Құрастыру жоспарындағы әр станцияға баратын вагондар үшін арналған жолдардың саны вагон ағындарының мөлшеріне және сұрыптау жолдарының жалпы санына байланысты болады.
Біртопты пойыздардың әр барар станциясы үшін, сондай-ақ құрама пойыздар үшін кемінде бір сұрыптау жолы, ал вагон ағындары қуатты болса – екі жол бөлінеді. Топтық пойыздарды құрастыруда вагондардың әрбір тобы үшін бір тартым жолына шығатын сұрыптау жолдарын бөледі. Жергілікті вагондар үшін жеке жолдар бөлінеді. Егер сұрыптау станциясында жергілікті вагондарға арналған қуаты шағын дөңесі бар (осы вагондар қайта өңделетін) арнайы парк болса, сұрыптау паркінде бір жолдың болуы жеткілікті. Кейбір станцияларда тарату барысында баратын станциясына қарай мамандандырылған жолдарға жөнелту тиімсіз болатын вагондар үшін, мысалы құрамдарды қатар таратуда қайырылмалы вагондар үшін бір-екі екшеме жол бөледі. Егер арнайыекшеме жол бөлуге мүмкіндік болмаса, сұрыптау жолдарының (дөңес жағындағы) бос жерлерін пайдаланады.
Құрастырылатын пойыздардың құрамын түзу үрдісі жинақтау деп аталады. Вагондарды құрамға толық жинақтау уақыты – жинақтау периоды деп аталады. Келген вагондардың бірінші тобы бүкіл жинақтау периодын күтіп тұрады, ал соңғы (аяқтау) тобы күтпейді, өйткені оның келуімен жинақтау үрдісі аяқталады. Жинақтауға кететін жалпы мерзімді вагон-сағатпен есептейді, ол жинақтауға қатысатын вагондардың әр жинақтау жолындағы тұратын уақытына көбейтін-дісінің жиынтығынан тұрады. Жинақтау вагон-сағатын суретте берілген график бойынша есептеп шығаруға болады.
Вагон топтарының сұрыптау жолдарына түсуінің түрліше жағдайы үшін жинақтау вагон–сағатын анықтауды қарастырайық. а-суретінде:– келіп түскен вагон топтарының саны; – келу интервалдары көрсетілген.
Құрамдарды жинақтауға жұмсалатын вагон-сағаттың жалпы шығыны сатылы фигураның ауданына тең болады:
Егер вагондардың келуі біркелкі және топтары бірдей болса, онда
Жинақтау үрдісі үздіксіз өтетін жағдайда, жинақтауға жұмсалатын вагон-сағат шығыны үшбұрыштың ауданымен анықталады:
2.1-Сурет.Құрамдарды жинақтаудың әр түрлі графиктері:
а – бір құрамды жинақтау;
б – құрамдарды тәулік ішінде үздіксіз біркелкі жинақтау;
в – құрамдарды тәулік ішінде үзіліспен біркелкі жинақтау
Осы станцияға баратын бірнеше құрамның тәулік ішіндегі жинақтау вагон-сағаты барлық үшбұрыштар ауданының жиынтығына тең болады
Егер жинақтау тәулік ішінде үздіксіз жүргізілсе,
және
Жинақтау үзіліспен жүргізілсе ( в-сурет) сағат болады. Егер , онда сағ; .