Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет32/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
әрекеттің жоғары дәрежедегі түрін игеруменісті терең түсінумен, дамыған 
қабілеттермен дәл, әрі саналы түрде меңгерілген білімдер мен қалыптасқан 
шеберлік, дағдылардың негізінде белгілі бір ықпалды жүзеге асырумен 
сипатталады.


86 
М.С. Бургиннің пайымдауынша, «әдіснама – бұл белгілі бір сала бойынша 
іс-әрекет шаралары, нәтижелері мен әдістері жайлы ғылыми білім (теориялық 
білім)» [151]. 
Ғылымның әдіснамасының педагогикалық тәжірибеге ықпал ету қабілетін 
келесі ғалымдар зерттеді, олар Б.С. Гершунский, В.И. Загвязинский, 
В.В. Краевский, Н.Д. Никандров, В.С. Шубинскийлер. Жекелеп алғанда, 
Б.С. Гершунский былай деп жазады: «Ғылымның әдіснамасы тек қана сол 
ғылымның өзіне емес ең алдымен ол қызмет көрсететін, яғни оны зерттеп және 
оны қайта жасайтын объективті, шынайы шындыққа бағытталған» [152]. Бұл 
пікірді В.И. Загвязинский де айтады: «Әдіснаманың күші оның диалектиканы, 
нақты-ғылыми білімдерді гнесологиялық және дүниетанымдық көзқарастарды 
синтездейді. Мұндай интеграция жетекші мәселерді, өзекті идеяларды 
анықтайды, әрі ол ізденіс құралын нақтылауға, таңдауға, сезінуге мүмкіндік 
береді» [153]. Белгілі бір мағынада жалғыз бір әдіснамалық проблема ретінде 
В.В. Краевский педагогикалық ғылым мен педагогикалық тәжірибенің 
қатыстылығын айтады. Н.Д. Никандров біздердің жұмысымыз үшін маңызды 
болатын әдіснама мәселенің өзге бір қырына мән береді: «Әдіснамалық 
проблеманың мәнін заттар мен әдістер арасындағы қарама-қайшылықтар 
құрайды».
Өзінің жеке көзқарасы тұрғысынан келесі пікірді В.С. Шубинский 
ұсынды: «Әдіснама – бұл теориялық, практикалық іс-әрекеттің нормалары, 
тәсілдері, принциптері жайлы білімнің жүйесі», ал әдіснаманың пәнін 
«педагогикалық шындықтың тұтастай өзі» деп қарастырады. Әрі ол оқу-тәрбие 
ситуациясын 
анықтайтын 
әлеуметтік-педагогикалық 
қарым-қатынастар 
жүйесіндегі педагогикалық құбылыстардың даму диалектикасы қандай
ағымдары қандай екендігін талдауды ескертеді.
Біздің зерттеуміз үшін О.Г. Прикот [154] ұсынған әдіснаманың 
трактовкасы қызығушылық тудырады: а) әдіснама түсінігі біржақты емес, 
көбінде әдіскердің құнды өзін-өзі анықтауына тәуелді болады; ә) әдіснама 
ерекше түрде бой көрсетеді: «объективті» әдіснама мен «субъективті» әдіснама; 
б) педагогиканың заманауи әдіснамасы іс-әрекеттің құрылуы (пайда болуы) мен 
іс-әрекеттің объективті әдістерін қолдану және басқаша айтқанда іс-әрекетке 
итермелеу, мотивация мен стимул жасау жайлы ғылым. «Субъективті» 
әдіснаманы О.Г. Прикот бар әдіске қатысты адамның іс-әрекеті деп 
қарастырады.
Көрсетілген тұжырымдар педагогтардың кәсіби іс-әрекеті оның 
негіздемелі тиімділігіне тек қана сабақтың мақсатын жоспарлап қана қоймай, 
оның нәтижелерін де болжай отырып, дербес түрде және жауапкершілікпен 
оқыту әдіснамасын таңдау қабілеттілігі деп айтады.
«Әдістемелік құзіреттілік» пен «таным әдіснамасы» түсініктерінің 
мағыналық жақындықтарына байланысты заманауи білім төрт негізқалаушы 
білім мағыналарына негізделеді деген ой өнімді болады : learning to be – болуға 
үйрену (жеке адам тұрғысындағы құзірет); learning to live together – бірге өмір 
сүруге үйрену (әлеуметтік-коммуникативті құзірет); learning to do – жасай алуға 


87 
үйрену (іс-әрекет тұрғысындағы құзірет, ойлағанды өмірде іске асыру); learning 
to know – тануға үйрену (арнайы/өзгетілді құзірет) [155]. Берілген құзіреттер өз 
кезегінде пәнаралық және пәндік құзіреттермен байланысты. 
Келтірілген түсініктердің мәнін салыстыру келесі мәселені анықтауға 
жеткізеді, педагогтардың кәсіби-әдістемелік құзіреттілігі тиісті даярлық
процесінде өзара байланысты жеке тұлғалық-кәсіби қасиеттер, білімдер мен 
шеберліктердің күрделі жүйесіне негізделген, жаңа міндеттер мен кәсіби іс-
әрекетінің өзгетілді білім берудің әлеуметтік-мәдени мағынасымен сәйкес 
пәннің әдіснамасын оқытатын жеке адамның кәсіби-әдістемелік құзіреттілігі 
болады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет