Зерттеудің негізгі нысаны



бет23/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ҚОРЫТЫНДЫ

Қандай да болмасын халықтың ұлттық әдебиеті оның болмысын, өмірге кзқарасын, ділін, дүниетанымын көрсететіні ақиқат. Бұл орайда әдеби процесте орныққан барлық жанрда жазылған әр шығарманың оқырманға берері, айтары болатыны даусыз, сондықтан сатиралық жанрда жазылған шығармалар қай дәуірде болмасын, қандай қоғамда болмасын өзіндік идеялық-эстетикалық жүк арқалайтыны мәлім. Осы тұрғыдан алғанда өткен ғасырдың 60-80 жылдарында сатира жанрында өнімді еңбек еткен Ш.Смаханұлы, С.Адамбеков сияқты жазушылардың шағын және көлемді прозалық туындыларының көтерген тақырыбы, мысқыл, шенеу, сатираға нысан еткен мәселелері сол кезде қоғамның барлық деңгейінде кездесетін сорақылықтар еді. Олардың негізгі-негізгілері – адам бойындағы адамгершілікке жат мінез-құлық, яғни әділетсіздік, мақтаншақтық, өтірікшілік, өсекшілік, жалқаулық, бойкүйездік, қулық, арамдық, жемқорлық және мемлекет, қоғам мүлкіне, мүддесіне немқұрайлылық, жаны ашымастық. Аталған кемшіліктерді мысқылдап шенеуде жазушылар тілдік және экстралингвистикалық факторларды мейлінше шебер пайдаланған. Сатиралық семантика түзіп, күлкі туғызу үшін қаламгерлер төмендегі тілдік факторларды ұтымды қолданған: сөз мағынасын кеңейту, сөз мағынасын ойнату, сөзді кері мағынада қолдану, стильдік контраст, ситуативтік-коммуникативтік сөзқолданыс және бұларға қосымша экстралингвистикалық фактор ретінде автордың коммуникативтік және прагматикалық ұстанымы, әлемнің тілдік бейнесі мен жазушы моделінің сәйкес-сәйкессіздігі.


Аталған тілдік құралдар мен экстралингвистикалық факторларды пайдалана отырып, сатирик қаламгерлер шындық пен идеалдың, ой мен іс-әрекеттің, форма мен мазмұнның қайшылығын көрсетіп, түрлі комикалы жағдайға назар аудартады.
Аталған жазушылар өз шығармаларының атауын мағыналық ұйтқы сөз ретінде пайдаланып, оның номинативтік, кумулятивтік, экспрессивтік, коннотативтік белгілерін текст түзуге, семантика, текст модальділігін құруға жұмсайды. Қаламгерлердің туындыларындағы тағы бір заңдылық – антропонимдердің информативтілігі және уәжділігі. Уәжді болатын себебі ситуативтік-коммуникативтік контекске сай. Қарастырып отырған жазушылардың әңгімелерінің лексика-фразеологиялық қабатында эмоционалды-экспрессивті, коннотативті бояуы ашық тілдік бірліктер қолданылады. Сөздердің лексикалық топтарының арасында антонимнің қызметі айрықша. Жазушылар энантиосемия құбылысын жиі қолданады. «Сөз көркі» саналатын мақал-мәтелдер, фразеологизмдердің стильдік қызметі сан алуан, олар әсірелеу, дәлелдеу, әсерлеу, бейнелеу сияқты қызметтерде жұмсалып, көркем шығарманың әсер-қуатын, қаламгердің сөзқолданысындағы өзіндік қолтаңбасын, ізденісін танытады.
Қарастырып отырған барлық қаламгерлердің шығармаларында бұл тілдік единицалардың узуалды және окказионал қолданыстары кездеседі.
Жалпы қазақ тілінің даму тарихында жаргондардың өз тіліміздің ішкі мүмкіндіктері арқылы жасалған нұсқалары көп кезікпейді десе де болады. Алайда осындай сөзқолданыс С.Адамбеков шығармашылығынан байқалды. Бұл нақылдардың көпшілігі антитезаға, контрастқа негізделген.
Ш.Смаханұлының шығармашылығында бітім тұлғасы мақал-мәтелге ұқсас, мазмұны сан алуан, дыбыстық үйлесім, ұйқасқа құрылған тұжырымдар кездеседі. Олардың эстетикалық әсер-қуаты, ерекшелігі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік деңгейде танылады.
Сатиралық шығармалардағы көркемдегіш құралдардың бәрі де әсерлі, образды күлкілі ситуация туғызуға жағдай жасайды, бүл көркемдегіш құралдардың көпшілігі күлкілі жағдайды одан сайын әсірелеуге қызмет етеді.
Жазушының әрқайсысы да интуитивті түрде интертекстуалды элементтердің әлеуетін тани білген, яғни претекст ретінде ауыз әдебиетінің нұсқалары, атақты «Хакім Абайдың» өлең жолдары алынған. Интертекстуалды байланыстардың бір саласын ішкі интертекстуалдық терминімен атайды, ол цитацияның жалғандығына сүйенеді, яғни шығармада кездесетін түрлі хат, өлеңдердің авторы, өзгерген сөйлеу субъектісінің иесі- жазушының өзі.
Мұндай ішкі интертекст аталған барлық жазушыларда кездеседі.
Тағы бір атап өтетін тілдік ерекшелік – графикалық тәсілдердің информативтілігін пайдалану, яғни пунктуация ережелеріне сай кіші әріптермен жазылатын жалпы есімдерді жалқы есім сияқты бас әріппен жазу, көп нүктелерді қолдану. Бұл тәсілдің ұтымдылығы – адам өз ойындағы идеалдың бар екеніне сендірте, иландыра алатынында.
Қазақ әдебиетіне 60-80 жылдары келіп, өнімді еңбек еткен жазушылар комизм тудыруда ситуативтік-контекске, сөз мағынасын ойнатуға, сөзішілік қарама-қарсылық байланыстардың негізінде пайда болатын энантиосемия құбылысына, етістіктер семантикасына сүйенгені мәлім. Шығармалардағы қайталама элементтердің де стильдік қызметі жоғары. Сондай-ақ бұлардың тілдік құрылымында түрлі функционалдық стильдерге жататын сөз, сөз тіркестерін өз ортасына сай қолданбау нәтижесінде пайда болатын стильдік контрастың қызметі ерекше.
Біз қарастырған сатиралық шығармалардың қай-қайсысы болмасын өз заманы мен қазіргі күннің талабына сай келіп, қажеттігін өтеп отыр. Олар жазылған уақыттан бері біздің қоғамдық формациямыздың өзі өзгеріп кетсе де, адам бойындағы барлық кемшіліктер аса көп өзгере қоймайды, сондықтан да көрсетілген сатиралық шығармалар әлі де өз оқырманын табады деген ойдамыз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Тураева З. Лингвистика текста. –Москва, 1982.

  2. Қожакеев Т. Сатира негіздері. –Алматы, 1991.

  3. Жумагулова В.И. Сатира и юмор в прессе Казахстана. –Алматы, 1999. -206 с.

  4. Шанский Н.М. Лингвистический анализ художественного произведения. – Ленинград, 1990. -415 с.

  5. Гальперин И.Р. Текст как объект лингвистического исследования. –М.: Наука, 1981. -139с.

  6. Кржижановский С. Поэтика заглавий. –Москва. 1931.

  7. Есенбеков Т. Әдебиеттануға кіріспе. –Қарағанды, 1991.

  8. Ашимханова С. Поэтика заглавия в произведениях Г.Мусрепова //Ахмет Байтұрсынов және қазақ тіл білімі. –Алматы, 1998. -96 б.

  9. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы, 1974. -191 б.

  10. Қазақ тілі. Энциклопедия. –Алматы, 1998.

  11. Жақыпов Ж. Сөйлеу синтаксисінің сипаты. –Алматы, 2000. 230 б.

  12. Вакуров В.Н. Основные проблемы стилистики фразеологических единиц: Автореф.дис. ...докт.филол.наук. –М., 1983. -48с.

  13. Кәрімов Х. Қанатты тіл. –Алматы,

  14. Қазақ грамматикасы. – Астана, 2002.

  15. Әзімжанова Г. Көркем проза тіліндегі етістіктің стилистикасы. Канд.дисс.автореф. –Алматы, 1998. -24 б.

  16. Қазақ әдебиеті (энциклопедия). –Алматы: «Білік» баспа үйі. 1999. -750 б.

  17. Меликян В.Ю. Об одном из типов нечленимые предложений и его эстетических функциях// РЯШ, 1999, №2, 95 б.

  18. Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. –Москва, 1963.

  19. Будагов Р.А. Введение в науку о языке. –Москва, 1965.

  20. Жүсіпов А. Қазіргі қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторлары. Канд.дисс.автореф. –Астана, 2002.

  21. Сыздықова Р. Сөз құдіреті. –Алматы, 1997. -224 б.

  22. Султаньяев О.А. Слово в контексте. –Кокшетау. 2001. -214 б.

  23. Қожахметова Х. Фразеологимдердің көркем әдебиетте қолданылуы. –Алматы, Мектеп, 1972, -112 б.

  24. Турабаева Г.К. окказиональные преобразования пословиц и поговорок в казахском языке. Автореф.дис.канд. –Алматы, 1989. -26 с.

  25. Сатенова С.К. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты. –Алматы, Ғылым, 1997. -184 б.

  26. Мұратова Г.Ә. Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық. –Алматы, 2002. -138 б.

  27. Сыздық Р. Тілдік норма және оның қалыптануы. –Астана, 2001. -230 б.

  28. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ. Қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы.

  29. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы. Анна тілі, 93-304 б.

  30. Лингвистический энциклопедический словарь. –Москва, Русский язык, 1990.

  31. Тіл білімі сөздігі. –Алматы, 1998.

  32. Словарь социолингвистических терминов. –Алматы, 2001.

  33. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы, Ғылым, 1974-1986. –І-Х т

  34. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. –Алматы, 1969.

  35. Әділова А.С. Сентенциялардың лингвостилистикалық сипаты. –Алматы, 2003. – 96 б.

  36. Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі –Алматы, Қазақстан, 1993. -128 б.

  37. Әділова А.С. Интертекст негізді көркемдегіш құралдар // Академик Е.Бөкетов – ғалым, оқытушы, ойшыл. Е.А.Бөкетовтің 80 жылдығынан арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. матер. ІІ том -719 б.

льская Л.Б. Структурные типыфразеологизмов, используемых как подпись к карикатуре. -В . советских писателей. -М.



МАЗМҰНЫ
Кіріспе ...............................................................................................................3-6
Шона Смаханұлы және Садықбек Адамбековтің шағын прозасындағы тілдік ерекшеліктер: .................................................................................................. 7-48
1. Атаулар поэтикасы және антропонимдер информативтілігі ...................7-11
2. Контекстік-ситуативтік комикалы сөзқолданыс ....................................11-27
3. Антонимдердің комика тудырудағы қызметі .........................................27-30
4.Сатиралық шығармалардағы узуалды фразеологизмдер және олардың окказионалды өзгерістері .............................................................................30-33
5. Сатиралық шығармалардағы әдеби нормадан тыс элементтер ............33-40
6. Ш.Смаханұлының бірқақпайларының тілдік ерекшеліктері ................40-45
7. Сатиралық шығармалардағы көркемдегіш құралдар ............................45-47
8. Ш.Смаханұлы мен С.Адамбековтің шағын прозасындағы
интертекстер ................................................................................................. 47-48
Қорытынды ................................................................................................... 49-51
Пайдаланылған әдебиеттер ......................................................................... 52-53





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет