Маршруттарды дайындау тәртібі
Әрбір пойызды қабылдауға немесе жөнелтуге арналған Маршрут уақтылы дайындалуы және кіріс (шығыс) бағдаршамы қабылданатын (жөнелтілетін) пойыздың машинисі сигналдың ашық жағдайын уақтылы қабылдай алатындай және станцияға кірген кезде пойыздың белгіленген жылдамдығын төмендетуге немесе станциядан жөнелткен кезде пойыздың кідіруіне жол бермейтіндей есеппен ашық болуы тиіс. Әрбір пойызды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші жолға және қабылдау (жөнелту) маршрутына шыға отырып, сондайақ күзетілетін жағдайға бағыттамаларды орнату арқылы жылжымалы құрамның пойыздың жүру маршрутына шығуын болдырмау мүмкін емес жолдарда маневрлерді тоқтатады. Пойызды қабылдау және жөнелту алдында станция бойынша кезекші белгіленген тәртіппен қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындайды және кіру (шығу) бағдаршамын ашады. Станция бойынша кезекшіге маневрлерді нақты тоқтатуға көз жеткізгенге дейін сигнал ашуға немесе пойызды қабылдауға немесе жөнелтуге басқа рұқсат беруге тыйым салынады. Маневрлерді тоқтату, станция бойынша кезекшінің өкімдерді беруі және оларды орындауда оны сендіру станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленеді. Дара жолды аралықтарда немесе локомотив бағдаршамдарының сигналдары бойынша дұрыс емес жол бойынша қозғалыс кезінде станция бойынша кезекші бұдан басқа, аралыққа тұру құқығын кезекші пойыз 181 диспетчерімен (ал пойыздық диспетчерлік байланыс ақаулы болған кезде - көрші станция бойынша кезекшімен) алдын ала келісуге міндетті. Пойыздың өтуі кезінде кіру (шығу) бағдаршамы автоматты түрде жабылады. Егер бағдаршамды басқару сигналдық тұтқамен жүзеге асырылса, станция бойынша кезекші оны қалыпты жағдайға қояды. Топтық шығу (маршруттық) бағдаршамдары болған кезде, жөнелту жолдары қайталама бағдаршамдармен жабдықталмаса, пойыздарды жөнелту бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші және пойызды жөнелтуге рұқсат етілетін жолдың нөмірін жасыл түсті цифрмен көрсететін маршруттық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Егер жөнелту жолында топтық бағдаршамның қайталаушы бағдаршамы болса, онда пойызды осы жолдан (топтық бағдаршамнан) жөнелту қайталаушы бағдаршамның көрсеткіші бойынша жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |