2.1. Құрамдарды тарқату және құрастыру технологиясы
Сұрыптау паркінің жолдарындағы вагондардың жиналуын және келген
құрамдардың саны, орналасуы және салмағының натурлық парақтарының
мәліметтері, тасымалданатын жүктердің сипаттамасы негізінде маневрлік
диспетчердің жетекшілігімен жаңа құрамдар құрастырылады.
Құрамды тарқату алдында дөңес кезекшісі, АСУСС базасынан алынатын
сұрыптау парағымен танысып, тарқатылатын құрамның вагондарын сұрыптау
жолдарына орналастыру мүмкіндігі туралы жұмысшыларға тарқату жоспарын
хабарлап, маневрлік локомотив машинисіне құрамды дөңеске жылжыту туралы
нұсқау береді.
Дөңес кезекшісі, сұрыптау парағын басшылыққа ала отырып, вагондар
қозғалысының жылдамдығын реттеушілерге ағытпалар мен вагондар саны туралы
мәлімет береді және тежелу кезінде ерекше сақтануды талап ететін ағытпалар
жайлы ескертеді.
Сұрыптау жолдарының сыйымдылығын мейлінше толығымен пайдалану, вагон
қозғалыстары жылдамдығын реттеушілер (РСДВ) арасындағы жұмысты тең мөлшерде
етіп бөлу, сонымен қатар қауіпсіздікті қаматамасыз ету үшін вагондар
қозғалысының жылдамдығын аға реттеуші алдағы жұмыс көлемі мен жолды
вагондармен толтыру деңгейіне қарай қажет жағдайда РСДВ сұрыптау паркының
жолдарына ауыстырады.
Тарқатылған бір құрамға келетін дөңесте тұрудың ең аз уақытына тарқату
үрдісін жеделдету, операцияаралық үзілістерді максималды қысқарту, жиналған
вагондарды тартуды қолдану есебінен жетеді.
Тарқатудың басталуы туралы жұмысшыларға дөңес кезекшісі дауыстап
хабарлаудың парк байланысы бойынша хабарлайды.
Құрамды тарқату барысында пойыз құрастырушысы вагондарды сұрыптау
парағына сәйкес және дөңес кезекшісінің ауызша бұйрығы бойынша ағытады.
Ағытпа орындары сұрыптау парағында көрсетілген соңғы вагондардың нөмірлері
бойынша тексереді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында вагондар арнайы ағытпа
айырларымен ағытылады.
Құрамды тарқату кезінде дөңес кезекшісі ажыратудың дұрыстығын және
ағытпалардың жүруін қадағалайды және қажет жағдайда ПГСО бойынша №55 қосын
МЭЦ операторына және вагондардың қозғалу жылдамдығын реттеушілерге
ағытпалардың бағытының өзгергені, сонымен қатар тежелу кезінде ерекше
сақтықты талап ететін ағытпалар туралы (жолсеріктері, жан-жануарлары бар
рефрежираторлық вагондар) мәлімет береді.
Жұмысшыларға тарқатылатын құрамда және сұрыптау парк жолдарындағы ерекше
қауіпсіздікті талап ететін жеке категориялы жүктері бар вагондардың бар
екені туралы хабарлау тәртібі сұрыптау дөңесінің жұмысы бойынша нұсқаулықта
берілген.Сұрыптау паркі жолдарының сыйымдылығын мейлінше толық пайдалану және рұқсат етілген жылдамдықтан аспай жүретін вагондардың жолда тұрып, aғытпалармен қалыпты соғысуын қамтамасыз ету үшін, ағытпаларды дәлдеп тежеу
қолданылады. Тежеуді вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілер
табанлақтырғыштармен жабдықталған тұрақты тежеу позицияларында сұрыптау жолдарының басында тежеу табандықтарының көмегімен жүзеге асырады. Табанлақтырғыштар сұрыптау жолының әрбір жолына орнатылған.
Вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушілерін қауіпсіздік техникасымен
қамтамасыз ету мақсатында тежеу табандықтары арнайы айырлардың көмегімен
рельстерге қойылуы тиіс.
Вагондарды сұрыптау үрдісін жылдамдату мақсатында құрамдарды ауыспалы
жылдамдықпен, вагондардың сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып тарқату қажет. Тарқату біткен соң дөңес кезекшісінің өзі немесе пойыз құрастырушысы
арқылы қажет болған жағдайда дөңес локомотивінің машинисіне вагондарды
сұрыптау паркінің жолына шегіндіру немесе қабылдау паркіне кезектегі
құрамды созу (маневрлік диспетчердің белгілеген құрамдарды тарқату
кезегіне сәйкес) туралы бұйрық береді.
Қабылдау паркіне дөңес локомотивтерінің тарқатылуы тиіс құрамға жақындауы
кезінде, машинист бөгет жоқ екеніне көзі жеткен кезде, локомотивті
тіркейді, тежеу табандықтарын алып тастағаннан кейін станция кезекшісінің
бұйрығымен құрамды созуға тартып шығарады. Ашық дөңес белгісімен ДСПГ
командасы бойынша құрам дөңеске жылжытылады.
Пойызды жөнелтер алдында құрастыру станциясының қызметкерлері жүктердің
ашық жылжымалы құрамға дұрыс және мықты бекітілуін, пойыздың дұрыс
қалыптасуын және құрамдағы вагондардың дұрыс тіркелуін тексеріп, жүктің
сақталуы толық қамтамасыз етілгеніне көз жеткізеді.
Жөнелту паркінде жасақталған құрамдармен келесі операциялар жүзеге
асырылады:
- вагондарды техникалық тексеру, қызмет көрсету және ағытпай жөндеуден
өткізу;
- вагондарды коммерциялық тексеру және ақауларын жою;
- құжаттарды локомотив бригадасына өткізу;
- пойыз локомотивін тіркеу және автотежегіштерді сынау.