Жұмыстың барысы: Құршаянның сыртқы пішінімен танысыңдар. Денесінің сегменттерге жіктелуіне назар аударыңдар, себебі осы белгілері арқылы құршаяндар, өрмекшілер, кенелер отрядтары бір – бірінен ажыратылады. Құршаянның денесі баскөкірек және құрсақ болып бөлінеді. Дене бөліктері құрсақ жағынан айқын байқалады. Басы трапецияға ұқсас. Одан алға қарай екі жұп аяқтары кетеді. Оның бірінші жұбы хелицералар, екінші жұбы педипальпалар (аяқ қармалағыштары). Баскөкірегінде жүру аяқтары орналасқан. Құршаянның қанша жұп жүру аяқтары болатындығын санаңдар.
Баскөкіректен соң алдыңғы және артқы құрсақтарымен танысып, олардың қанша сегменттерден тұратындығын анықтаңдар. Құрсағының соңғы сегментіндегі улы безін табыңдар. Өрмекшітәрізділердің басқа өкілдерімен танысып, оларға тән ортақ белгілерді және айырмашылықтарын көрсетіңдер. Құршаянның, өрмекшінің дене кескінінің, тайга кенесінің ауыз аппаратының суретін сызыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар Хелицералылар тип тармағына қандай белгілер тән
Сыртқы пішініне қарап үш отрядтың өкілдері: кенені, құршаянды, өрмекшіні бір бірінен қалай ажыратуға болады.
Хелицералылардың аяқтарының саны қанша және олар қандай қызмет атқарады
Өрмекшітәрізділердің қандай тыныс алу органдар бар
№ 14 жұмыс
Тақырыбы: Насекомдардың сыртқы және ішкі құрылысы
Систематикалық орны Тип Буынаяқтылар - Arthropoda
Тип тармағы - Tracheata
Класс Насекомдар - Insecta
Өкілдері: қара тарақан, қи қоңызы, шегіртке
Мақсаты: Қара тарақанды мысалғы ала отырып, насекмодарға тән ерекшеліктерімен танысу.
Тапсырма: Насекмодардың дене бөліктерін анықтау. Бас, көкірек және құрсақ бөліміндегі мүшелерді анықтау. Насекомды сойып, ішкі органдарының құрылысымен танысу. Насекомның сыртқы және ішкі құрылысының суреттерін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: кластың систематикасы: тарақанның, қоңыздың құрылысы. Макропрепараттар: тарақанның ішкі құрылысы. Микропрепараттар: тарақанның ауыз аппараты, трахеясы, аяқтары; үй шыбынының ауыз аппараты және аяқтары.
Жұмыс барысы: Насекомдардың сыртқы құрылысымен танысу. Бас бөліміндегі мүшелерді (көзі, мұрты, қармалағыштары, ауыз аппараты) ажыратыңдар. Насекомның денесін үшке бөліңдер (бас, көкірек, құрсақ). Ал көкірек бөлімінің өзін үшке жіктеп, ондағы аяқтарының, қанаттарының орналасуына назар аударыңдар. Мүшеленген насекомды картон қағазға орналастырып тігу керек. Насекомның жеке бір аяғын алап мүшелеңдер, сөйтіп жамбасты, ұршықты, санды, сирақты, табанды және оның буындарын ажыратыңдар. Мүшеленген насекомның суретін сызыңдар. Насекомдардың ішкі құрылысымен танысу үшін өлтірілген тарақанды бауыр жағымен табақшаға қойып, инелермен бекітіп, үстіне батқанша су құю керек. Сонан соң қайшымен басынан құрсағының ұшына дейін бүйірлете кесу керек. Сөйтіп, хитинді жабынды ажыртып алып, оның астыңғы бетіндегі жүректің құрылысымен танысу керек. Жүрек камераларының санын анықтаңдар. Қанат тәрізді жүрек еттеріне назар аударыңдар. Бұдан соң майлы денені алып тастап, ас қорыту, системасымен танысыңдар. Оның негізгі бөлімдерін (өңеш, жемсау, қарын, ортаңғы ішектің, тұйық өсінділері, ортаңғы ішек, артқы ішек) ажыратыңдар. Жіңішке жіпше тәрізді Мальпигий түтіктерін табыңдар. Денесінің алдыңғы бөліміндегі бір жұп сілекей безіне, оның қалталарына назар аударыңдар. Трахеялардың, нерв системасының ерекшеліктерімен танысыңдар. Ішкі органдарға қысқаша сипаттама беріп суретін сызыңдар.