Зертханалық сабақтардың жоспарлары және орындаудың нұсқаулығы №1 жұмыс Тақырыбы



бет5/15
Дата07.02.2023
өлшемі38,39 Kb.
#65719
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Басқа қарапайымдармен салыстырғанда инфузориялардың құрылысының күрделілігі неде?

  2. Ядролық дуализм дегеніміз не?

  3. Инфузорияның қозғалу органелласының құрылысының ерекшелігі неде?

  4. Инфузорияның көбею жолдарын атаңдар

  5. Коньюгация процесінің биологиялық маңызын түсіндіріңдер

  6. Инфузорияның тіршілгіндегі макро және микронуклеустің ролі қандай?

  7. Инфузорияның шабуыл жасау және қорғану денешіктері қалай аталады?

  8. Инфузорияның қоректену органдарын атаңдар

  9. Балантидиоз ауруынан қалай сақтануға болады?

5 жұмыс


Тақырыбы: Тұщы су гидрасының құрылысы
Систематикалық орны
Көпклеткалы жануарлар тармағы - Metazoa
Тип Ішекқуыстылар-Coelenterata
Класс Гидроидалар-Hydrozoa
Класс тармағы Гидроидтар -Hydroidea
Отряд Гидралар-Hidrida
Өкілі Тұщы су гидрасы-Hydra oligaotis
Мақсаты:Ішекқуыстыларды мысалға ала отырып, төменгі сатыдағы көп клеткалыларға тән белгілерді анықтау.
Тапсырма: Тірі гидраның қоректенуіне, қозғалуына, тітіркенуіне бақылау жасау. Гидраның сыртқы пішінімен танысу, денесінің оральдық және аборальдық полюстерін табу. Гидраның гистологиялық препараттарын қарап эктодерма қабаттарын тірек пластинкасын, әртүрлі клетка типтерін анықтау. Гидраның көлденең кесіндісінің суретін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: гидраның құрылысы, ішек қуыстылар типінің систематикасы. Макропрепараттар: гидроидты полип. Микропрепараттар: гидраның ұзынынан және көлденең кесінділері.
Жұмыстың барысы: Гидраның тітіркендігіштігін бақылау үшін оған сірке қышқылымен немесе инемен әсер етуге болады. Инемен әсер еткенде гидра белгілі бір бағытта жиырылады. Мұндай жиырылу эпителиальды – ет клеткаларының қызметі нәтижесінде болады. Сірке қышқылымен әсер еткенде көбіне қармалағыштардағы атқыш клеткалары активті жауап береді. Препараттардан гидраның денесінің кесінділерін қарап, ондағы эктодерма, энтодерма қабаттарын және ірек пластинкасын ажыратыңдар. Гидраның денесіндегі әртүрлі клеткаларды анықтап, олардың морфофункционалдық айырмашылықтарына назар аударыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет