Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет37/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

4. Ерімтал силикаттарды алу. а) Сынауыққа ұнтақталған кварц немесе құм және натрий гидроксидінің бір түйірін салыңдар. Сынауықты штативке көлбеу бекітіп, қоспаны балқығанша кыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Суыған соң тұнбаны сумен жуыңдар, артық қалған кварцтан (құмнан) ерітіндіні сүзіп бөліңдер. Ерітіндіде натрий силикаты түзілгенін дәлелдеңдер (3а-тәжірибесін қараңдар).
5. Кремний қышқылы тұздарының гидролизі. а) Натрий силикаты ерітіндісін бейтарап лакмус ерітіндісімен сынаңдар. Гидролиз теңдеуін молекулалық-иондық түрде жазыңдар.
ә) 1-2 мл натрий силикатының концентрлі ерітіндісіне 2-3 мл аммоний хлоридінің қанық ерітіндісін құйып араластырыңдар. Тұнба мен газдың түзілуін байқаңдар. Гидролиз теңдеуін молекула-иондық түрде жазыңдар.
6. Шыныдан сілтілік орта алу. Шыны түтікшені қыздырып суы бар стақанға салыңдар. Түтікше шытынап сынады. Шынының сынықтарын фарфор келіге салып, дистилденген су қосып ұнтақтаңдар (қорғағыш көзілдірік киіп алу керек!). Сонан соң 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Түсіндіріңдер. Кәдімгі шынының құрамы .
7. Кремний (IV) фторидін алу және қасиеттері. (жұмысты тартпа шкафта жасау керек). Кальций фториді мен құмның бірдей мөлшерін араластырыңдар. Қоспаны сынауыққа салып шамалы концентрлі күкірт қышқылын қосып жайлап қыздырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Сынауықтың аузына суланған шыны таяқшаны ұстаңдар. Таяқшада кремний қышқылының [ ] түзілуін байқаңдар. Кремний (IV) фторидінің гидролизінің теңдеуін жазыңдар.
Бор, алюминий және олардың қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Бор мен алюминийдің электрондық формулаларын жазыңдар. ІІІ топ негізгі топша элементтерінің атом радиусы мен иондану потенциалы қалай өзгереді?
2. Бор мен алюминийді қандай табиғи қосылыстардан алады?
3. Магний боридінің, диборанның, бор оксиді мен бор қышқылының алыну теңдеуін жазыңдар. Осы қосылыстардағы бордың тотығу дәрежесін табыңдар.
4. Алюминийге оттегінің, судың және сілтінің әсері қандай? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Алюминийдің сұйытылған және концентрлі ерітінділерімен әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар.
6. Алюминий оксиді мен гидроксидінің қандай химиялық қасиеттерін білесіңдер? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Протолиттік теория бойынша алюминий гидроксидінің амфотерлік қасиетін түсіндіріңдер.
7. Бор мен алюминийдің және олардың оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін салыстырыңдар. Неліктен ІІІ топ негізгі топша элементтерінен бор мен алюминийдің оттекті қосылыстарының химиялық қасиеттері өзгеше? Түсіндіріңдер.
8. Қышқылдардың күші бойынша түзілген әртүрлі алюминий тұздарының гидролизденуі қалай жүреді? Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңдар
15 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет