Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет2/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЗЖ нұсқаулығы Омыртқасыздар зоологиясы

Қайталауға арналған сұрақтар.

  1. Бір клеткалы жануарлардың қандай типтерін білесіңдер?

  2. Қарапайымдардың құрлысының көп клеткалы жануарлардың жеке клеткасымен ұқсастығы неде?

  3. Қарапайымдардың қозғалу органеллаларын атаңдар?

  4. Жалаңаш амебалар мен қабыршақты амебалардың ұқсастық белгілері мен айырмашылықтары қандай?

  5. Амебаның, диффлюгияның, фораминифераның денесіне сұйық заттар қалай енеді және олар қандай жолмен қоректенеді?

  6. Цистаға қоршалудың қандай биологиялық маңызы бар?

  7. Жалаңаш және қабыршақты амебалар қалай көбейеді?

  8. Фораминифералар қалай көбейеді?

  9. Жалған аяқтыларды неге ең төменгі сатыдағы қарапйымдарға жатқызады?

2 жұмыс


Тақырыбы: Жасыл эвгленаны мысалға ала отырып, талшықтылардың құрлысы және тіршілік циклімен танысу.
Систематикалық орны
Бір клеткалы жануарлар - Protozoa
Тип Саркомастигофоралар - Sarcomastigophora
Класс Талшықтылар - Mastigophora
Класс тармағы Өсімдік тектес талшықтылар – Phytomastigina
Отряд Эвгленалар - Euglenoidea
Өкілі Жасыл эвглена – Euglena viridis
Отряд Фитомонадылар - Phytomonadina
Өкілі Вольвокс – Volvox globator
Класс тармағы Жануар тектес талшықтылар – Zoomastigina
Отряд Кинетопластидтер - Kinetoplastida
Өкілі Трипаносома – Trypanosoma
Өкілі Лейшмания (Leishmania)
Мақсаты: Еркін тіршілік ететін талшықтылардың өсімдіктермен ұқсастығын анықтау. Талшықтылардың колониялы және паразиттік тіршілік ететін формаларымен танысу.
Тапсырма: Эвгленаның дене пішінімен және қозғалу тәсілімен танысу. Микроскоппен қарап, оның қоректену, қозғалу және қысымды реттейтін органеллаларын ажырату. Цитоплазманың экто- және эндоплазмаға жіктелуіне назар аудару. Вольвокстың колониясымен танысу. Колониядағы соматикалық және генеративтік клеткаларды ажырату.Трипанозоманың құрлысымен танысу.
Жабдықтар:Таблицалар:Талшықтылар класының систематикасы, эвгленаның және вольвокстың құрлысы. Вольвокстің микропрепараты. Фиксацияланған вольвокстер.Өсірілген эвглена. Трипанозоманың препараты. Препарат жасайтын әйнектер, пипеткалар, су құйылған ыдыс.
Жұмыс барысы: Эвглена өсірілген ыдыстан бір тамшы су алып, уақытша препарат жасап, оны микроскоптың кіші ұлғайтқышымен қараңдар. Эвгленаларды ұршық тәрізді пішініне және жасылдау түсіне қарап ажыратуға болады. Эвгленаның денесі жұқа қабықша – пелликуламен қапталған. Денесінің алдыңғы бөлімінен көзшесін \стигма\, оның қасында орналасқан талшығын табыңдар. Талшықты көру үшін микроскопқа түсетін жарықтың мөлшерін азайту керек. Эндоплазмадағы жасыл ұсақ денешіктерге – хлоропластарға назар аударыңдар. Денесінде артқы бөлімінде хлоропластардың арасында орналасқан түссіз шар тәрізді ядроны және циста түзуге бейімделген особьтарды табыңдар. Альбомға эвгленаның суретін сызып, онда стигмасын, хлоропластарын, жиырылғыш вакуолін, талшығын, ядросын көрсетіңдер.
Вольвокстың колониясын қарап, ондағы соматикалық және генеративті клеткаларды құрлысына, мөлшеріне байланысты бір- бірімен салыстырыңдар. Аналық колониялардың ішіндегі жас колонияларға /жыныссыз көбеюі/ назар аударыңдар. Жыныс клеткалары орналасқан вольвокстің колониясының бір бөлігінің және колонияның жынысты көбею кезеңіндегі көрінісінің суреттерін сызыңдар.
Трипанозоманың құрлысымен танысып, суретін сызып, онда талшығын, толқын тәрізді жарғақты, кинетосоманы, кинетопласты ядроны көрсетіңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет