Зерттеуші педагогтің мәдениеті және ғылыми этика


) зерттеу қызметін жауапты басқару және



бет7/9
Дата18.10.2023
өлшемі350,25 Kb.
#118079
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1) зерттеу қызметін жауапты басқару және

2) ұйым ішінде әдептік сараптаманы нақты рәсімдер түрінде жолға қою.


Бұл параграф негізінен зерттеу қызметін жауапты басқару мәселелеріне арналған, атап айтқанда, зерттеу жүргізетін ұйымдардың тиісті институциялық саясат пен тетіктерді құруы, білім зерттеушілерін оқыту мен олардың біліктілігін арттыру, деректерді басқару жүйелерін дамытып қолдау және зерттеу нәтижелерін тарату.

Әдептік сараптама

  • Білім зерттеушісі өзінің зерттеушілік жобасының қоғам үшін маңызымен шабыттанатындықтан, зерттеуінің пайдасын (игілігін) әсірелеуге, ал одан қатысушыларға зиян тию тәуекелін кемітіп көрсетуге бейім болып тұрады. Осыған байланысты зерттеуде қатысушы адамдардың қаншалықты қорғалғанын және зерттеу әдебінің басқа да талаптарының орындалғанын әділ бағалайтын сырт көз керек. Мінекей, осындай бағаны Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитет әдептік сараптамаға сүйеніп береді.
  • Бұл параграф әдептік сараптаманы өткізетін жұмыс органы мен оның рәсімдері туралы жалпы нормаларды қамтиды. Мұндай нормаларды практика жүзінде қолдану үшін зерттеу жүргізетін ұйымдар өз ішінде нақтыланған және контекстке сәйкес қағидаларды (ережелерді, регламенттерді) қабылдауы қажет болады.

Өтпелі ережелер

  • Осы Кодекс мазмұнынан көрініп тұрғандай, зерттеу жүргізетін ұйымдарда зерттеу әдебі толыққанды сақталуы үшін онымен шұғылданатын институциялық комитеттер болуы шарт («7.2. Әдептік сараптама» параграфын қараңыз). Жоғары оқу орындарының әрқайсысы үшін Зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттің қызмет етуі қалыпты тәжірибеге айналғаны дұрыс.
  • Қазіргі кезде Қазақстанның зерттеу ұйымдарында (медициналық оқу орындарынан басқа) көбінесе аталмыш комитет қызмет етпейді. Мұндай комитеттердің ұлттық және институциялық деңгейде құрылып дамуы үшін ғылымның барлық салалары, сонымен қатар әлеуметтік ғылымдар бойынша зерттеулерді әдептік тұрғыдан реттеудің қазақстандық жүйесі орнауы қажет. Ондай жүйе үшін құқықтық базаны, регламенттер мен оқыту контентін айтпағанда, зерттеушілердің бойында тиісті құзыреттілікті қалыптастырып жетілдіру қажет болады. Бұл зерттеушілердің үздіктері кейін әдеп комитеттерінің құрамына енуі керек.
  • Аталған қиындықтарды түсіне отырып, Кодекс авторлары осы параграфта Зерттеу адалдығын сақтаудың қазақстандық жүйесі орныққанға дейін білім зерттеушілері мен зерттеу жүргізетін ұйым басшыларына зерттеушілік жобаларды әдептік сараптамадан өткізудің уақытша балама шараларын тұжырымдады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет