Әдістемелік жүйе дегеніміз – белгілі бір әдістемелік тұжырымдамаға
сәйкес келетін, материалды, мақсатты, формаларды, мазмұнды және оқу
құралдарын таңдауды анықтайтын оқу процесінің жалпы үлгісі.
Әдістеме – 1) теориялық және практикалық қызметті ұйымдастыру және
құру принциптері мен әдістерінің жүйесі; 2) теориялық және практикалық
қызметті ұйымдастыру мен құрудағы әдістемелік (теориялық) қағидалар
жиынтығы; 3) ғылыми танымның «әдіснамалық принциптері» арқылы
жүйелілігін жүзеге асыратын, ғылыми тұжырымдамалардың негіздері мен
теориялық платформаларын әдіснамалық маңызды компоненттердің өзара
байланысында алдын-ала анықтайтын ғылыми таным мен әлеуметтік
практиканың жалпы принциптері мен әдістерінің жүйесі.
Парадигма – 1) теорияны түсіндіруде, эмпирикалық зерттеулерді
ұйымдастыруда және ғылыми зерттеулерді түсіндіруде біртұтастықты
болжайтын, ғылыми қызметтің тұрақты және жалпы негізді нормаларының,
теорияларының, әдістерінің, схемаларының жиынтығы; 2) танымдық іс-
әрекеттің негізгі принципі ретінде әрекет етеді, проблемалық ситуацияларды
шешудің әдістері мен стандарттарының қайнар көзі ретінде қызмет етеді, яғни
«мәселелерді шешудің жалпы қабылданған түрі» ретінде анықталады.
Тәсіл – оқыту стратегиясы, шетел тілін оқытудағы жалпы бағыт.
Прагматикалық субқұзіреттілік – шет тілдік ойлаудың көрінісі ретінде
тілдік тұлғаны, лингвистикалық нормаларды, этикетті, аударма тілі елінің
менталитетін, коммуникативті жоспарды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Бұл субқұзыреттілік кәсіби қарым-қатынас субъектісінің тұлғасында басқа
қоғам әлемінің шетелдік бейнесі туралы идеяны қалыптастырады.
Қағидалар – оқытудың мазмұны, ұйымдастырылуы, әдістері мен
тәсілдерінде жүзеге асырыла отырып, оқытудың стратегиясы мен тактикасын
анықтайтын бастапқы нүктелер.
Кәсіби-коммуникативті құзіреттілік – бұл кәсіби лингвистикалық,
прагматикалық, дискурсивті, стратегиялық, коммуникативті субқұзіреттердің
7
бірлігі болып табылатын кәсіби шет тілдік ортадағы кәсіби қарым-қатынас пен
өзін-өзі дамытуға дайындық ретінде көрінеді.