Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет13/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЗЖ нұсқаулығы Омыртқасыздар зоологиясы

Жұмыстың барысы: Шаянды жару үшін құрсақ жағынан хитинді пленканы тіліп қайшыны панцирь астына енгізеді. Әрі қарай екі қатар ұзына бойы тіліп жүргізеді. Ваннаға орналастырып түйреуішпен бекітеді, үстінен cу құяды. Ет шоғырларын ажыратып ішкі органдар жүйесін қарап танысыңдар. Баскөкіректің артқы бөлімінде тамырлар шығатын (бес бұрышты қапшық жүрек) орналасады. Жүрек астында жыныс бездері орналасқан. Оның алдыңғы жағынан қарын бауыр орналасады. Егер қарында ақырын көтеріп қарасақ алдыңғы жағынан қысқа өңешті, артынан артқы ішекті байқауға болады. Жүйке жүйесімен танысу үшін барлық көрген органдарды алып тастау керек. Препараттық инемен ақырын көтеріп құрсақ нерв тізбектері мен шеткі нервтерді байқауға болады.
Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Өзен шаянының ас қорыту жүйесі

  2. Өзен шаянының жүйке жүйесі

  3. Зәр шығару жүйесі

  4. Тыныс алу жүйесі

  5. Жыныс жүйесі

13 жұмыс


Тақырыбы: Өрмекшітәрізділердің сыртқы құрылысы және олардың алуан түрлілігі
Систематикалық орны:
Тип Буынаяқтылар - Arthropoda
Тип тармағы Хелицералылар -Chelicerata
Класс Өрмекшітәрізділер - Arachnida
Отряд Құршаяндар - Scorpiones
Отряд Сольпугалар - Solifugae
Отряд Пішеншілер-Opiliones
Отряд Нағыз өрмекшілер-Aranei
Отряд Кенелер-Acari
Мақсаты: Өрмекшітәрізділердің сыртқы пішінімен дене сегментациясымен ауыз аппаратының аяқтарының құрылысымен танысу.
Тапсырма: Құршаянның сыртқы құрылысымен танысып, дене бөліктерін анықтау. Суретін сызу. Сольпуганың, өрмекшінің, кененің құрылысымен танысып, оларға тән ерекшеліктерді сипаттап жазу. Өрмекшітәрізділердің басқа да өкілдерін (қалған құршаян, пішенші) препараттардан қарап құрылысындағы ерекшеліктерін ажырату.
Жабдықтар: Таблицалар: өрмекшітәрізділер класының систематикасы, құршаянның, бүйінің, тарантулдың, кененің құрылысы. Макропрепараттар: құршаян, бүйі, тарантул. Микропрепараттар: жайылым кенелерінің личинкасы, нимфасы, ересек кенелер. Кенелердің ауыз аппаратының картоннан жасалған макеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет