Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Көмір қышқылының тұзарының түзілуі



бет35/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

9. Көмір қышқылының тұзарының түзілуі. а) Әк суы бар сынауыққа көміртегі (IV) оксидін 2-3 минуттай жіберіңдер. Өзгерістер байқала ма? Реакция теңдеуін жазыңдар. Түзілген тұздарды атаңдар. Графикалық формулаларын жазыңдар. Ерітіндіні келесі тәжірибеге алып койыңдар.
ә) 9а-тәжірибеде алынған ерітіндіні екіге бөліп, бірінші сынауықтағы ерітіндіні қыздырыңдар, екіншісіне ізбес суын қосыңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Көміртегі (IV) оксиді толған сынауықты тығынмен жауып натрий гидроксидінің сұйытылған ерітіндісі бар кристализаторға төңкеріп тығынды ашыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар (бұл тәжірибені жасағаннан кейін қолды әбден жуу керек).
10. Көмір қышқылы тұздарының гидролизі. Натрий карбонаты, гидрокарбонаты және калий карбонатының ерітінділерінің бейтарап лакмусқа әсерін сынаңдар. Молекулалық және иондық түрде гидролиз теңдеулерін жазыңдар. Натрий карбонаты мен гидрокарбонатының қайсысы күштірек гидролизденеді? Түсіндіріңдер.
11. Көмір қышқылы тұздарының қасиеттері. а) Мына тұздарға: натрий карбонаты, магний карбонаты және кальций карбонатына судың, тұз қышқылының және сірке қышқылының әсерін тексеріңдер. Реакция теңдеулерін молекулалық-иондық түрде жазыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
ә) Натрий карбонаты, гидрокарбонаты және кальций карбонатын аздап алып, сынауыққа салып, газ түтікшесі бар тығынмен жауып қыздырыңдар, түтікшені ізбес суы бар сынауыққа батырыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Кремний және оның қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Кремний атомының электрондық формуласын жазыңдар.
2. Қосылыстарында кремний қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында кремний қандай қасиет көрсетеді?
4. Көміртегі мен кремнийдің сутекті қосылыстарындағы ұқсастықтар мен айрмашылықтар..
13 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: таразы, сақиналары бар штатив, сіріңке, сыйымдылығы 250 мл стақан (2 дана), фарфор келі келсабымен, шыны түтікше, шыны таяқша, штатив сынауықтарымен, темір тигель, магний ұнтағы, натрий гидроксиді , калий карбонаты , натрий карбонаты , кальций фториді , мрамор немесе бор , темір, индикатор қағазы, сүзгі қағазы, қорғаныш көзілдірігі, ерітінділер: (ρ=1,84 г/мл), (ρ=1,18 г/мл), аммоний хлориді , натрий силикаты , фенолфталеин, лакмустың бейтарап ерітіндісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет