Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет7/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Сорғыш құрттар мен кірпікшелі құрттарға тән ортақ белгілерді атаңдар?

  2. Паразиттік тіршілік етуіне байланысты сорғыш құрттардың құрылысынан қандай өзгерістерді байқауға болды?

  3. Сорғыш құрттардың медициналық және ветеринарлық маңызы неде?

  4. Аналық жыныс системасының органдарын атаңдар

  5. Аталық жыныс системасының органдарын атаңдар

  6. Сорғыш құрттардың даму цикліндегі личинкалық стадияларды атаңдар

  7. Сорғыш құрттардың қай личинкалық стадияларында ұрық клеткалары болады және ол клеткалардың маңызы неде?

7 жұмыс


Тақырыбы: Таспа құрттардың құрылысы және тіршілік циклі
Систематикалық орны
Тип Жалпақ құрттар-Plathelmintes
Класс Таспа құрттар-Cestoda
Отряды Солитерлер немесе цепеньдер - Cyclophyllidea
Өкілдері:үш тұқымдастың өкілдері: Taeniidae тұқымдасынан Taeniarhynchus saginatus- өгіз солитері, Taenia solium - шошқа солитері, Echinococcus granulosus - эхинококк, Alveococcus multilocularis - альвеококк, Multiceps multiceps - қой мишығы; Anoplocephalidae тұқымдасынан - Moniezia expansa -мониезия; Hymenolepididae тұқымдасынан - Hymenolepis nana - қортық солитері.
Мақсаты: Көптеген өкілдері адамның кең таралған паразиттерң болып табылатын таспа құрттарға тән ерекшеліктерді анықтау, тенидиоз ауруын қоздырушы таспа құрттарды қарастыра отырып, олардың құрылысымен және даму циклімен танысу.
Тапсырма: Таспа құрттардың стробиласының, басының (сколексінің), гермафродитті және жетілген сақиналарының финнасының құрылысы мен танысу. Сколекстің гермафродитті және жетілген сақиналардың схемалық суреттерін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: жалпақ құрттар типінің систематикасы; шошқа және сиыр цепендерінің құрылысы; шошқа цепенінің даму циклінің схемасы. Макропрепараттар: шошқа цепенінің ересек формасы; шошқа цепенінің финнасы; финналармен залалданған малдың еті. Микропрепараттар: шошқа цепенінің сколексі, шошқа цепенінің гермафродитті және жетілген сақиналары; сиыр цепенінің гермафродитті және жетілген сақиналары
Жұмыс барысы: Препараттарды пайдалана отырып таспа құрттардың сколекстерінің әртүрлі типтерімен танысу және бір бірімен салыстыру (ілмектері, сорғыштары, тұмсықтары, ботриялар т.б.). сақиналардың құрылысымен танысқанда олардың бас бөлімінен денесінің артқы бөліміне қарай жіктелу ерекшелігіне назар аудару қажет (жас сақина, гермафродитті сақина, жетілген сақина).
Сиыр, шошқа цепендерінің, кең сақиналы таспа құрттың сколекстерінің суретін салыңдар. Суретте сорғыштарын, ілмектерін, мойнын, жеке ілмегін көрсетіңдер.
Гермафродитті және жетілген сақиналардың құрылысымен танысып схемалық суреттерін сызып, онда жыныс клоакасын, зәр шығару каналдарын, ұрық өткізгішті, ұрық бездерін, жатынды, қынапты, жұмыртқа бездерін, оотипті, сары уыз бездерін, жетілген сақинадағы жатынды, оның тармақтарын көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет