Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет12/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Зерттеудің жетекші идеясы: үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру 
жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге дайындықтарының 
психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан анықтай 
отырып, осы сала мамандарын даярлауды біріккен-диалогты танымдық іс-
әрекетті кәсіби ойындар, интерактивті әдістермен ұйымдастыру олардың қоғам 
талабына сай білікті құзіретте дамып, жетілуіне септігін тигізеді және 
инновациялық әдістерді қолдану арқылы оқу процесін блокты-модульдік етіп 
құру: яғни, оқыту процесінің табыстылығы мен жайлылығын және оқыту 
субъектілерінің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында кәсіби ойындар 
мен белсенді оқыту әдістерін қолдану. 
Зерттеу әдістері:
– диссертация тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік 
материалдарға теориялық талдау; 
– табиғи жағдайда білім беру процесін бақылау; 
– анықтаушы және қалыптастырушы бөлімдер қамтылған педагогикалық
эксперимент; 


16 
– математикалық статистика әдісі арқылы бақылаулар нәтижелері мен 
эксперименттік мәліметтерді өңдеу; 
– алынған нәтижелерді олардың шынайылығы, теориялық маңыздылығы 
мен практикалық қолданылуы тұрғысынан талдау. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы
1) үздіксіз білім беру жүйесінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
дайындығын теориялық- әдістемелік тұрғыдан анықталып, негізделді; 
2) үздіксіз кәсіптік оқытудағы инновациялық оқыту әдістерінің мәні 
нақтыланып, анықталды [56]; 
3) үздіксіз білім берудегі белсенді оқыту әдістерінің жүйесі және оның 
қолданылу тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделіп, жасалып және 
эксперименттік жолмен тексерілді; 
4) біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет үздіксіз білім беру жүйесіндегі 
оқыту процесінің мақсаты, әрі ең жоғарғы тиімділікке жету шарты екендігі 
дәлелденген; 
5) оқытудың 
белсенді әдістері (іскерлік ойындары, әлеуметтік-
психологиялық тренингтер, кәсіби ойындар т.б.) өте тиімді деп саналып, 
олардың ұйымдастырылуының психологиялық негізі болып біріккен-диалогты 
танымдық іс-әрекет екендігі анықталған; 
6) үздіксіз кәсіби білім берудегі кәсіби ойындар жүйесі және оның 
қолданылу тәсілдері теориялық тұрғыдан негізделіп, эксперименттік жолмен 
тексерілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет