3.3. Маневрлік жұмысты басқару
Станциялық жолдарда маневрлер тек бір қызметкердің - станция бойынша кезекшінің, маневрлік диспетчердің, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшінің, ал диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған учаскелерде – поездық диспетчердің нұсқауы бойынша ғана жүргізілуі тиіс. Маневрлерге басшылық ету бойынша міндеттерді бөлісу станцияның техникалық - өкімдік актісінде көрсетіледі. Маневрлер жүргізуші локомотивтің қозғалысына бір қызметкер – маневрлердің дұрыс орындалуы үшін жауапты маневрлер басшысы (поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор) басшылық етеді. Сұрыптау дөңестерінде маневрлік локомотивтің қозғалысына дөңес бойынша дөңес кезекшісі басшылық етеді.
Аралық станцияларда маневрлік жұмыс бас кондуктордың басшылығымен жүргізіледі. Құрастыру бригадасы немесе бас кондуктор қызмет көрсетпейтін локомотивтің, арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның маневрлік орын ауыстыруларына осы ауданда маневрлер жүргізуге басшылық ету құқығы бар қызметкер немесе оның нұсқауы бойынша сигнал беруші (бағыттау постысының кезекшісі) басшылық етеді. Бұл жағдайларда маневрлік орын ауыстыруларға басшылық ету үшін сондай-ақ станциялар бастықтары, олардың орынбасарлары белгілейтін тәртіппен тартылуы мүмкін.
Маневрлік жұмысты құрастырушы немесе құрастыру бригадасы (құрастырушы және оның көмекшісі), сондай-ақ бас кондуктор немесе кондукторлық бригада жүргізеді. Жергілікті жағдайларға қарай маневрлерді жүргізу үшін құрастыру бригадасын немесе бір құрастырушыны тағайындауды Ұлттық темір жол компаниясы – «Жол бөлімшесі» филиалы белгілейді. Маневрмен айналысушы қызметкерлерді орналастыруды маневрлердің басшысы жүргізеді (станция бойынша кезекшісі, маневрлік диспетчері, сұрыптау дөңесі немесе парк бойынша кезекшісі). Маневрлік локомотивке бір машинистің қызмет көрсеткіші локомотив үлгісіне және жергілікті жағдайға қарай Ұлттық темір жол компаниясының рұқсаты бойынша жүргізілуі мүмкін.
Поездарды құрастырушы немесе бас кондуктор маневрлік жұмысқа тапсырманы маневрлерге басшылық жасаушы бір адамнан ғана алады. Маневрлік жұмысқа арналған тапсырманы маневрдің басшысы әрбір қатысты қызметкерге жеткізуі тиіс. Егер маневрлер жүргізу процесінде көзделген жұмыс жоспарын өзгерту қажеттігі пайда болса, онда осы өзгерістердің сипатымен маневрге қатысушы барлық қызметкерлер алдын ала таныстырылады.
Маневрлік локомотивтің (вагондармен немесе вагондарсыз) бір маневрлік ауданнан екіншісіне орын ауыстыруына оның ауданына орын ауыстыру болатын тиісті посты (парк) бойынша кезекшімен немесе осы ауданда жұмыс істеуші поездарды құрастырушымен алдын ала келісу бойынша тек станция бойынша кезекшінің (дөңес бойынша Станциялық жолдар бойынша дара локомотивтер мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның орын ауыстырулары кезінде жергілікті басқаруға берілген бағыттамаларды бұруды локомотив бригадасының бір қызметкері жүргізеді. Бағыттамаларды бұрушы қызметкер әрбір бұрудан кейін үшкірлер жағдайының дұрыстына жергілікті басқару пультіндегі бақылау аспаптары бойынша немесе үшкірлердің жағдайына көз жеткізеді. Маневрлер кезінде бағыттамаларды бұруды:
1) пойыздық диспетчер орталық пульттен радиобайланыс немесе диспетчерлік байланыс бойынша станциялардың алқымдарында орнатылған телефондар бойынша маршруттың маневрлік орын ауыстырулар үшін дайындығы туралы тиісті қызметкерлерге нұсқаулар береді;
2) станция бастығы немесе станцияны резервтік басқаруға тапсыру кезінде пойыздарды қабылдау мен жөнелту жөніндегі операциялар жүктелген басқа қызметкер;
3) пойыздарды құрастырушы немесе станцияның басқа қызметкер станцияның жекелеген бағыттамаларын жергілікті басқаруға тапсыру кезінде Ұлттық темір жол компаниясы - Жол бөлімшесі филиалы бекіткен жергілікті нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Бағыттамалық оқшауланған телім босағанға дейін бағыттаманы жергілікті басқару пультінен немесе жергілікті басқару кілтімен, ал бағыттама оқшаулағышы тәуелділікке қосылмаған жерде - бағыттама жылжымалы құрамнан босағанға дейін ауыстыруға тиым салынады. Маневрлер аяқталған соң бағыттамалық және маневрлік тұтқалар сондай-ақ жергілікті басқару кілті қойылады, маневрлердің басшысы жұмыстың аяқталғаны туралы пойыздық диспетчерге баяндайды, ал соңғысы тиісті бастырмаларды маневрлік қозғалыстардыболдырмау үшін қойылады. Жергілікті басқару пульттері үнемі құлыптаулы болуы қажет. Жергілікті басқару пультіне пайдалану немесе қарап тексеру үшін қол жеткізу рұқсат етілетін қызметкерлер тізбегін, сондай-ақ пульттердің кілттерін беру мен сақтау тәртібін Ұлттық темір жол компаниясы - Жол бөлімшесі филиалы бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: |