Зейнетақы қоры еңбектің жалпы қорының 10% құрайды: 36 Жалпы соңында пайдалану шығындары анықталады: 37



бет7/18
Дата13.06.2022
өлшемі416,33 Kb.
#36774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Байланысты:
Али ДипломV0.6

ІІI Тарау. Өндірісті ұйымдастыру


3.1. Маршруттарды дайындау кезіндегі келіссөздер регламенті

Орталықтандырылмаған бағыттамалары бар станцияларда пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындау туралы өкімді станция бойынша кезекші белгіленген келіссөздер регламентін сақтай отырып, маршрутты дайындауға қатысатын бағыттама посттарының барлық аға кезекшілеріне бір мезгілде береді. Егер бағыттама посттарының аға кезекшілерінің кезекшілігі белгіленбесе, маршрутты дайындау туралы өкімдерді бағыттама посттарының кезекшілері тікелей береді. Пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды дайындауға кіру (шығу) мойнында, қабылдау жолының қарама-қарсы шетінде орналасқан бағыттамалық пункттер, сондай-ақ жылжымалы құрамның пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутына шығуы мүмкін басқа да пункттер қатысуы тиіс. Бағыттамалық посттарға немесе атқарушы орталықтандыру посттарына маршрутты дайындау туралы өкімді станция бойынша кезекші тиісті сигналдың уақтылы ашылуын қамтамасыз ететін уақыт ішінде барлық қажетті операциялардың аяқталу мүмкіндігін ескере отырып береді. Станция бойынша кезекші маршрутты дайындау дұрыстығын басқару аппараты аспаптарының көрсеткіштері бойынша тексереді. Мұндай аспаптары жоқ станцияларда станция бойынша кезекші бағыттамалық постылардың аға кезекшілерінің немесе бағыттамалық постылар кезекшілерінің баяндамалары бойынша маршрутты дайындаудың дұрыстығын тексереді. Пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындау туралы өкім, сондай-ақ осы өкімдерді орындау туралы баяндамалар анық және айқын болуға тиіс. Станциялар бойынша кезекшілер мен бағыттама постыларының кезекшілері пойыздар қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулыққа қосымшада көрсетілген тізбеге сәйкес келіссөздер регламентін сақтауы қажет. 182 Көрсетілген тізбеде көзделмеген жағдайларда станциялар бойынша кезекші мен бағыттамалық постылардың кезекшілері пойыздарды қабылдау және жөнелту үшін маршруттарды дайындау туралы да нақты және нақты келіссөздер жүргізуі қажет. Пойызды қабылдау немесе жөнелту маршрутын дайындаумен байланысты кез келген өкімді бергенге дейін, сондай-ақ осындай өкімді орындау туралы баяндаманы алғанға дейін станция бойынша кезекші оны тыңдайтынына немесе оған бұған құқығы бар адамдардың барлығы баяндайтынына көз жеткізеді. Аталған өкімдерді беруге немесе олардың орындалуы туралы баяндамаларды бұған құқығы жоқ адамдардан алуға тыйым салынады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет