Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы


Мақсаты: Жүзім ұлуымен таныса отырып бауыраяқтыларға тән белгілерді анықтау Тапсырма



бет11/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ЗЖ нұсқаулығы Омыртқасыздар зоологиясы

Мақсаты: Жүзім ұлуымен таныса отырып бауыраяқтыларға тән белгілерді анықтау
Тапсырма: Бақалшақтың пішінімен және құрылысымен танысу. Жүзім ұлуын сойып ішкі органдарының (ас қорыту, жыныс, зәр шығару, қан айналу, системалары) құрылысымен танысу және схемалық суретін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: жүзім ұлуының сыртқы пішіні, ішкі құрылысы. Фиксацияланған жүзім ұлулары, союға қажетті құралдар.
Жұмыс барысы: Бақалшақтың құрылысымен танысып, оның төбесін, орамдарын, устьесін анықтаңдар. Бақалшақтың асимметриялылығына назар аударыңдар. Бақалшақты шағып, оның ішіндегі ұлуды алып, мантиясы орамдарына сәйкес кесіп, өкпесін, жүрегін және бүйрегін қараңдар. Оны сойып асқорыту жыныс системаларының органдарымен танысыңдар. Жүзім ұлуының ішкі құрылысының суретін сызыңдар.
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Бауыраяқтыларға симметриялылықтың қандай типі тән

  2. Мантия қуысы қандай эпителимен қапталған

  3. Бауыраяқтыларға висцеральдық комиссуралардың айқаспалы болатындығын қалай түсіндіруге болады

  4. Көптеген ұлулардың жүрекшесі неге сыңар болады

  5. Моллюскаларға қандай сезім органдары тән

  6. Моллюскалардың халық шаруашылығында қандай маңызы бар

Моллюскалардың медициналық тұрғыдан қарағанда қандай маңызы бар

11 жұмыс


Тақырыбы: Өзен шаянының сыртқы құрылысы
Систематикалық орны
Тип Буынаяқтылар - Arthropoda
Тип тармағы Желбезектыныстылар -Branchiata
Класс Шаянтәрізділер - Grustacea
Класс тармағы Жоғарғы сатыдағы шаянтәрізділер - Malacostraca
Отряд Онаяқты шаяндар -Decapoda
Өкілі Өзен шаяны – Astacus sp.
Мақсаты: Шаянтәрізділермен таныса отырып, буынаяқтылар типіндегі прогрессивті белгілерді және олардың буылтық құрттармен туыстығын көрсететін ерекшеліктерді анықтау.
Тапсырма: Өзен шаянының сыртқы пішінімен танысып, дене бөлімдерін ажыратыңдар (баскөкірек, құрсақ). Өзен шаянының сегменттерін қарап, салыстырып, олардың метамерияның қай типіне жататындығын анықтаңдар. Өзен шаянының аяқтарын мүшелеп, оның құрылысымен танысып, схемалық суретін сызыңдар.
Жабдықтар: Таблицалар: буынаяқтылар типінің систематикасы, өзен шаянының және төменгі сатыдағы шяндардың құрылысы. Микропрепараттар: өзен шаянының ішкі қуысы, өзен шаянының нерв системасы, өзен шаянының асқорыту системасы, өзен шаянының тыныс алу системасы. Фиксацияланған шаяндар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет