Зертханалық сабақтардың ОҚу материалдары сутегі №1 зертханалық жұмыс Тәжірибелер: Аспаптар мен реактивтер


Натрий тетрагидроксостибатының (ІІІ) тотықсыздандырғыш қасиеті



бет29/71
Дата02.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#71327
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71
9. Натрий тетрагидроксостибатының (ІІІ) тотықсыздандырғыш қасиеті. Күміс нитратының ерітіндісіне түзілген күміс (І) оксидінің тұнбасы жойылғанша аммиак ерітіндісін қосыңдар, оған 8ә-тәжірибесінде алынған натрий тетрагидроксостибатының (III) сілтілік ерітіндісін қосыңдар, қыздырыңдар. Тұнбаның түзілгенін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Бұл реакцияда натрий тетрагидроксостибаты (III) қандай қасиет көрсетеді?
10. Сурьма (III) тұзының гидролизі. Шамалы сурьма (III) хлоридін судың 1-2 тамшысында ерітіңдер. Ерітінді ортасын лакмус қағазымен сынаңдар. Лакмус түсінің өзгергенін түсіндіріңдер. Тұнба түзілгенше дистилденген су қосыңдар. Ерітіндіні сұйылтқанда неге тұнба түзіледі? Сурьма (III) хлоридінің гидролиздену теңдеуін жазыңдар. Түзілген сурьма (III) оксохлориді екенін ескеріндер. Ол қалай түзіледі? Алынған тұнбаға концентрлі тұз қышқылының бірнеше тамшысын қосыңдар. Жүріп жатқан өзгерістерді байқаңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер.
11. Сурьма қышқылын алу және оның қасиеттері. (тартпа шкафта жүргізу керек).
а) Металдың бәрі еріп су мен азот қышқылында ерімейтін ақ ұнтаққа айналғанша сурьманың аз ғана ұнтағын концентрлі азот қышқылын қосып қыздырыңдар. Алынған тұнбаның құрамы . Сурьма қышқылының формуласы . Реакция теңдеуін жазыңдар.
Сурьманың концентрлі азот қышқылы және күкірт қышқылымен әрекеттескендегі өнімдерін салыстырыңдар (7-тәжірибені қараңдар).
ә) Сурьма қышқылының тұнбасын екіге бөліңдер. Тұнбаға тұз қышкылы мен натрий гидроксидінің әсерін тексеріңдер. Сурьма қышқылының химиялық қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Алынған сурьма (V) хлоридінің ерітіндісін 12-тәжірибеге сақтап қойыңдар. Реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
12. Сурьма (V) қосылыстарының тотықтырғыш қасиеттері. Калий иодидінің ерітіңдісіне 11 ә-тәжірибесінде алынған сурьма (V) хлоридінің ерітіндісінен аздап қосыңдар. Иодтың түзілгенін дәлелдеңдер. Реакция теңдеуін және электрондар алмасу процесін жазыңдар. Осы реакцияда сурьма (V) хлориді қандай қасиет көрсетеді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет