Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Фосфор галогенидтерінің алынуы және қасиеттері



бет26/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71
7. Фосфор галогенидтерінің алынуы және қасиеттері. а) Фосфор (V) хлоридін алу. Хлормен толтырылған сынауыққа (хлор алуды 1б-тәжірибедегі жұмыс) аздап фосфор салыңдар. Не байқалады? Алынған қосылыстың түсін, агрегаттық күйін байқандар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Фосфор (V) хлоридінің гидролизі. Сынауыққа фосфор (V) хлоридін салыңдар, 3-5 мл су қосып қайнатыңдар. Алынған ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Күміс нитратын артық мөлшерде қосыңдар. Не байқалады? Тұнбаның түсін және құрамын байқаңдар. Тұнбаны сүзіп, ерітіндіге натрий карбонатының ерітіндісін сары тұнба түзілгенше қосыңдар. Күміс нитратымен реакция нәтижесі - фосфор (V) хлориді сумен әрекеттескенде қандай заттар түзілгенін көрсетеді? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
б) Фосфор (ІІІ) хлоридінің гидролизі. Судың аз көлеміне фосфор (III) хлоридінің 1 -2 тамшысын қосыңдар. Ерітіндіні лакмус қағазымен сынаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Ерітіндіні фарфор табақшада қайнаған су үстінде немесе аз жалында сақтықпен қыздырыңдар, сонан соң суалтыңдар. Суытқаннан кейін табақшада түссіз, құрғақ ортофосфор қышқылы қалады. Түзілген тұнбаның құрамы, түрі, түсі қандай? Реакция теңдеуін жазыңдар. Фосфорлылау қышқылы осы реакцияларда қандай қасиеттер көрсетеді?
Мышьяк, сурьма, висмут және олардың қосылыстары
Бақылау сұрақтар:
1. Мышьяк, сурьма және висмуттың атомдарының электрондык конфигурациясын жазыңдар. V топшадағы элементтердің және жай заттарының қасиеттері қалай өзгереді? Түсіндіріңдер.
2. Табиғи қосылыстардан бос күйінде мышьяк, сурьма және висмутты қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
3. Мышьяк, сурьма және висмут сумен, сұйытылған қышқылдармен ( ) әрекеттесе ме? Түсіндіріңдер.
4. Мышьяк, сурьма және висмуттың концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен реакциясының теңдеулерін жазыңдар.
5. Молекула құрылысы теориясын пайдаланып V — А- топшадағы элементтердің сутекті қосылыстарының тұрақтылығы, тотықсыздандырғыш қасиеттері және электрон-донорлық қасиеттері қалай өзгеретінін түсіндіріңдер.
6. Мышьяк (III), сурьма (III) және висмут (III) оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық қасиеттерін салыстырыңдар. Осы элементтер гидроксидтерінің алыну реакциясының теңдеулерін жазыңдар. Мышьяк.(III) және сурьма (III) гидроксидтерінің амфотерлігін түсіндіріңдер.
7. Мышьяк (V) және сурьма (V) оксидтері мен гидроксидтерінің алу әдістері және химиялық қасиеттері қандай? Реакция теңдеулерін жазыңдар.
8. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында мышьяк, сурьма және висмуттың тотығу дәрежелері +3, +5 қосылыстары қандай қасиет көрсетеді? Мышьяктан висмутқа қарай бұл қасиеттер қалай өзгереді?
11 зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет