Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті



бет32/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71
Байланысты:
Зертханалы саба тарды О у материалдары сутегі №1 зертханалы ж

2. Ағаш көмірінің адсорбциялық қасиеті. а) Колбаға немесе стақанға су құйып оны күлгін сиямен немесе фуксинмен бояңдар. Оған ұсақталған ағаш көмірін салып, шайқаңдар. Одан соң сүзіңдер. Ерітінді түсінің өзгерісін түсіндіріңдер.
ә) Сынауыққа 1-3 тамшы 0,1 н қорғасын нитратының немесе ацетатының ерітіндісін құйып оған 1-2 тамшы калий иодиді ерітіндісін қосыңдар. Не байқалады? Иондық теңдеуін жазыңдар. Екінші сынауыққа қорғасынның сол тұзының ерітіндісінен 1-2 мл құйып оған ұсақталған активтелген ағаш көмірін қосып, сынауықты тығынмен жауып, қатты шайқаңдар. Ерітіндіні сүзіп, сүзіндіге (ерітіндіге) 1-2 тамшы 0,1 н калий иодидінің ерітіндісін қосыңдар. Бұл жағдайда тұнба түзіле ме? Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Ағаш көмірінің адсорбциялық қабілеті күшті болуы не себептен?
3. Көмірдің тотықсыздандырғыш қасиеті. Бір бет қағазда мыс (II) оксидін және ұсақталған ағаш көмірін шамамен бірдей мөлшерде араластырыңдар. Қоспаны құрғақ сынауыққа салып, оны штативке көлбеу бекітіңдер (71-сурет). Сынауықты имек түтігі бар тығынмен тығындап екінші ұшын ізбес суы бар сынауыққа салыңдар. Сынауықты газ бөлінуі тоқтағанша күшті қыздырыңдар. Құбылыстарды байқаңдар. Сынауық суығаннан кейін оның ішіндегі заттың түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
4. Метанның алынуы және қасиеттері. а) Сусыз натрий ацетатын және натрон ізбесін 1:2 қатынасында жақсылап араластырыңдар. Құрғақ сынауыққа 3/4 бөлігіне дейін қоспаны салыңдар. Газ түтікшесі бар тығынмен жауып, штативке бекітіп, қыздырыңдар. Түзілген газды кішкене цилиндрге судың үстіне жинаңдар. Цилиндр газбен толғанда түтікті судан шығарып алған соң, қыздыруды тоқтатыңдар (неге?). Цилиндрдің аузын судың ішінде шынымен жауып кристаллизатордан шығарып алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Метанды тағы қалай жинауға болады?
ә) Цилиндрді ашып, метанды жағыңдар. Жану біркелкі болуы үшін цилиндрге су құйып газды ығыстыру керек. Метан жанғандағы реакция теңдеулерін жазыңдар.
5. Ацетиленнің алынуы және қасиеттері. Сынауыққа кальций карбидін салып 2-3 мл су қосыңдар. Судың орнына күкірт қышқылының ерітіндісін (2:3) алуға болады. Бұл жағдайда ацетиленнің түзілуі баяулау жүреді. Ұшы созылыңқы түтігі бар сынауықты жауып, түзілген газды жағыңдар. Жалынның түрін, сипатын байқаңдар. Балқытатын түтік арқылы ацетиленнің жалынына үрлеңдер. Жалынның түрінің өзгеруін байқаңдар. Ацетиленнің алынуын, толық және шала жану реакция теңдеулерін жазыңдар. Ацетиленнің жалыны метанның жалынынан қандай өзгешелігі бар? Неге?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет