, өңделді. Оқу-әдістемелік материалдар басылым көрді. 
Диссертация талап бойынша рәсімделді, әдебиеттер жүйеленді. 
Зерттеу материалдары негізінде бірнеше ғылыми еңбектер, мақалалар мен 
кітапшалар жарық көрді.
Жоғары оқу орнының үздіксіз кәсіби білім беру процесіне қажетті зерттеу 
нысан 
материалдары 
«Педагогты 
кәсіби 
қызметке 
психологиялық- 
педагогикалық дайындау әдістемесі (ағылшын тілін меңгерту құзыреттілігі 
негізінде)» элективті курс бағдарламасында дәріс, семинарлары түрінде жоғары 
оқу орны студенттеріне ұсынылды және жүргізілді (Қосымшалар В, Г).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет