Зерттеудің негізгі нысаны



бет15/23
Дата27.09.2023
өлшемі352,5 Kb.
#110333
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Сен құсап «жалғызым-ау, жалғызым» деп жанымды шүберекке түйгеннен, түйе болғанымның өзі артық деген (Кенжелер)
Бұл фразеологизм түрлі ассоциациялар тудыратыны сөзсіз. Ең алдымен «Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, Екі баласы бардың құйрық, бауыр, жалы бар, үш баласы бардың Бұқарада пұлы бар» деген қазақ мақалынан бастап, қазақ жырауларының жалғыз бала туралы пікірлерін түгелде еске алғызады. Қатты уайымдау, қорқу мағынасындағы жанды шүберекке түю фразеологизмі алдындағы мақал семантикасының бояуын одан сайын қалыңдата түскен.
Алдына көлденеңдеп, акті тұрды. «Акті қандай мейірімді» десеңізші, кеңірдекке дүние тыға берді, өтірік өрге басып, шындық ыға берді.
Бұл қолданыста автор өтірік өрге баспайды деген мақалды өзгеріске түсіріп, оны контраст параллель синтаксистік конструкциямен толықтырып, әсерлі де бейнелі окказионал фразеологиялық вариант түзген.
Володарск автобазасының басшылары бір ауыздан сөз, бір жеңнен қол шығарып алған екен. .
Дәстүрлі қолданыстағы «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару» түрін автор әңгіме идеясына, айтар ойына сәйкес өзгерткен өте сәтті шыққан, өйткені екен есімшесімен тіркесіп, бұл окказионалды қолданыс автордың өз кейіпкеріне қатысын, ұстанған позициясын ашық көрсетеді.
Біз айтқалы отырған бұл махаббаттың талай қыз отына жанып, суығына тоңып, әуелі күліп, ақырында салқындап жылаған. Ертеңіне-ақ колхоз председателі Құндыз үйінен, жайлы мекен тапты. Күн өткен сайын отырса уһлеп, жатса аһлап, үнемі жалғыздығын айтып зарлана беретін болды. - «Үндеместе пәле бар, екі ұртында шала бар» дегендей бір гәп бар. (
Бір жылап, бір күлу ретінде ауызекі сөйлеу түрінде жиі қолданылатын тұрақты тіркесті қаламгер антонимдік жұп құрайтын әуелгі – ақырында сөздерімен алмастырған, өзгерісі уәжді, себебі антонимдік жұптар өте ауқымды сезім палитрасын қамтиды.
Қыз айттырып келгеннің бірде-бірінде үн жоқ. Аузын буған бұзаудай. (Ш.Смаханұлы).
Жалпыхалықтық қолданыстағы аузын буған өгіздей фразеологизмнің бір компонентін бір тақырыптық-лексикалық топтағы сөзбен алмастырып, авторлық өзгеріске түсірген. Айта кетерлік бір жай, аса мәнді хабар беретін сөзді сөйлем құрылымынан жеке бөліп алып, актуалдандыру арқылы жасалатын парцеллят түрінде берілген.
- Қарағайдай болмаса да, насыбай шақша ғұрлы бірдемем бар еді ғой. (Ш.Смаханұлы).
Бұл контексте автор алдыңғы репликада келтірілген «Мүйіз сұраймын деп құлағынан айырылыпты» мәтелі мен фразеологиялық тіркесімен байланыс орнатып екінші бір мүйізі қарағайдай контаминация негізінде окказионал вариант жасап, ойын әсерлеген.
Жандостың шыбын жаны желкесінен шыға жаздады (Екі дос қалай шатасты).
Осы авторлық қолданыста үш бірдей фразеологизм контаминацияға түскен: Жаны шыға жаздау, шыбын жаны, жегені желкесінен шығу. Ауызекі сөйлеу тілінде жиі жұмсалатын соңғы тұрақты тіркеспен өзгерту арқылы автор оның бағалауыштық мағынасын пайдаланған.
Жазушылардың фразеологиялық тіркестерді олардың құрамында сөзді басқа лексемамен ауыстыру, арасына сөз сыналату немесе сөзді түсіру тастау сияқты тәсілдерді қолдану арқылы өзгерткен. Фразеологизмдерді осылайша өзгертуді уәжді нормадан ауытқу деп бағалау керек, өйткені:
«Нормадан ауытқу – фразеологияның мәнерлілігін одан сайын арттыра түсу үшін қолданылатын стильдік тәсілдің бірі. Тұрақты тіркестер әбден айтыла-айтыла келе бояуы солғындағандай болған кезде, автор оған өзінше өзгеріс жасайды: окказионалды қолданыстағы фразеологизмдердің бір компоненті басқа сөзбен ауыстырылады, не түсіп қалады; компоненттер арасына бөтен сөз енеді немесе басқа да синтаксистік сыны бұзылады (деформацияға ұшырайды). Бұл амалдардың бәрі – жазушы қолданған көркемдік тәсілдер» [26,85].
Байқап отырсақ, окказионал фразеологизмдер екі жазушы шығармаларында азырақ кездеседі екен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет