Зерттеудің негізгі нысаны



бет17/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Капут, Маклушка Бұл боксер бала, жағыңды қаусатады, - деп түрік ерін, қара қыз оның мойнына асыла кетті.

  • Но, но, сызып тұрыңдар! А то, мұрындарыңды майлаймын, - деп сарт етіп қатты жабылған есікке оқыс бұрылып қарады мысық мұртты толық қара жігіт:

  • Палундра! Кермеқас. Маклушкамды тартып алды! – деп шыңғырып диванда бетін басып жатқан жирен шаш.

  • Мен үшін отқа түстің? Мен үшін суға түстің? Осындай саясат сөз, знаешь, құлағымды шірітті. Менде нең бар, а, сенің қалтаңа түстім бе? Өз ақшама алдым. Не істесем өз еркім. Ал, шауып ал!

  • Шаромыха болғанымды жаз. Көрген, істеген сұмдықтарымды жазсаң болды, естіген адам жанынан түңілсін.

    - ВУЗ-ға түстім, Елпеке.
    Байқап отырғанымыздай, бұл мысалдардағы капут, но, палундра, знаешь, шаромыха, біздің пікірімізше, варваризмдер. Бұлар әр қоғамның әлеуметтік-идеологиялық жағдайына, халықаралық байланыстарға қарай өзгеріп отырады. С.Адамбековтің шығармалары жазылған 60-жылдары неміс, орыс тілдерінен кірген бұл сөздер кеңінен тараса, қазір оларды ағылшын тілінен енген варваризмдер – англизмдер алмастырған.
    Р.Сыздық пен Ә.Болғанбаевтың жоғарыда келтірілген дәйек -сөздерінде варваризм мен жаргондардың ара-жігі ажыратылмаған, сол себептен де осы бір тілдік құбылыстар туралы пікірлерді келтіре кеткен артық болмас.
    Лингвистикалық энциклопедиялық сөздіктің анықтамасында варваризмдерді тілдік контакт нәтижесінде бір тілден екінші тілге ауысқан кірме сөздердің қатарына жатқызып , мынадай анықтама береді: «На первых ступенях заимствование слова чужого языка могут употребляться в текстах заимствующего языка в качестве иноязычных вкраплений, сохраняя свой иноязычный облик, а если они (обычно как проявление моды) получают более или менее регулярное употребление, то их называют варваризмами [30].
    Ал, Тіл білімі сөздігінің авторлары бұл сөздің екі мағынасын келтіреді: «Варваризмдер (грек barbarmos – жат елдік). 1. Белгілі бір тілге басқа, бөтен тілдерден енген, толық қалыптаса қоймаған сөздер немесе сөз тіркестері. 2. Белгілі бір елдің әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тұрмыс-жайын, олардың өзіндік ерекшеліктерін айқын көрсету үшін қолданылатын кірме сөздер» [31]. Біз варваризмдер туралы алғашқы пікірді ұстана келіп, варваризмдер өзі ауысқан тілде тек ауызекі сөйлеу тілінде тұрақталған немесе тұрақталуға бейім, мағынасы халықтың барлық әлеуметтік тобына түсінікті сөздерді айту керек деп есептейміз. Мысалы, звонить, алкаш, шишка, босс, салам. Соңғы сөз ана тіліміздің байырғы сөзі сәлемнің бұрмаланған түрі. Жастар үнемі қолданатындықтан өз тілімізден орыс тіліне де ауысып отырғаны байқалады. Ал көркем тексте арнаулы мақсатта кейіпкер тілінде кездесетін, еш өзгеріссіз немесе бұрмалаумен айтылатын сөздерді көрнекті тілтанушы ғалым Р.Сыздық кейінгі зерттеулерінде макаронизмдер деп қолданып жүргені байқалады [22].
    Көркем шығармаларда, күнделікті коммуникацияда жиі кездесетін тағы бір құбылыс-жаргондар туралы анықтамалық әдебиеттер былай дейді:
    Жаргон – разновидность речи, используемой преимущественно в устном общении отдельной относительно устойчивой социальной группой, объединяющей людей по признаку профессии, положения в обществе, интересов или возраста. Соотношение лексики разговорного происхождения, а также характер ее переосмысления в жаргон – от шутливо-ироничного до грубо-вульгарного – зависят от ценностной ориентации и характера социальной группы: носит она открытый или замкнутый характер, органически входит в общество или противопоставляет себя ему. В открытых группах жаргон – это «коллективная игра». В замкнутых группах – также сигнал, различающий «своего» и «чужого», а иногда – средство конспирации [30].
    Жаргон – Аргомен барабар болса да, Пейоративтік кемсіту, қорлау, менсінбеу мәні бар. Ұрылардың, теңізшілердің, әскери адамдардың мүдделерінің, айналысатын кәсібінің, қоғамдағы жағдайының ортақтығына (орыс дворяндарының), жас мөлшеріне байланысты біріккен жеке тұрақты әлеуметтік топ адамдары пайдаланатын сөйлеу түрі. Жаргондық лексика стилистикалық тұрғыдан төмендету, қалжыңды-ирониялық немесе тұрпайы бояуымен ерекшеленеді [32].
    Жаргон – (француз, галло-роман тілінде – бос сөз) – кәсіп, қоғамдағы жағдайы, мүдде, жас ерекшелігіне қарай бөлінген шағын әлеуметтік топтың қоғамның басқа мүшелерінен оңашалану үшін бір не бірнеше табиғи тіл элементтерін әдейі бұрмалап сөйлеуі, тілдің әлеуметтік бір тармағы. Жаргон негізінен, ауызша сөйлеу, аргоға қарағанда, жағымсыз ұғымда, ұрының, бұзақының, студенттің, саудагердің жаргоны түрінде кездеседі. Жаргон лексикасы көркем әдебиетте белгілі бір әлеуметтік топтың сөйлеу салтын білдіру үшін қолданылуы, солар арқылы әдеби тілден орын алуы мүмкін [33].
    Соңғы анықтаманың авторы көрсеткен көптеген жаргондар көркемдік мақсатта қолданылатын метафора деп түсінімені жөн сияқты, себебі бұл қолданыстар басқа жаргондар тәрізді көп, белсенді жұмсалмайды. Тіліміздегі бұл топқа енетін элементтер басқа тіл бірліктерінің калька жолымен аударылуы немесе тікелей кіруі арқылы қалыптасатынын көрсетеді. Мәселен, қазіргі жастар тілінде жиі кездесетін құлақтан тебу, лақтырып кету, тартып жіберіңізші, қуып кету сияқты жаргондардың қолданысы тұрақталып келеді деуге толық негіз бар, себебі, бұл сөздерді қолдануды жастар белгілі бір дәрежеде бедел деп те есептейді.
    Қазақ тілінің өз мүмкіндіктері арқылы жасалған мысалдар көп кездеспейді, өйткені жаргон сөздерді керек ететіндер өз ойларын құпия жеткізуге, кекетуге, мысқылдауға көбіне орыс тіліндегі дайын нұсқаларды бейім тұрады Бұл, біздің ойымызша, әлеуметтік-саяси факторға байланысты, өйткені Кеңестер Одағына біріккен 15 республика азаматтары жоғары оқу орындарында, демалыс-мәдени ошақтарда, түрмелер мен еңбек түзеу колонияларында негізгі қарым-қатынас тілі болған орыс тіліне тән сөйлеу элементтерін игергені тарихи шындық. Қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері жаргон мен варваризмдерді бір қатарда қарастырғаны сол себептен де болар.
    С.Адамбековтің «Көк қалта» әңгімесінде нашақорлардың ортасында кеңінен белгілі бірнеше жаргон келтіріледі: ұшпа, темірқанат, түлек, шаһидашы, гәйіп.
    Қазақ тілінің өз заңдылығымен, метафора түрінде жасалған алғашқы үш жаргонның уәжін автор апиыншының аузына салған:

    • Күніне бір-ақ рет таңғы шәй үстінде таңдайға салатындарды біз темірқанат дейміз. Темірқанаттар қойып кетуіне де болады. Одан ары кеткен соң ұшпа болады. Ұшпа болған соң кәдімгі ұшпа боп ұшып кетеді. Өзін-өзі ұстай алмайды. Мына Тілеубайлар сол ұшпалар, - деп тонды кісі қолындағы құтысына қарап тамсанып қойды.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет