Зерттеудің негізгі нысаны


«Сүтке тойған бұзаудай мінезсіз қыз екен»



бет14/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер

«Сүтке тойған бұзаудай мінезсіз қыз екен» (Ш.С.- «Әкесі мен баласының үйленуі» )
Бұл мысалда экспрессивті энантиосемияның пайда болуына бастапқы мағына семантикасының өзгеруі себеп болған, яғни жағымды қасиетті шамадан тыс, көп, артық көрсетуді көздеген кейіпкер аузындағы сөз бисемантикалы, сондықтан да контексте қай дифференциалды сема актуалденіп тұрғаны бірден байқалмайды. Ол тек алдындағы теңеу арқылы анықталады.
Ішсем, жайма шуақ жаздаймын да, ішпесем бұлыңғыр күздеймін. /Ш.С. Артта қалған жазу/
Контекст антонимдер есіл -дерті араққа ауып, өзін де, өзгені де мезі еткен, айналасындағы адамдарға қарым-қатынасы тек арақпен өлшенетін адамның өзіне-өзі берген мінездемесі поэзияда қолданылатын дәстүрлі метафоралармен суреттеліп, онымен болмыс арасындағы қайшылық мысқыл тудырады.
Әр адамның орны басқа емес пе? Мен анау-мынау емеспін, жолдас доктор. /С.Ш. «Операция алдында»/
Тіл білімінде есімдіктің субстантивті, атрибутивті есімдіктер болып бөлінетіні белгілі. Негізгі мақсаты аралық қатынастарды көрсету болып табылатын қарама-қарсы сілтеу мәндегі есімдіктері субстантивтеніп, қосарлану арқылы үлкен семантикалық жүк атқарып тұр. Кейіпкер сөзіндегі анау-мынау өзін жоғары бағалайтын, қызмет лауазымы арқылы кімді болса да, нені болса да сатып алуға, қорқыту, ықтыруға болады деп ойлайтын адамның мінездемесі ретінде көрінеді.
Кемедей биенің орнына, тышқандай тай берілді. /С.А. Кеңірдектің кеңесі/
Жалпы тіл жүйесінде қарама-қарсылықты білдіре алмайтын лексемалар контекске сәйкес антонимдік жұп құрап, аса әсер қуаты күшті теңеу жасаған.

  1. Сатиралық шығармалардағы узуалды фразеологизмдер және олардың окказионалды өзгерістері

Әр халықтың тілінде аса бейнелі де, сезімнің сан алуан күйін дәл беретін фразеологизмдердің орны айрықша. Ауызекі сөйлеу тілінде де, көркем шығармаларда да ойды әсерлеп, тұздықтап, түрлі эксплицитті, имплицитті ассоциоциялар жасайтын фразеологизмдердің стильдік қызметі сан түрлі.
Фразеологиялық тіркестердің зерттелу тарихы салыстырмалы түрде аз уақытты қамтығанмен, өте өнімді, өте қарқынды қарастырылып жүрген нысанның бірі екенін айтуға тиіспіз. Кейінгі деректерге қарағанда, тек түркі тіл білімінде ғана 200-ден аса диссертация фразеологияның құрылымын, семантикасын, стильдік қызметін қарастырып, оларды салыстырмалы, функционалды аспектіде саралауға арналған екен. Бұл заңды да, өйткені тілдің осы бір қазынасы жеке тұрып та, көркем, публицистикалық стильде қолданыста да бойындағы әлеуетін молынан көрсететіні айқын. Белгілі зерттеуші Р.Ғ.Сыздықтың: «Поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі олардың образды (бейнелі) болатындығы. Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің типтерін, олардың көп аздығын, ескі-жаңаларын түгендеу үстінде ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы байырғы қазынаны қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанын көруге болады. Ал бұлар шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегенді танытады, тіпті кеңірек қарасақ, суреткер тіліндегі фразеологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді» [21,96] деген пікірін кез келген қаламгер шығармашылығына қатысты деуге болады.
Белгілі лингвист А.О.Султаньяев ”Слово в контексте” деген еңбегінде: «фразеологические выражения по сравнению с пословицами и поговорками и другими художественно стилевыми средствами более оперативны в употреблении и не менее точны в передаче мысли» дей келіп, Ш.Уәлиханов шығармаларының лексика-стилистикалық ерекшеліктерін сипаттай отырып, оның шешендік өнердің басты көрсеткіші ретінде сөйлеуде мақал-мәтелдерді, күлкілі әңгімелерді, тұрақты сөз тіркестерін, нақыл сөздерді жатқа біліп, қолдана алуды атағанын, сондай-ақ Шоқанның ауыз әдебиет үлгілерін … жазба әдебиетте алғаш қолданғанын атап көрсетеді [22, 147].
Фразеологизмдер С.Адамбеков пен Ш.Смаханұлы шығармаларында мағынаны әсерлеу, нақтылау, суреттеу, көркемдеу сияқты қызметтерде қолданылады. Мәселен, С.Адамбековтің әңгімелерінен төмендегі тұрақты тіркестерді кездестіруге болады: Ана ақымақ Қасым бар ма, қанымды қайнатқаны бүгін. Берсін маған завфермасын, берсін Әшір өз орнын, қандай шыр айналдырар екенмін, - деп орнынан қозғалып қойды Қоңқабай. Қаратай Өткелбаевты ауданнан ертіп келген өкіл жер-көкке сыйғызбай мақтады. Әйелім, қарындасым, інім, балдызым – сабаудай сегіз жанбыз, - деп төмен қарап қысыла сөйлеп, иіліп тұрды Өткелбаев. Анау бір жазып жүрген кітабын бітіргенше, біраз күн мұрсат берсеңші. Артист-әнші нақышына келтіріп атқанда, неге екені белгісіз, жұрт ұйып тыңда қалады. – Ох, шіркін «Сегіз аяқ», келші, Құндыз, қосылайық, - деп кеудесін керіп, демін ішіне тартып қолындағы стақанды үрледі де, Құндыздың рюмкасына соғыстырып, қағып салды. Көзімнің тірісінде осынша таусыла жылайсыңдар, мен олай-бұлай болып кетсем, сендердің орындарыңа басқа біреу жоқтау айта ма, - деді де, Кәрекең сол жамбасына аударылып түсті. – Тілің мен жағыңа сүйенбе, сен бала. «Бөрі жоқ деме – бөрі астында» дегенде қатты шошынған үй иесі табан тіреп, шірене кеп тартқанда, бүкіл үш бөлме Жандостың құшағына еніп кеткендей болды, тақтайлары қаусаған есікті лақтырып тастап, табалдырық аттағанда көзге түртсе көргісіз үй іші дүлей қараңғы еді. Менің бақытым жүріп тұрғанда, бұл ауданда бетіме жан келмейді, - деп оңашада беделін, күшін Саяхов Оспановқа түсіндіріп те қоятын.
Осындай лексикографиялық түзілуі еш өзгеріссіз берілген тұрақты тіркестердің Шона Смаханұлының шығармаларындағы қолданыстары назар аударарлық:
«Өнер алды – қызыл тіл» деген халқымыз. Сонда екі сөздің басын қоса алмай, аузыңнан сөзің, қойныңнан бөзің түсіп тұрса, он бес жыл оқығанына кім сенеді?
Ойланып-толғанып арыз жазуға бел байладым
-Не дейсің… екі мың тауық бір түнде ғайып болыпты-мыс деген суық хабар сумаң етті.
Неге екенін білмеймін,
келіншегім қой етін тауып бер деп, жанымды көзіме көрсетті.
Сендерге тура сөз айтсақ қисайтып, осылай, бүйректен сирақ шығара қоясыңдар.
Біздің ішіміз удай ашиды.
«Мына Гүләйша менің өлі-тіріммен жұмысы жоқ екен ғой я, деп түйді ол ішінен».
- Күндіз-түні ұйқы көрмей аязбен алысып әрең жетсем…
- Томар Масанға тағы бір тілдей қағаз берді.
Арақ патша мен темекі төренің сырласуы

  • Сендей атағы жер жарған асылдан ат-тонымды ала қашсам адалдығым қайсы?

  • Тіпті, соның көз жасын сүртумен-ақ жігерім құм болып бітті. Ертеңіне ата-енесінің төрт көзі түгел отырғанда көйлекті умаждаған күйі керасинге бір батырды да, жанып жатқан пешке тастай салды.

Келтірілген мысалдардан байқалатыны, аталған авторлардың шағын прозасында қолданылған фразеологизмдерді стильдік бояуы, қолданылуы тұрғысынан ауызекі сөйлеу тілінің және қарапайым фразеологиялық тіркестер қатарына жатқызуға болады.
Біз қарастырып отырған жазушылардың шығармаларында бірқатар фразеологизмдер авторлық өзгерістерге ұшыраған. Дәстүрлі қолданыстағы тұрақты тіркестердің көркем шығармаларда түрліше өзгерістерге түсіп, қаламгерлердің айтар ойына, субъективтік көзқарасына, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекет, біліміне сәйкес қолданылуы туралы көптеген зерттеу жұмыстары бар [23;24;25] Авторлық трансформацияға ұшыраған фразеологизмдердің төмендегідей мысалдары байқалады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет