Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер



бет31/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71
Көміртегі және оның қосылыстары
Бақылау сұрақтары
1. Көміртегі атомының электрондық формуласын жазыңдар.
2. Қосылыстарында көміртегі қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында көміртегі қандай қасиет көрсетеді?
4. Көміртегінің түрөзгерістері,олардың қасиеттері.
5. Метан, этилен, ацетиленнің молеклаларының құрылысы, гибридтену түрлері.
6. Тотығу-тотықсыздану реакцияларда көміртегі (ІІ) және (ІУ) оксидтерінің қышқылдық-негіздік қасиеттерін салыстыру.
12 зертханалық жұмыс
Тәжірибелер:
Аспаптар мен реактивтер: сыйымдылығы 100 мл цилиндр, Кипп аппараты, сынауықтарымен штатив, темір қалақша, шыны түтікше, кристаллизатор, воронка, магний лентасы, қызыл фосфор, мыс (ІІ) оксиді , натронды әк, темір (ІІ) сульфиді , кальций карбиді , кальций карбонаты , магний карбонаты , натрий карбонаты , натрий гидрокарбонаты , натрий ацетаты , этил спирті , құмырсқа қышқылы , қымыздық қышқылы , индикатор қағазы, сүзгі қағазы, мақта, ерітінділер: (ρ=1,84 г/мл), (ρ=1,18 г/мл), 2н натрий гидроксиді , 2М аммиактың судағы ерітіндісі, калий карбонаты , қорғасын нитраты , 0,01н калий иодиді , күміс нитраты (0,1н), кальций гидроксиді , қорғасын ацетаты , натрий сульфиді , бейтарап лакмус ерітіндісі, фуксин.
1. Ағаш көмірін алу (ағашты құрғақ қыздыру). Сынауықтың 3/4 бөлігіне дейін құрғақ ағаш жаңқасын салып, штативке көлбеу бекітіп, оны газ түтікшесі бар тығынмен жабыңдар. Газ түтіктің бір шетін салқын суы бар стақанға салынған қабылдағыш сынауыққа батырып қойыңдар. Сынауықтың бойын біркелкі қыздырыңдар (70-сурет). Ағаштың өзгерісін байқаңдар. Тік түтіктен шығып жатқан газды жағыңдар. Қыздыруды тоқтатыңдар. Қабылдағьш сынауықта жиналған сұйық өнімдерді лакмустың бейтарап ерітіндісімен сынаңдар. Суыған сынауықтан ағаш көмірін алып, келесі тәжірибелерге сақтап қойыңдар.

70-сурет. Ағашты құрғақ айдау. 71 –сурет. Мыс (ІІ) оксидін көмірмен тотықсыздандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет