Қайталауға арналған сұрақтар Ішекқуыстылар мен губкалардың ұқсастығын қандай белгілерінен байқауға болады? Олардың бір –бірінен айырмашылығы неде?
Тұщы су гидрасының эктодерма және энтодерма қабаттарындағы клетка типтерін айтып беріңдер.
Гидраларға симметрияның қандай типі тән?
Гастраль қуысы және гастроваскулярлық система дегеніміз не?
Көпклеткалылардың пайда болу жөніндегі Геккель мен Мечниковтың теорияларының мәні неде?
Гидраның ас қорыту процесі қандай этаптардан тұрады?
Ішекқуыстылар қалай көбейеді?
Ішекқуыстылар типінің систематикасын айтып беріңдер.
№ 6 жұмыс
Тақырыбы: Сорғыш құрттардың құрылысы және тіршілік циклі
Систематикалық орны Тип Жалпақ құрттар -Platelmintes
Класс Сорғыш құрттар - Trematoda
Класс тармағы Дигенетикалық сорғыш құрттар -Digenea
Өкілдері: Бауыр сорғыш құрт –Fasciola hepatica, Ланцет тәрізді сорғыш құрт -
Мақсаты: Ланцет тәрізді сорғыш құрт пен бауыр сорғыш құрттың құрылысы және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырма: Сорғыш құрттардың сыртқы құрылысымен танысу. Бауыр сорғыш құрттың ас қорыту, зәр шығару және жыныс системаларының құрылысымен танысу (микроскоптық препараттар). Жыныс және зәр шығару системаларының схемалық суреттерін сызу.
Жабдықтар: Таблицалар: типтің систематикасы, сорғыш құрттардың құрылысы. Фиксацияланған сорғыш құрттар: бауыр сорғыш құртпен залалднған ірі қара малдың бауыры, микропрепараттар: бауыр сорғыш құрттың ас қорыту системасы, бауыр сорғыш құрттың зәр шығару системасы, ланцет тәрізді және мысықтың сорғыш құрттарының тотальдық препараттар.
Жұмыстың барысы: Микропрепараттан табиғи түсі сақталған құрттың пішініне, мөлшеріне (3-5), денесінің дорсо вентральды бағытта қысыңқы келетіндігіне назар аударыңдар. Ауыз және бауыр сорғыштарын табыңдар. Бауыр сорғыш құрттың ас қорыту, зәр шығару және жыныс системаларымен танысып, оларға тән ерекшеліктерді анықтаңдар. Бауыр сорғыш құрттың ішкі құрылысының және даму циклінің схемалық суреттерін сызыңдар. Суретте ауыз сорғышын, жұтқыншақты, ішектің негізгі тармақтарын, бүйір тармақтарын, бауыр сорғышын, жатынын, ұрық қабылдағышын, жұмыртқа безін, сары уыз бездерін, зәр шығару каналдарын көрсетіңдер.