Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін



Pdf көрінісі
бет24/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
1.3 Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруде белсенді оқыту әдістері мен кәсіби ойындарды қолданудың 
тиімділік жағдайлары 
Нарықтық қатынастарға көшуге орай кез-келген білім мекемесінің 
бітіруші түлегі құндылықтарының маңызды көрсеткіштерінің негізгілері оның 
еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігі мен сол меңгеріп шыққан 
мамандығының өмірлік циклдары болады.
Сонымен қатар бітіру тұсында да оқыту процесі әлі аяқтала қоймайды. 
Бітіріп шыққан маман иесі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау мақсатында өзін-
өзі жетілдіріп білімін толықтырып отыруы міндетті және оқыту әдістемесі осы 
мақсаттарды жүзеге асыру талаптарына жауап беруі тиіс. Мақсаттардың 
классификациясы жалпылама түрде төменде көрсетілгендей түрде ұсынылуы 
мүмкін:
– сертификат (диплом, жеке куәлік) берілетін білім стандарты 
шеңберіндегі мамандыққа ие болу; 
– білім беру туралы заңға сәйкес оқу мекемесі статусы шеңберіндегі білім 
беру деңгейіне ие болу (бастауыш, орташа, жоғары);
– еңбек нарығында табысты түрде бәсекелестікке ие болу мақсатында 
өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін білім, дағды мен шеберліктерге ие болу. 
Осы соңғысы кейінгі кезеңдерде үлкен маңызға ие болып келеді. Осыған орай, 
оқыту әдістемесіне де жалпы көзқарас өзгеріп отыр. Егер де жоспарлы 
экономика барысы кезінде дәстүрлі (көбінесе репродуктивті ) оқу уақытының 
95%-н алса, ал дәстүрлі емес әдістер (мәселелік және т.б.) - 5%-ды алатын еді, 
яғни соңғылары экзотикалық сипат алушы еді (көп жағдайда тек қана ашық 
сабақтар көрсету кезінде қолданылатын), ал қазіргі таңда тәжірибелі эксперттер 
болжауларынша дәстүрлі емес әдістер сабақтың 60%-н, ал дәстүрлілер -
40%-ды құрулары тиіс. 
Бұл жағдайлар педагогтар алдына орасан мәселелерді тудыруда, олардың 
кейбірлерін атасақ: 
– біршама танымал және апробациядан өткен әдістердің тізімімен, 
олардың сипаттамаларымен және классификацияларымен танысу;


65 
– осындай әдістердің не нәрсеге арналғандығы жайлы сипаттамалармен 
және олардың тиімділіктері мен түрлі мақсаттар үшін қолданыс табулары 
жайлы мазмұнмен танысу; 
– оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерімен танысу. 
Сипатталатын стандартты емес оқыту әдістері танымал әдістердің ішінде 
қандай орын алатындығы жайлы білу үшін, түрлі авторлардың еңбектеріне 
терең шолу жасай келе, қалай жүйелегендіктерін саралауға әбден болады.
Ю.К. Бабанский [126] әдістерді үш түрлі ірі сипаттарға қарай жүйеледі: 
1) оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері;
2) оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3) түрлеріне қарай жіктейтін бақылау әдістері:
– ақпарат-мәліметті беру және қабылдау;
– сөздік әдістер;
– әңгіме; 
– түсіндіру;
– лекция, дәріс.
4) әңгімелесу және т.б. өзге авторлар мысалы (Жиделев М.А., 
Макиенко Н.И., Скакун В.А. және т.б.) нақты оқыту түріне қарай жіктеді: 
өндірістік оқыту әдістемесіне, арнайы пәндерді оқыту әдістемесіне қарай және 
т.б. М.И. Махмутов мәселелік дамытушы оқыту әдістерін жүйеледі, әрі 
реттелген түрін де көрсетті. Ол былайша аталды: 1) монологты; 2) көрсетпелі; 
3) диалогты; 4) эвристикалық; 5) алгоритмикалық; 6) зерттеушілік; 
7) бағдарламаланған. 
Көрсетілген жіктемелер өзге де бағыттарда қолданыс табулары әбден 
мүмкін, атап айтқанда: (эвристикалық өнімді, репродуктивті), оқыту түрін 
қарай (түсіндірмелі-иллюстративті, мәселелік - дамытушы) және т.б.;. өзге де 
бағыттарда: мысалы, логикалық (индуктивті, дедуктивті); мәселе, проблема 
призмасына қарай бөлумен байланысты ғылыми және оқу және т.б. болып 
бөлінуі мүмкін.
Бұлардың барлығын ұқсас сипаттарына қарай түрліше әдістерге 
орайластыру жағы біріктіреді. Өкінішке орай, олар он-жиырма жыл бұрынғы 
оқу түріне сәйкес, қазіргі оқыту жүйесінен алшақ болып келеді. Жәй ғана 
мысал. Жоспарлы экономика тұсында кәсіби білімі бар адам өзінің мамандығы 
бойынша барлық өмірінің ақырына дейін жұмыс істей алады деген кәміл 
сенімде, кепілдемеде болды. Нарықтық экономика тұсында бәсекелестік ерекше 
статусқа ие болып, орташа статистикалық көрсеткіштер адамның өмірде 
жұмыс, 
қызмет 
орнын 
өзгертіп, 
мамандықтарын 
10-12 
рет 
ауыстыратындықтарын көрсетіп отыр.
Ескі схема мен классификаторлар оқытудағы жаңа қажеттіліктерді 
қанағаттандыра ала ма? Әрине, жоқ. Сондықтан да, оның шешімі болып 
стандарты емес көзқарас, жаңа бағыттар жолын таңдау болып отыр.
Бұл бағыттардың айрықша сипаты болып табылатын нәрсе: бұрын 
«мамандыққа оқытатын, ал қазір «мамандыққа оқытуға оқыту» сәті туындап 
отыр, өмірдің әрбір бұралаң тұстарында адамға өзін қалай ұстау керектігін 


66 
үйретіп отыратын педагогтарды қойып қоя алмайсың, сондықтан да белсенді 
оқытудың әдістері көмекке келуі қажет.
Осылайша, белсенді оқу әдістерінің басты мақсаты: «мамандық бойынша 
білім алуға оқытып, үйрету» болып отыр.
Осы тұста оқытудың психологиялық негіздері өте маңызды өзектілікке ие 
болады. Н.В. Шумянкова өзінің «Модульное обучение при подготовке 
предпринимателей в США» деп аталған жұмысында шетелдік тәжірибеге 
сәйкес, оларға оқытудың белсенділігін жатыстыруға болады. («Материалды 
жақсы меңгеру үшін студент ол материалмен белсенді түрде жұмыс жасауы 
тиіс»), оқытушымен кері байланыста болуы тиіс («Тек қана кері байланыс 
орнату арқылы ғана оқып-білім алушы өзіне қажеттіні оқып жатыр ма, не қажет 
және ол осының барлығын дұрыс жасап жатыр ма деп осыларды бағалай алуы 
тиіс»), жағымды мотивация, көзқараста болуы да шарт («Жағымды көзқарас 
мотивацияны күшейтіп, белсенділікті ынталандырады (зейіннің)»), жүйелі 
және шоғырландырылған оқыту («Барлық зерттеушілер жүйелі түрдегі сабақтар 
сол көлемдегі бір реттік шоғырланған оқытуға қарағанда өте-мөте пайдалырақ 
деген пікірді қостайды»), бірнеше кезеңдерге бөліп оқыту («Оқыту ісі кезектес 
жүйелі болуы тиіс: қарапайымнан күрделіге қарай логикалық байланыста»), 
оқыту мақсатын білу («Оқыту ісі тиімді болады егер де студенттер оларға 
қойылатын талаптарды білетін болса ғана») және оқыту қарқынын таңдау 
(«Курсты меңгеру шеңберінде оқу процесінің даралануы дегеніміз студенттің 
өзінің қабілеттері мен базалық білім деңгейлеріне қарай курсты оқып-игеру 
қарқынын таңдай білуі және дайындық сапасына қарай сынақтарды тапсыра 
алуы дегенді білдіреді»). Бұнымен келіспеуге болады. Белсенді оқыту әдістері 
осы негіздерді ескеруі тиіс [127].
Оқытудың Бағыт-Бағдары. Сократқа келесі афоризмді жатыстырады: 
«Өзің мен өзіңнің жақындарыңның білімді болуынан асқан маңызды нәрсе 
жоқ». 
Білім - әлемдегі ең өте маңызды басты сала. Аталған саламен жалпы 
жұртшылықтың 40%-ы айналысады және оның тиімділігіне жалпы прогресс 
тәуелді болып келеді. Осы процесті оңтайландыруға болады ма? Академик 
Ю.К. Бабанский [126, с 22] былай деп есептейді: «Оңтайлылық критерийі 
ретінде тиімділік пен алға қойылған міндет-мақсаттардың шешілу уақыты орын 
алуы мүмкін. Мұндай жағдайда оқу-тәрбие процесінің оңтайлылығы деп белгілі 
бір бөлінген уақытта білім беру және тәрбие міндеттерінің максималды шешілу 
тиімділігін қамтамасыз ететін ең жақсы деген нұсқаны педагогтардың мақсатқа 
сай таңдауы болмақ». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет