Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет23/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

5. Рефлексивті-бағалаушылық кезең 
1) үздіксіз кәсіби инновациялық кәсіби –
педагогикалық 
іс-әрекеттің 
тиімділігін 
талдау, әрі бағалау; 
2) үздіксіз кәсіби инновациялық рефлек 
сия мен кәсіби педагогикалық шеберліктер 
мен дағдылардың дамуы 
Шығармашылық тапсырмалар, семи 
нарлар, үздіксіз ииновациялық кәсіби 
педагогикалық іс-әрекет нәтижелерінің 
эксперттік және топтық бағасы, кеңес 
беру 
Қазіргі таңдағы Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуге деген 
мүдделілігі осы салада халықаралық әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан 
озық деп танылған оқыту үлгілерін өз мүмкіндіктеріміз бен болашақта жаңаша 
заманауи талап-тілектерге сай үйлестіре қолдану үшін білім көшіне лайықты 
отандық білім беру стратегиясы мен тактикасын өзгертудің қажеттілігін 
айқындап, әрі арттырып отыр. Өйткені қай кезеңде, әрі қай заманда болмасын 
«ұлттың бәсекелестік қабілеті, бірінші кезекте, оның білімділік деңгейімен 
айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін 


51 
халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз». Бұл тұжырымдар үздіксіз 
білім беру жүйесінің аса бір маңызды буыны болып саналатын негізгі 
мектептер, орта арнаулы білім мекемелері мен жоғары оқу орындарында оқыту 
процесін де түбегейлі жетілдіре дамытуды аса қажет етеді. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру 
жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым 
мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға 
және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар 
жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін 
дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін 
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін 
байыту» деп атап көрсетілген [113]. Сондықтан да білім берудің мазмұнын 
жетілдіре отырып, негізгі орта білім беру арқылы оқушыларды жан-жақты 
жетілдіру мәселесі – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. 
«Біздің негізгі стратегиялық міндетіміз – шығармашылық тұрғыдан ойлай 
білетін дара тұлғаларды қалыптастыру» деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай, бүгінгі 
таңда қоғамдағы жаңа өзгерістер, экономика дамуындағы жаңа стратегиялық 
бағыттар, қоғамның ашықтығы, оның тез ақпараттандырылуы мен даму 
жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертіп отыр. 
Білім берудің негізгі мақсаты – тек білім, білік, дағдылар жиынтығын ғана емес, 
жеке әлеуметтік біліктілігі артқан, ақпаратты өз бетімен алып, оны талдай және 
тиімді қолдана білетін, өз бетінше шешім қабылдай алатын тұлға 
қалыптастыру. 
Бұл 
туралы 
білім 
беру 
саласындағы 
Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруды қамтасыз етудің негізі – 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында ерекше басымдылықпен айтылған. 
Онда «2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған 
экономика мен біліктілігі жоғары жұмыс күші. Білім берудің дамуы еліміздің 
болашақ экономикалық, саяси және әлеуметтік- мәдени өркендеуі сүйенетін 
тұғырнамасы болуы тиіс», - деп көрсетілген [114]. 
ХХ ғасырдың аяғында Ресейде шетел тілдерін оқытуда «революцияның» 
болуы таңқаларлық емес еді. Шетел тілін оқытудың «ескі мектебінің» принципі 
болып аудармалы-грамматикалық әдіс табылды. Оның мәні өте қарапайым: ол 
үшін адам алдымен грамматикалық ережені меңгеруі тиіс, соның негізінде
аударма жаттығуларды, оқуды, жаңа сөздерді жаттауды қолдана отырып тілді 
игеруде алға жылжуы тиіс. Соңғы кезеңде тілді меңгерудің бұл әдісі 
психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде бірнеше рет талқыға түскен. 
Біздер бұл арада аталған әдіске қарсы не оны қолдағалы отырған жоқпыз, тек 
осы әдістегі бар кемшіліктер мен артықшылықтарды талдағалы отырмыз.
Сонымен шетел тілін аудармалы- грамматикалық әдіспен немесе оны 
қысқартып дәстүрлі деп атаймыз, негізгі принциптерінің бірі саналылық 
принципі болады.
Психологтар өте ертеректе -ақ келесі фактіні анықтаған, яғни дағдылар 
екі негізгі, механикалық жолмен жасалады, мұнда бір әрекетті қайта қайта оны 


52 
сараламай, саналы түрде аса мән бермей қайталау болады, мұнда не жасау 
керек және қалай жасау керектігін адам саналы түрде білетін болады. Сол не 
өзге іс-әрекетті саналы түрде жүзеге асыру көп рет қайталаудан гөрі дағдының 
қалыптасуына алып келеді. Бұл талас тудырмайтын факт. Міне осы арада шетел 
тілдерін меңгеру мәселесінің психология ғылымымен тығыз байланысын тағы 
да баса көрсетіп, осы арада зерттеу тақырыбын неліктен психологиялық 
мазмұнда байланыстыра алғандығымызды тағы да дәлелдегіміз келеді. 
Дағдының құрылуының қажетті алғышарты болып меңгеріп игеруге тиісті 
әрекетті қалай орындау керектігімен танысу ісі бой көтермек. Бұл таныстық 
сөзсіз, өзінен өзі дағдыны тудырмайды, дағды дегенменен жаттығу арқылы 
келеді, бірақ әрбір жаттығу алдында минималды болса да теориялық түсіндіру 
қажет болады, «дағдылар тек практикалық жолмен ғана емес, оларды алдын 
ала саналы сезіну негізінде жасалуы тиіс». Әрі тілдің, сөйлеудің туындауы 
шетел тілдерін оқып игеруде грамматикалық механизм негізінде жүзеге асады, 
әрі бұл механизмді бірінші кезекте шетел тілдерін оқып игеруде қалыптастыру 
керек. «Грамматика - бұл ой-пікірлер аумағына енуге болатын алдыңғы 
трамплин» - делінген [115]. Тіпті туған тілді меңгеруде де баланың 
грамматикалық ережелерді игеруі аса маңызды болады, себебі баланың сөйлеуі 
грамматикалық қателерге толы болады, әрі түсінуге қиын болып келеді, тек 
қана 3-5 жасқа келгенде ғана бала интуитивті түрде көптеген грамматикалық 
формаларды игереді, әрі дұрыс сөйлейтін болады.
Бір жағынан мұндай әдістің қырына ереже бойынша тілдік білімдерді алу, 
ие болу қойылады, ал өзге тілді тәжірибенің рөлі жоққа шығарылады. Тілді 
меңгеру ойсыз еске салмастан саналы түрде жүзеге асуы керек.
Шетел тілдеріне оқытудың саналылықтан өзге келесі бір принципінің бірі 
еріктілікпен байланысты «аналитикалық» бағыттың басымдық таныту
принципі болады. Еріктілік деп коммуникативті іс-әрекетпен тікелей 
байланысты емес белгілі бір ережелердің міндетті түрде жасап орындап көру 
болады.
Мұндай жаттығып көрудің бірі дәстүрлі әдістің мәні аударма болады. 
Шетел тілінде сөйлеу және аударма екінші жағынан – бірнеше құрылымы бар 
сан алуан процестер болады. Сөйлеу процесінің өзі «тілдік ойдан» ауысып 
(яғни in statu nascendi) оны сол не өзге тілде орындап, ары қарай сыртқы 
сөйлеуде – ауызша не жазбашада жүзеге асыру болады. Бұл ауысу процесінде 
тілдік ой тағы бір кезеңді өтеді, «ішкі сөйлеу» кезеңін өтеді, әрі бұл кезеңде 
ішкі ой-мағына терең синтаксистік ұйымдасқан тілдік мағыналарға ие болады,
семантикалық жазбаның стимулдық схемасы ұйымдасқан болашақтағы кең 
түрдегі синтаксистік ой-пікірге қайта кодталады. 
Бұл процесс бастапқы ішкі ойлаудан сыртқы тілдік пікірге өту процесі 
туған тілде де шетел тілінде де бірдей жүзеге асады, әрі келесі схемада өтеді: 
«тілдік сөйлеуге оқталу – ішкі сөйлеу – туған тілдің маңызы – шетел тілінің 
маңыздылығы». Берілген тізбеде «туған тілдің маңыздылығы» компоненті 
артық. Ие болу мен меңгеру деген екі түсініктерді шатастырмау керек. Тілге ие 
болу санадан тыс-интуитивті болады, бірақ бұл деген тілді меңгеру саналы 


53 
түрде болмау керек деген сөз емес.
Мектеп немесе өзге білім мекемелері жағдайында шетел тілдеріне оқыту 
туған тілге сүйенбей өтілу мүмкін емес, мейлі ол қысқа уақытқа ғана көмекші 
тәсіл болсын кейін өшіріп тастайтындай.
Жоғарыда айтылғандай ақ, шетел тілдеріне оқытудың кейбір кезеңдері 
дәстүрлі әдіспен қандай да бір себеппен өзіндік мақсат болады, бірақ ең басты 
мақсат назардан тыс қалып қояды, сол үшін шетел тілі оқытылса да, ол мақсат- 
қарым-қатынас. Сондықтан да жаңа әдіс, ол – коммуникативті әдіс болады. 
Коммуникативті әдіс ХХ ғасырдың 60-70-ші жылдары Британияда пайда 
болды, әрі осы кезде ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тілі статусына 
ие бола бастаған кезең болған. Сол уақытта кең дәстүрлі әдістемелер (аудио-
лингвалды, аудармалы-грамматикалық) ағылшын тілімен айналысып жүрген 
көпшіліктің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмаған. Өмір қарқынының 
артуына қарай және сол кезде басталған жаһандану процесіне орай адамдарға 
дәстүрлі академиялық бағдарламалар бағытталған терең емес жүйелі тіл 
меңгеру емес, өз білімдерін жылдам практикалық тұрғыдан жүзеге асыру 
мүмкіндіктері қажет болды. Коммуникативті әдістің мәнін өте керемет етіп 
сипаттап берген Е.И. Пассов болды, ол коммуникативтілік пен оқу процесінің 
тілдік бағыттылығын байланыстырды, мұнда тек тілдік практикалық мақсат 
қана басты көзделетін мақсат емес, әрі осы мақсатқа жеткізер жолдың өзі осы 
тілді практикалық қолдану болады [116]. Бұл білімдер тек қана оқылып 
меңгерілетін тілдің лингвистикалық жағын ғана қамтып қана қоймай, әрі 
мәдени және ақпараттық-арнайы жағына да қатысты болады. Нақ осы 
коммуникативті процестер белгілі бір елдің тілі мен мәдениетін өзара 
байланыстырады. «Тілде халықтың идеалдары мен мәдени ұғым-түсініктері өз 
бейнесін табады, әрі бір мезгілде қалыптасады, ал тиісті тілдік бірліктер сол не 
өзге тілдің немес мәдениеттің иелеріне тән әлемді қабылдау ерекшеліктерін 
бейнелей отырып, осы мәдениет аспектілерін түсінуге қызмет етеді». Шетел 
тілінде 
қарым-қатынас 
жасай 
отырып, 
тілдік 
жүйе 
мен 
тілдік 
манифестациялардың өзара контактілі байланысы жүзеге асып қана қоймай, әрі 
түрлі ұлттық мәдениеттің өзара жақындасу, жанасуы орын алатын болады. 
Мына жайтты жақсы білу керек: тіл бұл – «қарым-қатынастың әмбебап шарасы, 
оны зерттеп оқу тек тілдік жүйенің шеңберінде шектеліп қалмауы тиіс. Тіл 
жеке тұлғалық, қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынас тәжірибесінің өмір 
сүру шарасы ретінде жүзеге асады. Тіл – бұл тек қана қарым-қатынас жасау 
шарасы ғана емес, әрі адамның коммуникация процесінде әлемді қабылдау мен 
тану шарасы да болады. Тіл әлеуметтік құбылыс ретінде коммуникативті, 
дамытушы, тәрбиелеуші және интегративті-тұлғалық компоненттерден тұрады» 
[117]. Әрі мұнда әңгіме тек қана оқып меңгеретін тілдің салт-дәстүрі, мәдениеті 
жайлы білім жайлы ғана емес, әрі тілдің когнитивті жағына да қатысты болады. 
Коммуникативті аспект осы білімдерді қолдану ниеті, интуитивті сезімді әрі 
пікір алмасуда толерантты мінез-құлыққа дайын болуды да білдіреді. Бұл шетел 
тілдерін меңгеріп игерудегі коммуникативті бағыттың құрамды бөлігі болады.
Бірақ, коммуникативті бағыт-көзқарас коммуникативті әдістерге табысты 


54 
оқытуға қажетті арнайы дара-психологиялық сапа-қасиеттердің болуын қажет 
етеді. Мысалы, толыққанды қарым-қатынас үшін келесілер аса қажет болады: 
жақсы естің болуы, жалпы коммуникабельділік, эмоционалдылық, қарым-
қатынастағы ашықтық, мінез-құлықтың спонтандылығы, интуитивті ойлау, 
сонымен қатар кейбір жеке-дара қасиеттер, жеке сипаттар болмаса да арнайы 
оқытуды қажет етеді, олар: қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттілігі, оны 
жаңарта алуы мен тереңдете алуы; қарым-қатынаста өзінің стратегиялық 
линиясын жүргізе алуы, өзге қарым-қатынас тұлғалары стратегиясына 
қарамастан олардың не айтатынын болжай білу қабілетінің болуы. Жеке 
тұлғаның бұл дара-типтік қасиеттері кем дегенде, коммуникативті әдіспен 
шетел тілдеріне оқытуда тікелей ықпал етеді. Осыдан қорытынды жасауға
болады: шетел тілдерін табысты меңгеруге тек қана әдістер мен технологиялар 
ғана ықпал етіп қана қоймайды, әрі жеке-дара психологиялық, 
психофизиологиялық және тіпті физиологиялық айырмашылықтар да оқытудың 
сол не өзге әдісін таңдаумен өзара шарттасады.
Қабілеттер теориясының негізін қалаушылар Б.М. Теплов пен 
С.Л. Рубинштейн қабілеттің табиғи нышандарына аса үлкен мән берді. 
С.Л. Рубинштейн индивидте тек қана алғышарттар емес, органикалық өсудің 
ішкі жағдайлары да болуы керек деп мойындады [118].
Ал шетел тілдерін оқып меңгеруде тікелей табиғи алғышарттар болып 
келесілер табылатындығы сөзсіз: олар әрине жақсы ес (бұл арада түрлі естің 
түрлері сөз болады, көру есі мен есту есі; қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік; 
механикалық, логикалық, ассоциативті, эмоционалдық және т.б.); жақсы 
фонематикалық дифференциалды сезімталдық, яғни сөйлеу дыбыстары мен 
оның реңктерін табысты түрде ажырата алушылық және оларды айтылым
процесінде имитациялау; әрі сөздік-логикалық ойлауға ие болу. Бұл жағдайда 
адам тілді индуктивті меңгереді, яғни жекеден жалпыға ауысады. Қандай да бір 
ережені нақты мысалда түсіне отырып, адам бұл жеке жағдайды логикалық 
тұрғыда ауыстырады, әрі осы кезде ол өзінің түсіну мен айтылым 
мүмкіндіктерін кеңейтеді. Әрі сонымен қатар «сезіну» немесе «тілді сезіну» 
деген аспект де бар. Осы факторларды қарастырып көрейік.
Ес: ес – бұл түйсік, қабылдау мен ойлау нәтижелерін және бейне 
елестерді есте қалдыру, сақтау мен қайта жаңғырту механимздерін қамтитын 
интегративті психикалық процесс. Біздің есіміз тек қана есте сақтаумен 
шектеліп қана қоймайды, едәуір дәрежеде қажетті материалды саналы түрде 
қайта жаңғыртуда да шектеулі болып келеді. Естің физиологиялық механизмі 
болып нейрондардың жаңа құрылымдық ұйымдасуы мен олардың арасында 
жаңа байланыстардың орнауына орай жүйке байланыстарының құрылуы, 
қозуы, тежелуі және бекуі табылады. Бұл процеске есте сақтау, қайта жаңғырту, 
ұмыту мен есте қалдыру кіреді. Сезім мүшелерімен байланысты бірнеше ес 
түрлері болады, олар: көру, есту, моторлы, генетикалық, ассоциативті және т.б. 
Естің бұл түрлерінің барлығы адамда болады, бірақ бірдей дамымаған және бір 
түрінің өзгесінен басым болып келуіне орай есте қалдырудың көлемі, 
жылдамдығы, дәлдігі мен беріктігі тәуелді болады. Міне осыдан естің даралық 


55 
айырмашылықтары болатындығын байқаймыз. Қандай да бір естің түрі шетел 
тілін табысты меңгертуге алғышарт болады деп айтуға болмайды. Тек қана 
жеке индивидтің бойында естің бір түрі басым болуы ол басқаша жағдай. Егер 
де көру есі басым дамыған болса, онда оқып меңгеруші адам сақталатын 
ақпаратты жазылған мәтін, сөздер мен әріптер түрінде көріп қабылдағаны 
дұрыс. Бұл жағдайда қабылдаудың сирек кездесетін ерекше проблемасы 
«дислексия» жайлы да ұмытпаған жөн. «Дислексия» - бұл жоғары психикалық 
процестердің қалыптаспауы (бұзылуы) және тұрақты түрдегі қайталанатын 
қателіктермен байқалатын оқу процесінің арнайы кемістігі, бұзылысы болады» 
[119]. Дислексия психикалық ауру емес, әрі адамның ақыл-ой қабілеттерін де 
бейнелемейді. Сонымен қатар дислексия көру есінің бұзылысы да емес, тек ол 
жазылғанды қабылдаудың қиындығы болады. Дислексияның себептері 
нейробиология саласында жатыр. Мұндай жағдайларда жазылған мәтінді 
сөзбен жеткізуге де әбден болады, себебі жақсы есі жетілген адамдар көп, ал 
көптеген оқушылар материалды кітаптан оқымай-ақ есте жақсы сақтайды. Есту 
есі әрі дифференциациялы, денелік есту деген де бар соның көмегімен біздер 
айнала әлемдегі түрлі дыбыстарды естіп, музыкалық және сөздік дыбыстарды 
ажырататын боламыз. Көру мен есту есінің айқын байқалуы бас миының түрлі 
жарты шарларының белсенділігін білдіреді. Мысалы, есту есі жақсы дамыған 
адамдарда сол жақ жарты шарлары басым, үстем болып келеді, ал жақсы 
дамыған көру есі оң жақ жарты шарының дамуымен шарттасады. Сонымен 
қатар сөйлеудің туындауы мен оны түсінуге сол жақ жарты шарда орналасқан 
аумақтар орналасқан (Брок пен Вернике аумақтары). Осылайша сол жақ жарты 
шар біздің өзімізді сөйлеу қабілетіміз арқылы білдіруді басқарады. Ол нақты 
логикалық тапсырмалар орындай алады және математикалық есептеулер 
дағдыларын меңгеруге қабілетті келеді. Әрі нақ осы сол жақ бөлікте Хешлдің 
(ГЕШЛЬДІҢ) қатпары деп аталатын мидың облысы бір бөлігі орналасқан және 
ол бөлік дыбыстың өңделуі мен дифференциациясы үшін жауап береді (ал 
жақсы фонетикалық және фонематикалық дифференциалды сезімталдық шетел 
тілдерін оқып меңгеруге қабілетті табысты дамытуға көмектесетін 
факторлардың бірі болады). Лондонның Университеттік колледжінің докторы 
Нарли Голестани жүргізген зерттеу есту дифференциалды сезімталдығы 
жоғары дамыған адамдарда Хешлдың қатпарларында ақ заттың көп 
болатындығын (Golestani Narly, Molko Nicolas, Dehaene Stanislas, LeBihan Denis, 
Christophe Pallier) көрсетті. Нақ осы ақ зат сөйлеу дыбыстырын тану мен оның 
жылдамдығы үшін жауап береді. Дегенмен, Голестани мынаны ескертеді, яғни 
жүргізілген зерттеу шеңберінде негізгі басты назар адамның шетел тілдерінің 
айтылуын қабылдау қабілеттілігін анықтауға арналғандығын айтып өтеді. Әрі 
қандай да бір саланың не аумақтың көлемі үнемі оның функциясымен 
корреляциялана бермейді. Әрі ақырында сөздік пікірдің мағынасы, мәні тек 
қана сөзде емес, тілдің тілдік бірліктерінде де орын алған, бұл әрине өте 
әділетті жағдай, себебі жазбаша тілді қабылдауда оның интонациясы, 
эмоционалды бояуы, тағы басқа лингвистикалық емес компоненттері 
болмайды. Ал сөйлеуді қабылдауда, естуде оң жақ жарты шар үлкен рөл 


56 
атқарады, себебі ол ақпаратты бірмезгілде өңдейді, заттың біршама қатысты 
сипаттарын синтетикалық және өте жақсы қабылдайды. Оң жақ жарты шардың 
сөйлеумен байланысты ақпараттарды өңдеуге қатысуы афазияны зерттеуге 
байланысты жайларда дәлелденген, «афазия бұл бас миының локалды 
бұзылыстарымен шарттасатын сөйлеудің толық немесе сирек түрде жоғалуы 
болады» [119, с. 88]. Билингтерде оң жақ жарты шардың зақымдалуы кезінде 
афазия жағдайларының жиілігі монолингтерге қарағанда аса жоғары болады 
екен.
Сол жақ жарты шар ақпаратты кезектестікте және аналитикалық тұрғыда 
өңдейді, сөйлеудің туындауында сөз-логикалық ойлаумен сипатталады, оң 
жақпен салыстырғанда оң жаққа көрнекі-бейнелік ойлау тән болып келеді.
Тағы бір сөйлеуді адекватты қабылдауға тікелей ықпал ететін фактор 
жоғарыда аталған сезіну немесе тілді сезіну болады. Дегенмен көптеген 
зерттеушілер тілдік сезінуді сөйлеудің пайда болуы мен қабылдаудың 
интуитивті компоненті деп сипаттайды, әрі ол пікір айтудың дұрыстығын 
тексеру мен оны бағалауға жауап береді. Соңғы кезеңде «тілдік құзіреттілік» 
деген термин ғылымда кең тарады, кейде оны тілдің сезімі деп те қолданады, 
себебі тілдік құзіреттілік тілді арнаулы білімдерге қатыссыз қолдануды 
білдіреді. Бірақ кез-келген құзіреттілік практикалық білімдер мен шеберліктер, 
тәжірибе негізінде табысты әрекет етуге қабілеттілік дегенді білдіреді, ал тілдік 
сезім көбінесе «интуиция» түсінігіне ұқсас болады.
Бұл көзқарасты үш жағдайда: тілді сезінудің болуы, объективті, әрі аса 
қажетті деп Е.Д. Божович ұстанды. Ол біріншіден: саналанбаған білімдер мен 
дағдылар қолданылатын ситуациялар; екіншіден: тілдік сезім білім болмай, 
сезім болып қолданылады; үшіншіден тіл иесіне сезімге қарай әрекет етпеуі 
болады [111, с. 98]. 
Осылайша, зерттеулер мынаны көрсетеді, шетел тіліне оқыту, үйрету тек 
қана жас ерекшеліктерін ескере отырып қана емес, оның меңгерілуінің жалпы 
заңдылығына қарай да және тілдік қабілеттердің даралық ерекшеліктері 
негізінде жүзеге асуы тиіс.
Тілдік қабілеттер саласы мен тілдерді оқуға қабілеттерді зерттеу бойынша 
психологтар мен лингвистердің жұмыстарын талдай келіп, атап айтқанда келесі 
ғалымдар еңбектері Б.В. Беляев, И.А. Зимняя, Н. Хомский, Ф.Де. Соссюр, 
А.А. Леонтьев, Н.И. Жинкин, Л.В. Щерба, Е.И. Пассов, Л.С. Выготский, 
Э.А. Голубева, В.А. Артёмов, Е.Д. Божович, М.К. Кабардов, В.П. Белянин және 
т.б., шетел тілдеріне үйретіп оқытуда келесі үш факторды ескеру міндетті деп 
қорытынды жасауға болады: 
1) табиғи алғышарттар (нышандар): жүйке жүйесінің типтік қасиеттері; 
мидың жарты шарлар өзара әрекетінің сипаты; I (тікелей) мен II-ші (жанама) 
сигналдық жүйелердің қатыстылығы; ес түрлерінің басымдылық ерекшеліктері; 
2) сол не өзге табиғи нышандарға тәуелді болып келетін шетел тілін 
меңгеру типі; 
3) шетел тілін оқыту әдістемесінің шетел тілін меңгеру типіне 
тәуелділігі. 


57 
Шетел тіліне оқытуда тілдік қабілеттер типтерін зерттеу контексіне 
байланысты жұмыстардың бірі психолог М.К. Кабардовтың базалық 
жұмыстарының бірі болып табылады, [103, с. 66] онда ол шетел тілін 
меңгерудің екі шеткі типтерін ерекше бөледі – «коммуникативті-тілдік» және
«когнитивті-лингвистикалық», ал үшіншісі өзіне бірінші және екіншінің 
параметрлерін қосып алатын «аралас» типтер. «Коммуникативті-тілдік» типте 
жеке тұлғаның «адамдар арасында қарым-қатынас процесінде немесе бірлескен 
іс-әрекетті орындауда (коммуникативті, ұйымдастырушылық, педагогикалық 
және т.б.) тиімді өзараәрекет пен адекватты өзара түсінісуді» қамтамасыз ететін 
жеке тұлғаның даралық-психологиялық ерекшеліктерінің қатыстылығын 
айтады. «Когнитивті - лингвистикалық» типте «индивид ақпаратты жинақтап, 
жүйелеп, тілдік құбылыстардың заңдылықтарын аналитикалық талдай алуға 
үлкен қабілетті болып келеді». Қабілеттің осы түрлерінің өкілдері бірқатар 
көрсеткіштер арқылы ажыратылады: 
1. Табиғи алғышарттардың байқалуы тұрғысынан: коммуникативті-
тілдік типтегілер бас миының аса басым түрде үстемдік етуімен, әрі жүйке 
жүйесінің арнайы қасиеттері көрінуімен -лабильділік, әлсіздік (реактивтілік)
1-ші сигналдық жүйенің басым болып келуімен сипатталады; когнитивті- 
лингвистикалық типтегілер сипаттары: бас миының сол жақ жарты шары 
басым, 2-ші сигналдық жүйенің үстемдігі, жүйке жүйесі қасиеттері-инертті, әрі 
күшті болуы тән болады. 
2. Танымдық аумақ саласында бұл екі типтегілер келесі көрсеткіштерді 
көрсетеді: коммуникативті-тілдік типке жоғары есту есі тән, бірақ ақпаартты 
қабылдаулары тұтас синтетикалық болады, ал когнитивті- лингвистикалық 
типтегілер жазбаша сөйлеуді қабылдауға бейім келеді, әрі графикалық 
бейнелерге қатысты көру естері аса жетілген болады, ақпаратты қабылдаулары 
аналитикалық болады; 
3. Жеке тұлғалық сипаттамалар тұрғысында бұл екі тип аса мәнді 
айырмашылықтарға ие: коммуникативті-тілдік типтегілер үшін эмоционалды 
тұрақсыздық, 
қозғыштық, 
шыдамсыздық, 
аса 
сезгіштік 
(интуиция), 
әлеуметшілдік тәні болады, әрі осыған орай жоғары коммуникативтілік, топтық 
пікірге бағыттылық, адамдарға зейінділік те тән болады. Когнитивті-
лингвистикалыық тип өкілдеріне жеке тұлғалық жоспарда келесі қасиеттерді 
таңады: терең ойлағыштық, аса сақтық абайлағыштық, әрекетті орындауда 
мұқияттылық, 
байланыста 
формальдылық, 
ұжымдық 
іс-шаралардан 
қашқақтаушылық, рационализм, мықты логика. Бұл сипаттамаларды талдай 
келе, көптеген критерийлер бойынша шетел тілдерін меңгерудің бұл екі типтері 
де бір-бірінен едәуір айрамшылықта екендігін көруге болады. Әрине шетел 
тілдеріне оқытудың әдістемелері бір-бірінен аса қатты ажыратылады, ол 
М.К. Кабардов 
анықтаған 
индивидтің 
қабілеттер 
классификациясына 
байланысты. Себебі, шетел тілін игеруде әрбір адам не оқып-үйренуші өзінің 
жеке стратегиясы мен тактикасын қолданады, егер әдістеме қате таңдалса 
қарсылық таныту тудырып, ал дұрыс таңдалса оқып үйренушілерге аса 
комфортты, яғни жайлы болады.


58 
Осылайша, М.К. Кабардов, Е.В. Арцишевская, Э.А. Голубева, 
С.А. Изюмова, М.А. Матова, М.С. Малешина, Н.Я. Большунова және т.б. 
зерттеулеріне негізделе сүйене отырып, келесі қорытынды жасауға болады: 
дәстүрлі оқыту жағдайында грамматикалық-аударма әдісін қолдана отырып, 
оның еріктілігі мен аналитикалылығымен берілген әдістеме «когнитивті-
лингвистикалық» типтегі шетел тілін меңгерушілерге өте тиімді, әрі өнімді 
болып келеді; коммуникативті әдіс «коммуникативті-тілдік» тип өкілдері үшін 
аса тиімді, оң жақ жарты шарының үстемдігімен, тілдік материалдың ерікті 
еместігі мен синтетикалылығымен ерекшеленеді. Ал аралас типтегілерге тілді 
меңгеру үшін әдістеме таңдау аса маңызды емес болады.
М.К. Кабардов өзінің еңбегін И.П. Павловтың жоғары жүйке іс-әрекеті 
жайлы тұжырымға сүйене отырып, тілдік қабілеттердің типологиясын жасады. 
Адам бейнелерге ғана сүйеніп қоймай, мағыналық (семантикалық) ақпаратқа ие 
мазмұнды бейнелер және сол бейнелерге байланысты ой-пікірлерге де сүйенеді. 
Сөздердің көмегімен бірінші сигналдық жүйенің сезімдік бейнесінен түсінікке, 
ұғымға екінші сигналдық жүйені ұсынуға көшу жүзеге асады. Сөздермен 
бейнеленетін абстрактілі түсінік, ұғымдарға сүйену қабілеттілігі ойлау іс-
әрекетінің негізі қызметін атқарады. Осылайша, сигналдық жүйелердің өзара 
қатыстылығы мәселесі ойлаудың құралы ретіндегі шындықты бейнелеудің 
процесінде көріну дәрежесіне қарай бейненің, не сөздің бейнесі болады. 
Сонымен қатар сигналдық жүйелердің реттеушілік аспектісі жайлы 
И.П. Павлов айта кетіп, әрі адамның екінші сигналдық жүйе арқылы 
шындықтың иесі болатындығын айтты, яғни сөз мінез-құлық шарасы 
болатындығын білдірді [120].
Берілген жұмыста біздер М.К. Кабардовтың классикалық үлгіге айналған 
И.П. Павлов бойынша жоғары жүйке әрекетінің типтеріне қатыстылығы мен 
шетел тілдерін меңгеруге деген қабілеттер типтерін зерттеу теориясын тағы да 
дәлелдегіміз келді. Біздерді осы теорияның тар, тек қолданбалы аспектісі 
қызықтырды. Шетел тілін оның ішінде ағылшын тілін орыс тіліне аударуда
қабылдау мен оны түсіну қалай жүреді? Неліктен шамамен бірдей шетел 
тілінен білім деңгейі бірдей, бір жыныс өкілі және бірдей жастағы адамдар 
неліктен бірдей тілдік конструкцияларды түрліше аударады? Шетел тілін, сөз 
тіркесін тіпті кішкене мәтінін дәл не дәл емес, толық не жартылай қабылдау не 
нәрсеге байланысты болады? Екі түрлі типтің өкілдері яғни «суретші-
коммуникативтер» мен «ойшылдар-лингвистер» шетел тілінен таныс емес 
сөздер, сөз тіркестерін аударуда тактикалық тәсілдерді қолданады ма деген
сұрақ туындайды. Басқаша айтқанда, «суретші-коммуникативтер» таныс емес 
тілдік конструкцияларды аударуда бейнелер, эмоциялар мен интуицияны 
басшылыққа алып негізделеді ме, немесе «ойшыл – лингвистер» логикалық 
заңдылықтарды анықтап, талдай ма? Бір және сол іс-әрекет түрін орындағанда 
қайсысы табыстырақ болады және араларында сапалық және сандық 
айырмашылықтар бақыланады ма? 
Педагогикалық 
мамандарды 
даярлау 
мәселесі 
Қазақстан 
Республикасының 2016-2019 жж. арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік 


59 
бағдарламасында ерекше орын алады. Педагог мамандығының беделін арттыру 
және оның сапалы құрамының болуы мәселесі ол бағдарламаның негізгі 
міндеттерінің бірі. Әлемнің жылдам өзгермелі жағдайы тұсында, білім берудің 
қарыштап ақпараттануы мен бұқаралық жаһандануы жағдайында және білімнің 
әлемдік білім кеңістігіне интеграциялануы кезінде мемлекет пен заманауи 
қоғамның мұғалім жеке тұлғасына тың талаптар қоюының өзі алшаңдап кең 
дамуда. Оның ішінде болашақ ағылшын, шетел тілдері мұғалімдерінің кәсіби 
дайындығына аса ерекше зейін қойылуда. Бұл қазіргі таңдағы осы шетел тілі 
оның ішінде ағылшын тіліне деген қызығушылық пен оның әлем тілдері 
ретіндегі статусы жоғары болуымен түсіндіріледі. Үштілділік мәселесі де осы 
аталған жағдайды өзекті ете түсті. Осы атағанның барлығы мұғалімдердің 
ағылшын тілін меңгеруінің кәсіби даярлығын жетілдіру жағын меңзейді.
Педагогтарды кәсіби даярлау ісі педагогикалық жоғары оқу орындарында 
жүзеге асырылады. Оның нәтижесі болып оқып-білім алушылардың кәсіби 
даярлығы-болашақ педагогтардың кәсіби іс-әрекетке даярлығы болмақ. 
Педагогтардың кәсіби даярлығы белгілі бір құзіреттердің деңгейімен 
(жалпымәдени, кәсіби және пәндік), анықталады, әрі олар әрбір мамандық 
бойынша кәсіби стандарттар негізінде жұмыс берушілер мен қоғамның 
әлеуметтік сұранысын ескере отырып құрылады. Бүгінгі күні шындығына 
келгенде педагогтардың жоғары оқудағы дайындығының бағыттылығы оқып-
білім алушылардың теориялық білімдерін қалыптастыруға бағытталған, бірақ 
бұл кәсіби дағдыларды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болады. Теориялық 
дайындықты дамытумен қатар практикалық құрамдас жағын қатар дамытуды 
ескерген жөн. Тәжірибе кезінде оқып білім алушылардың кәсіби іс-әрекет 
негіздерін меңгеру мотивациялары қалыптасады, алған теориялық білімдерін 
көрсетуге дайын болулары байқалатын болады. Әрі педагогикалық жоғары оқу 
орындары, өзге де білім мекемелері, жекелеп алғанда мектептермен және 
болашақ мұғалімдерді даярлаудың білім бағдарламаларын жасауда пайдалы 
идеяларды жинақтауға мүмкіндік беретін еңбек нарығы мен қоғамның 
өкілдерімен диалог және тығыз серіктес қатынастар орнатқан өте маңызды. 
Педагогикада «кәсіби дайындық» оқып-білім алушылардың бүкіл оқу 
процесі барысында өмірлік іс-әрекеттерін жан-жақты, мақсатқа сай бағыттай 
отырып, оның кәсіби дайындығын бағдарламалық қамтамасыз ету- бүгінгі 
таңда бұл уақыт пен кеңістікте орын алатын, белгілі бір деңгейде кәсіби және 
жеке тұлғалық құзіреттіліктер меңгеруді қажет ететін жеке адамның кәсіби 
тұрғыдан өзіндік анықталу және өзіндік дамыту процесі. Педагогтардың кәсіби 
дайындығы деп, В.В. Лаптев және С.Т. Шацкийлер біліктілік сипаттамасының 
талаптары көрсеткен базалық және арнайы құзіреттіліктердің жиынтығы және 
мектепте ағылшын тіліне оқытудың мақсаты мен міндеттерін білу және тиісті 
сабақ беру әдістемесін меңгеруді айтты [121, 122]. «Кәсіби даярлаудың 
мақсаты, оның нәтижесі әрбір адамның белгілі мамандық иесі бола отырып, 3 
аспектімен (мазмұндық, жеке тұлғалық, процессуалды) кездесуін көрсетеді.


60 
Кәсіби құзіреттіліктердің маңызды құрамдастарының бірі ретінде 
А.К. Маркова жаңа білімдер мен шеберліктерге ие болып, оларды практикалық 
іс-әрекетте қолдана алу қабілеттілігіне кең тоқталады [83, с. 66]. 
Шетел тілдері педагогтарының кәсіби құзіреттілігі жай ғана 
тыңдаушыларға беретін білімдер, шеберлік және дағдылардың жиынтығы ғана 
емес. Педагог ғылыми элита ұсынатын барлық жаңаны өзінен өткізуші болуы 
тиіс. Кәсіби құзіреттілік шындық дүние, әрі ол нақты жеке адамға тән және 
оның тырысып талпынуына тәуелді болады, бұл оның жекелік сипаттамасы, 
оның білімдері, дағдылары мен икемді ойлауларының жиынтығы. Неғұрлым 
педагог кәсіби болса, жоғары білімнің отандық, жалпыеуропалық және әлемдік 
кеңістігіне академиялық мобильді жеке тұлға болып қалыптасуы тәуелді болып 
келеді, біздердің маманның бәсекеге қабілеттілігі, оның әлемдік қауымдастыққа 
интеграциялануы да тәуелді болып келеді.
Қазіргі таңда жоғары білім құрамдастарының бірі ретіндегі лингвобілім 
саласында өте бір ерекше жағдай орын алып отыр, білім менеджерлері есебінше 
біздің студенттеріміз-лингвистерден өзгелері шетел тілдерімен өте көп еш 
негізсіз айналысуда. 
Филолог-мамандар өз кезектерінде лингвобілім саласында білім беру 
үлгісінің айрықша ерекшеліктерінің бірі болып өздерінің кәсіби іс-
әрекеттерінде кәсіби тұрғыда шетел тілін қолдана алатын лингвистер емес 
мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс деп есептейді.
Қазіргі таңда барлық жоғары оқу орындары студенттерді шетелдік 
бағыттар мен технологиялармен таныстыратын ең үздік профессорлар мен 
педагогтарды тартып шақыруға жағдайлар жасауда, әрі бұл Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің де талаптарының бірі болып 
отыр. Лингвобілім саласы үшін бұл дер кезінде жасалған шешім, себебі шетел 
тілдеріне оқытуда бірден бір негізгі мәселелердің бірі табиғи тілдік ортаның 
жоқтығы және соған орай жасанды орта жасау қалыпты деп есептелмейді. 
Билингвиалды негізде оқуды тарату ақпараттық аштықты азайтуға көмек 
береді.
Билингвиалды білім беру жетекші мамандар пікірлерінше, оқып білім 
алушылардың ана және шетел тілдері шаралары көмегімен әлемдік мәдениет 
үлгілері мен құндылықтарын меңгеру болады, әрі бұл арада шетел тілі түрлі 
елдер мен халықтардың әлеуметтік және мәдени-тарихи тәжірибелерін меңгеру 
болады. Әлемдік мәдениетке тарту процесі ретінде билингвиалды білім беру 
өзіне полимәдени тәрбие мен билингвиалды оқытуды қосып алады. XXI 
ғасырдың басында екітілдік, қостілділік білім беру мәселесі аса бір болашағы 
зор деп қарастырылды. Билингвиалды негізде білім беріп оқыту оқып-білім 
алушыларға түрлі пәндік саладан жеке-дара қажеттіліктері мен сұраныстарына 
қарай кеңтарапты ақпарат алуын қамтамасыз етеді, үздіксіз білім берудің кең 
мүмкіндіктері өз кезегінде педагогтарға жалпыеуропалық және мамандардың 
әлемдік нарығында бәсекелестікке түсуге қосымша жол ашып, стимулдық күш 
береді. Сонымен қатар билингвиалды негізде оқыту жалпы тілдік дамуды 
жетілдіре отырып, арнайы пәндік мақсатта шетел тілдерін меңгеруге, пәндік 


61 
даярлықтарын жетілдіруге және де шетел тілдерін оқуға деген 
мотивацияларының артуына барынша септігін тигізеді.
Билингвиалды негізде оқыту үшін білімді байытатын бағдарламалардың 
болуы аса маңызды, нақ сол бағдарламалар жалпы дүниетанымды елеулі түрде 
кеңейтеді, шетел тілдерін меңгеру, мәдениеттің жаңа қырларын меңгеру 
шаралары және өзге де әлеуметтік тарихи үлгілердің ықпалдастығы есебінен 
интеллектуалды дамуға сепші болады. 
Білім беру мекемелері алдында туған тіл мен шетел тілдерінің 
өзараәрекеттестігі деген қиын сұрақ туындайды, әрі бұл сұрақ өмірдің өзі 
арқылы бүгінгі таңда талап етіліп сұраныста болып отырған жайы да бар: 
Қазақстан азаматтары еуроазиаттық континентте толыққанды, әрі сол қоғамға 
лайықты азаматтар болуы тиіс, себебі елімізді айнала қоршаған алуан тілді 
көршілер көп. Сондықтан да билингвиалды негізде оқыту мәселесі аса маңызды 
болып отыр, шығатын жол біреу ғана: технологиялар мен мазмұн бойынша 
интеграциялау. 
Шетел тілдерін гуманитарлы цикл пәндері қатарынан студенттердің 
танымы мен дамуы құралына айналдыру және осы аспапты тілдік емес цикл 
пәндеріне енгізу шетел тілдері педагогтары үшін маңызды мәселе болып отыр. 
Осы берілген контексте интеграциялау әрекеті студенттердің тілдік және 
коммуникативті құзіреттерін қалыптастырады, жеке тұлғаны сауатты және 
әлеуметтік адекватты етеді.
Тілге деген қарым-қатынас өзгереді. Бұл педагогтар мен білім 
алушыларды сабақтар бойынша серіктестерге айналдырады, олар туған және 
шетел тілдерін өздерінің жекелік, оқу, әлеуметтік қажеттіліктерін 
қанағаттандыру және баяндау үшін қолданатын болады. Педагогтардың кәсібіи 
құзіреттіліктері мен шеберліктері артатын болады. Мазмұнға қатысты жоғары 
интеграция педагогтардың жеке тұлғасы сомдалып, беделі артатын болады, әрі 
сонымен қатар студенттің оқу үлгерімінің көрсеткіштері, оның оқу және 
қосымша білім алуының нәтижелілігі де жоғарылайтын болады.
Тілдік емес мамандықтар, білім бағдарламалары бойынша оқытуда 
коммуникативті әдістемелер маңызды, студенттерді оқыту мен білімдерін 
тексеруде компьютерлік бағдарламалар, оқытудың алуан түрлі техникалық 
шараларын (ең алдымен фильмдер, клиптер) қолданған да аса құнды және 
шетел тілдері педагогтардыың кәсіби құзіретті болуы да ең бір керекті 
шарттардың бірі. Билингвиалды білім беру бағдарламасын жүзеге асыру 
процесінде ашық оқыту технологиялары қолданылады, олар студенттердің 
білім алуы процесінде дербестіктері мен шығармашылықтары дамуына кең жол 
ашады. Оқыту бағдарламаларын меңгерудің сатыларына жоғарылаған сайын 
аталмыш бағдарламалар аса императивті бола түсуі тиіс, яғни педагогтар мен 
студенттер үшін гид рөлін орындауы тиіс. Білім беру тәжірибесіне 
билингвиалды оқытуды ендіру осы бағдарламаны түзейтін әрі жүзеге асыратын 
педагогтар тарапынан олардың аса құзіретті болуларын талап етеді, яғни жеке-
дара және командалық оқыту режимінде де (teamteaching).


62 
Лингвобілім беру саласында тағы бір туындайтын өзекті мәселенің бірі 
электронды оқыту әдістерін қолдана алатын мамандардың аса жетіспеушілігі 
мәселесі өзекті болып қалып отыр. Бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша 
электронды оқытуды дамытуды қамтамасыз ететін заңдар мен мемлекеттік 
бағдараламалар қабылдануда. Франция елі біршама уақыт бойына ақпараттық 
технологияларды қолдануда артта қалып келген болатын, бүгінгі күні ол ел 
экономикалық даму қарқыны жағынан Еуропада бірінші орынды алып отыр. 
Кейбір елдер заңды үш кезеңдік қабылдау жолын өткеріп отыр: электрондық 
білім беру заңы, білім берудегі ақпараттық технологиялардың индустриясы 
заңы, білімнің индустриясы заңы. e-Leaming алаңында Ресейдің жағдайы жақсы 
болып отыр.
e-Learning технологиялары білімнің объектісінен субъектісіне айналатын 
оқып-білім алушылардың рөлдерінің өзгеруіне сепші болады. Жаңа 
технологиялар оқыту процесін ғана трансформациялап қоймай, оқып білім 
алушыны да қалыптастырады. Дәстүрлі оқыту жүйесінде ақпарат пен білімдер 
жоғарыдан төмен қарай беріледі. Заманауи оқыту технологиялары
студенттердің оқытушыдан тек қана дайын түріндегі білімін алып қана қоймай, 
өзі сол білімді алуға іздену мен зерттеуге қатысатындығын білдіреді, осылайша 
бар жинақталған білімді беру ғана емес, жаңа білімді құру процесі де жүзеге 
асады. Міне осындай білім беру ортасы студенттердің шығармашылық 
әлеуеттерін ынталандырады.
Бір мезгілде оқып білім алушының рөлімен қатар оқытушының да рөлі 
өзгереді, білімді тасымалдаушыдан ол оқу процесінің менеджеріне айналады. 
Осыған орай педагогтардың заманауи технологияларын меңгеріп, білім беруде 
озық әдістемелерді қолдану мәселесі орын алып, ерекше өзектілікке айналады.
Педагогтың кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бұл – оның білімінің 
тереңдеуі, кәсіби мамандануының кеңеюі, білім беру сұраныстары мен 
педагогтардың білім беру саласында қажеттіліктері мен өзгеруіне негізделген 
өзінің білімін өзі көтеруге бағдарланған психологиялық жағдай десе болады.
«Айналамыздағы әлем қалай тез өзгеретін болса, еліміз бен қоғамымыз да 
солай жылдам өзгеруге тиіс» - деп Н.Ә. Назарбаев айтқандай Қазақстан 
Республикасында білім беру процесіне енген жаңартылған білім беру 
бағдарламасы - заманауи ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың 
бағдарлама. Елімізде білім берудің мазмұны жаңарып, оқу-тәрбие процесіне 
жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында 
оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және озық технологияларды 
меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті кезек күттірмей тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының 
жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-
тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап 
етеді 
[123]. 
Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру 
мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді 
керек етеді. Осы мақсатты көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа 
технологияларды меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді. 


63 
Педагогикалық технология - педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы 
және жоспарланған нәтижеге жеткізетін іс-әрекеттер көзі болып отыр. 
Заманауи педагог қызметкерлерінің негізгі мақсаты - білім алушылардың 
білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына 
мүмкіндік беру. Жалпы педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің 
міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа 
технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып 
орын алады. 
«Мұғалім – өз білімін үздіксіз жетілдіріп, іздену үстінде болғанда ғана 
мұғалім, ал ізденуді тоқтатқан күні оның мұғалімдігі тоқтайды»-деп ұлы 
педагог К.Д. Ушинский айтқандай, білім алу мен білімді болу қоғам дамуына 
ықпалы зор факторлар. Нағыз педагог өмір бойы оқиды, үйренеді. Әлемдегі 
жаһандық өзгерістерге бірінші болып ілесетін, жаңашылдықтың жаршысы – 
болатұғын да осы педагог 
[124].
Білім негізінен пән арқылы берілетіндіктен, әрбір оқу пәндерін заман 
талабына сай өз деңгейінде игерту, қай кезде болмасын, ең маңызды мәселе 
болып келгені даусыз. Технология мен әдістеменің мақсаты бір, ортақ – яғни, 
«қалай оқыту мәселелерін қарастырады».
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» 
деп Ж. Аймауытов айтқандай, бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа 
технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар 
студенттің жеке қасиеттерін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар 
студенттің танымдық күшін дамыту және білімін кеңейтуге, тереңдетуге 
жағдай жасайды 
[125].
Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа 
педагогикалық технологиялар студенттің жеке тұлғалық сенім-күшін арттырып, 
шығармашылық ойларының дамуында басты рөл атқарады. 
Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік, кәсіптік, 
адамгершілік, рухани, азаматттық және де басқа да көптеген адами келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие процесін 
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. «Өз еңбегін талдай білген адам ғана 
тәжірибелі ұстаз бола алады» деген В.С. Сухомлинскийдің сөзін оқытушының 
талмай ізденген еңбегінің нәтижесінен болатындығының айғағы деп білу керек. 
Қазіргі кезде білім мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және 
терең білім беруге барынша барлық жағдайды жасап отыр. Оқытушы 
баяндайды, әңгімелейді, түсіндіреді, ал студент тыңдайды, қабылдайды, 
ойлайды т.б, таным әрекеттерін жасайды, яғни тығыз кері байланыс жүйесі 
орын алуы тиіс.
Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің 
білім стандартына бәсеке бола алатын құзырлы маман даярлап шығаруды талап 
етуде, сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. 
Ендеше, елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі үштұғырлы тіл 
мәселесіне орай ағылшын тілінің даму аясы қанатын кеңге жайды. Әлемдік тіл 


64 
ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің, ұлттың 
бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түсуде.
Ағылшын тілін меңгеру - уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде «Ағылшын тілі 
–ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге 
шығаратын тіл» - деген еді. 
Осылайша, мұғалім немесе педагог, білім деңгейі жағынан кәсіби немесе 
орташа болса да, белгілі бір кәсіби деңгей мен жеке тұлғалық қасиеттерді 
меңгеруі тиіс. Ең бастысы, арнайы пәндер мұғалімдері, педагогтардыда жеке 
өзінің білімдері мен оқушыларының білім деңгейлерін жетілдіруге ынта-
ниеттері мен мақсатқа ұмтылғыштықтары болуы тиіс. Одан соң әрине педагог 
білім беру жүйесінде өзінің орнын сезіне білуі тиіс, білімі мен шеберліктерінің 
оқып-білім алушыларға ықпалының маңыздылығын түсіне білгені аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет