Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет25/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

Үздіксіз кәсіби білім берудегі инновациялық әдістер элементтері 
ретіндегі кәсіптік ойындар 
Ойындар адамзатқа қанша жыл болса сонша жыл адаммен қатар пайда 
болды десе болады. «Қыздар-аналар» ойыны фараондар кезінен бері мәлім. 
«Жасырынбақ» ойыны да-өте ежелгі ситуациялық ойын.
Ойындарды өндірістік және кәсіби істерге байланыстыра отырып 
ажырату да өзіндік пайда болу оқиғасы бар ерекше бір дүние.


67 
Әдебиеттерге көз жүгіртсек, 30-шы жылдарды кеңестік дәуірдегі іскерлік 
ойындары 
жайлы 
және 
олардың 
өте 
кейінірек 
ғылыми 
негізде 
қалыптасқандығын [128], яғни «Экономикалық, ұйымдастырушылық және 
технологиялық бейіндегі оқу іскерлік ойындарын аттестациялау қағидасы» 
шыққаннан соң ғана дамығанына көз жеткіземіз.
Іскерлік ойындарға шетелдерде аса үлкен көңіл бөлінеді. Тіпті осы 
мәселенің теориялық мазмұндалуы тұрғысында да қадамдар жасалған. Мысалы, 
атап өтетін болсақ, психология ғылымдарының өкілі, доктор Эрик Берннің 
«Игры, в которые играют люди. Люди, которые играют в игры» атты кітабында 
ойындардың негізіне трансакционды талдау теориясы алынған. Трансакция деп 
қарым-қатынас бірлігін, ал трансакциялық стимул деп - қарым-қатынасты 
қажетсінуді, трансакционды реакция деп - трансакцияға реакция білдіруді, 
қосымша трансакция деп - тікелей трансакцияға жағымды жауап беруді, ал 
қиылысқан трансакция деп - тікелей трансакцияға теріс жауап беруді, ал 
жасырын трансакция деп - тікелей трансакцияға толассыз көп жауап беруді 
айтады. [129]. Атақты ғалым ойындардың өздерін психолог көзқарасы 
тұрғысынан келесі сипатта қарастырады: «Ойындар деп біздер нақты 
анықталған және мүмкін боларлық соңы бар бірінен соң бірі кезектесіп келетін 
жасырын қосалқы трансакциялар сериясын айтамыз. Ойын өзінше бір 
қайталанатын біржақты трансакциялардың жиынтығын білдіреді, сырттай тым 
шындыққа сай, бірақ жасырын мотивацияға ие; қысқаша айтқанда, ол торға 
қамайтын бірқатар жүрістердің барысы. Ойындардың процедура, рәсімдер және 
уақыт өткізуге қарағанда айырмашылығы біздердің көзқарасымызша, екі негізгі 
сипаттамалармен айрықшаланады: 1) жасырын мотивтермен; 2) ұтыс, жеңудің 
болуымен. Процедуралар табысты, рәсімдер – тиімді, ал уақыт өткізу – ұтымды 
болады. Олардың барлығы өз мәндері жағынан таза айқын ("теріс ойлы" 
болмайды). Олар кикілжің емес, жарыс элементтерінен құралуы мүмкін, 
олардың соңы күтпеген мазмұнда болуы да мүмкін, ешқашан драмалы 
болмайды. Ойындар керісінше, шынайы емес, жиі жағдайда драмалы болып 
келеді. Ең зұлым ойын, ол әрине - соғыс». 
Біздер әрине саналы түрде ойын трактовкасына мұндай бағытта, бұл 
көзқараста қарамаймыз. Біздердің мақсатымыз өзгеше. Тек кейбірі ғана 
психологиялық-педагогикалық ойындарға қатысты мәліметтері алынуы 
мүмкін.
Оқыту процесіне қатысты ойындық бағыт, көзқарасты схоластикалыққа 
балама ретінде қарауға болады. Бірқатар шетелдік зерттеушілер пікіріне сай, 
[130] педагогиканың дамуы оқыту процесінен «тірі оқытушыны» тіпті алып 
тастауы мүмкін. Бұл жағдайда «оқытуға деген ғылыми бағыт, көзқарас 
критерийі болып, оның автоматтандырылған оқыту жүйесін қолдану мүмкіндігі 
(АОЖ) табылып, ол өзінің оқыту функцияларын адамның қатысынсыз алдын 
ала қойылған диагностикалық мақсаттарға сәйкес жүргізеді». Бұл мысалы 
«педагогикадағы технократиялық ойлау» болмақ. Соның негізінде Р. Тайлер 
ұсынған (АҚШ, 1934-1942) «мінез-құлықтық оқу мақсаттары» идеясы кейінірек 
шетелде кеңінен танымал, әрі кең қолданысқа ие болған Блум таксономиясына 


68 
қосылып бірігіп кетті, бұл бағыттың үнемділігін бағаламауға еш болмайды. 
Бірақ мұндай технология педагогикадағыны тек қайта жаңғыртады, 
шығармашылық емес. Екінші жолы - шығармашылық - ол да тамыры терең 
жайылған. Оқытатын сипаттағы ойын драматизация сияқты, эмоционалды 
рефлексиямен бірлесе отырып, Х.Ф. Джонсонның «Драматизация как метод 
преподавания» (ағылшын тілінен аударылған М., 1917) деген кітабында 
қарастырылады [131].
Білім беру саласында инновациялық бағыттың қажеттілігі уақыт талабы, 
әрі тиімді нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығы заманауи таңда бүкіл халыққа 
мойындалып отыр. Оларға төмендегілер кіреді: 
– 
білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғарғы оқу орындарының 
кредиттік оқу жүйесіне толық көшуі және отандық білім беру процесінің 
модернизациясы; 
– 
білім беру мазмұны ізгілендірілуінің талаптар қатарынан түсіп 
қалмауы; 
– педагогтар мен білім алушыларға қойылатын талаптың жаңа мазмұндық 
тұрғыдан қарастырылуы, яғни білім алушы тек тұтынушы ғана емес, ортақ іс-
шара субъектісі де.
Осы арада отандық психолог ғалым профессор С.М. Жақыповтың 
«Танымдық іс-әрекеттің психологиясы» жайлы құнды ой-пікірлері, біріккен 
диалогтық танымдық іс-әрекет туралы қағидалары сөзсіз оқыту процесінің 
тиімділігіне қол жеткізетін мәселелер болып табылады. Біріккен-диалогты 
танымдық әрекет кез-келген оқыту процесінің мақсаты, әрі ең жоғарғы 
тиімділікке жету шарты болады. Оқыту процесінің тиімділігін анықтайтын 
факторларды ғалым, оларды талдаудың үш деңгейі арқылы (методеңгей, 
макродеңгей, микродеңгей) бөлді. 
Сондықтан да, оқытудың белсенді әдістері деп аталатындар (іскерлік 
ойындары, әлеуметтік-психологиялық тренингтер т.б.) өте тиімді деп 
есептеледі де, олардың ұйымдастырылуының психологиялық негізі болып 
біріккен-диалогты танымдық іс-әрекет алға шығады. 
Ғалым пікірінше, оқып-білім алушының дайындаған білімдер қоры 
сабақта психологиялық жағынан, оқып-білім алушылардың танымдық 
әрекетінің пәні, заты болады, басқаша айтқанда оның шын мәніндегі мотиві деп 
есептеледі. 
Осылайша, кез-келген сабақта білім-берушіден білім алушыға беріледі 
деген принцип жүзеге асып қана қоймай, ең алдымен танымдық әрекет 
ұйымдасады [98, с. 10]. Бастапқы кезенде танымдық әрекеттің формасы 
монологты болып, оқып-білім алушылардың таным процесіне енулеріне орай 
диалогты формаға айналып, мазмұны жөнінен танымдық болады. Білім қоры 
білім берушіден оқып-білім алушыға ауысады және оқып-білім алушы иеленген 
білім қоры оқытудың нәтижесі сапасында алға шығады. 
Білім дегеніміз - баршаға аян, сөздер шарасы арқылы бекіген ұғымдар, 
түсініктер жүйесі болады. Кез-келген ұғымның екі жағы: обьективті - маңызды 
және субьективті мәні, болады. 


69 
Қазіргі кезде технологияда білімді меңгертудің шығармашылық – 
деңгейіне жету үшін Блумның таксономиялық жүйесі пайдаланылады (2-сурет). 
Сурет 2 – Білім жүйесінің түсініктері 
Осы Блум таксономиясының 2-кестеде берілген ағылшын тілінен білімді 
меңгерту жолдарын қолдана отырып, біздер зерттеуіміздің эксперименттік 
бөлімінде студенттердің ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау, әрі бағалау 
мақсатында әдістеме жүргіздік [132]. 
Кесте 2 – Блум таксономиясы бойынша ағылшын тілінен білімді меңгерту 
жолдары 
Рет тәртібі 
Білім алушының іс-әрекеті 
Білу 
Тыңдайды, қабылдайды, есте сақтайды, түсінеді, ойлайды. 
Түсіну 
Түсіндіреді, айтады, көрсетеді, жазады. 
Қолдану 
Ойланады, салыстырады, табады, талқылайды, ашады, іздейді. 
Талдау 
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа мәселені шешеді. 
Топтау 
Ойлап табады, құрастырады, шығарады, байланыстырады. 
Бағалау 
Бағалайды, талқылайды, өз талабын айтады 
Отандық әдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие 
процесінде оқытудың заманауи инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың 
бірқатар ерекшеліктерін атап көрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Ш. Қаланов, 
Ж. Қараев, Ш. Таубаева, Қ. Қабдықайыров, С. Лактикова, М. Жанпейісова, 
Ә. Жүніспек пен Қ. Нағымжанова, С. Көшімбетова, К.Ж. Бұзаубақова, 
Б. Тұрғанбаева мен А. Әлімов және басқа да ғалымдардың зерттеулерінде 
оқытудың қазіргі заманғы педагогикалық технологиялары терең жан-жақты 
қарастырылады. Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, 
радикалдық деп үш түрге бөледі. Психология ғылымдарының кандидаты 


70 
М.М. Байбекованың да «Әлеуметтік-психологиялық тренингтер, әдістемелер 
мен жаттығулар», «Психологиялық кеңес беру» және «Жоғары оқу орнындағы 
интерактивті әдістер» атты тың, әрі аса мазмұнды оқу құралдары мен еңбектері 
заманауи таңдағы сұранысқа ие болып отырған құнды дүниелер, бұл еңбектер 
инновациялық 
оқыту 
әдістерін, 
белсенді 
әдістер 
мен 
ойындық
технологияларды қолдану арқылы білімді табысты етуге болатындығын тағы да 
негіздей отырып, паш етеді [133].
Педагогикалық жаңалық немесе инновация – жаңа идеялар, әдістер, 
технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс құрамдас бөліктері қосынды 
бірлігінің немесе жеке бөлшектерінің білім беру мен тәрбиелеудегі тиісті
міндеттерді тиімді шешу жолы болып табылады. Технологиялардың пайда 
алдымен түрлі теориялық және тәжірибелік аспектіде техникалық прогрестің 
енуімен байланысты. Аса көрнекті педагог А.С. Макаренко бүкіл әлемге 
танымал болған ұлы еңбегі «Педагогикалық поэмасында» былай дейді: «Біздің 
педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық логикада құрылған жоқ, 
әрқашан рухани тұрғыдан үгіттеу логикасы негізінде құрылған [134]. Сол 
себепті де бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды бөлімдері жоқ: 
технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық жұмыстар, 
құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару», – 
Оқыту процесін технологияландыру туралы пікірді осыдан 400 жыл бұрын 
Я.А. Коменский айтқан болатын, оның пікірінше, оқыту ісі «технологиялық» 
болуы қажет, яғни нені үйретсе де, не нәрсеге оқытса да оқу процесі табыссыз 
болмауы керек. Технологияда мақсат қою, осы мақсатқа жетудің құралдарын 
іздестіру, осы құралдарды қолдану ережелерін табу маңызды болды. 
АҚШ-та үстіміздегі ғасырдың 30-шы жылдарында техникалық 
құралдарды қолдана отырып, білім бере бастағанда «білім берудегі технология» 
термині пайда болды. Бұл көбіне оқу процесінде техниканы пайдалануға 
байланысты кең белең алды. 
60-шы жылдарда америкалық және батыс Еуропалық білім берудегі 
реформалар жүзеге асуына орай «оқу процесінде көздлген білім нәтижесіне 
қалай жетуге болады?» – деген мағынадағы «педагогикалық технология» 
термині пайда болды. Ал дидактикалық технология үлгілері біздің 
заманымыздың екінші жартысында техника мен технологияның қарқынды 
дамуы нәтижесінде пайда болды. Оқыту технологиясы, яғни, кең мағынадағы 
педагогикалық технология ақпаратты беру, өңдеу, сақтау әдістері мен 
құралдарының тиімділігіне байланысты дамудың барлық мүмкіндіктеріне ие 
бола алатын әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. 
Педагогикалық инновациялық технология ұғымының қалыптасуы мен 
дамуының барысында аталмыш ұғымның мәні түрлі нұсқада қарастырылады. 
Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, 
В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев, т.б. ғалымдардың еңбектерінде оқыту 
технологиясын түсіндіруде техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген 
түрі дегеннен бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан қолдану 
деген нұсқаға дейін түрліше пікірлер айтылған [135, 136]. 


71 
Жаңашыл педагог Ш.А. Амонашвили дамыта оқыту мен шәкірт пен ұстаз 
арасындағы қарым-қатынастың жолдарын үйретуде үлгі болатын болса, 
С.Н. Лысенкованың тірек схемалары көмегімен оза оқыту әдістерін үйренуге 
болады. 
Атақты классик ғалым, психолог Л.С. Выготский: «Оқыту, білім беру 
дамудың алдында жүріп отыруы тиіс. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту процесі 
ғана баланың жеке басының дамуын қамтамасыз етеді» – дейді [137]. 
Өз кезінде Ж. Аймауытов «... Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, 
ол үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер» деп оқыту, білім беру ісін үнемі 
ізденіспен, «жаңадан жаңаны» жасайтын іс-әрекетпен байланыстырған. 
Сондықтан да, қай пәнді болмасын меңгерту барысында тек қана оқулықпен 
шектеліп қоймай, оқушының да шығармашылықпен жұмыс жасауына көңіл 
бөлу қажеттігі туындайды. Мұғалім үшін ең бастысы – сабаққа лайықты әдіс-
тәсілдерді дұрыс таңдау. Сондықтан бастауыш мектепте сабақтарды 
индуктивтік, дедуктивтік, репродуктивтік, проблемалық, көрнекілік әдіспен 
оқыту тиімді болып табылады. Бастауыш мектепте сабақ түрлерін түрлендіріп 
сайыс сабақ, сынақ сабақ т.б. қайталау сабақ түрлерін топтық жұмыс, жеке 
оқушымен жұмыс, өздік жұмыс түрлерін қолдануға болады [125, б. 10].
Инновациялар педагог
икалық санат реті
нде пайда бол
ған кезден бас
тап 
қоғаммен бір
ге жүрсе д
е, олар салыст
ырмалы түрде жа
с, сондықтан ола
рды 
анықтауда кей
бір айырмашылықтар ба
р. Педагогикалық жаңа
шылдықтарды 
зерт
теу инновациялық үдеріс
тердің ағынын, құрыл
ымын, жіктелуін жә
не 
ерекшеліктерін зерт
теу нәтижелерін талда
умен байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет