Қағидалардың алғашқы екі түрін Алғы сөз, Кіріспе, бөлімдер мен параграфтардың бас жақтарынан кездестіреміз. Бұдан басқа, Кодексте қазақстандық зерттеу практикасы үшін беймәлім я ерекше болып көрінетін ұғымдар/терминдер мен жағдайлар кездесетіндіктен 3-бөлімде глоссарий, 5–7-бөлімдердегі бірқатар нормаларға анықтамалық-түсініктемелік мәлімет әзірледік және құжат ішінде өзін-өзі бағдарлауды жеңілдету үшін беттердің төменгі жағында сілтемелерді келтірдік. Түсініктемелерде ҚР нормативтік құқықтық актілерінен үзінділер берілген, бұл актілер Кодексті жазу және басуға дайындау кезінде қолданыста болған. Уақыт өте заңнама ептеп өзгеретіндіктен білім зерттеушілері аталған үзінділерді басшылыққа алмастан бұрын тиісті актілердің жарамдылығын тексеріп отыруы керек.
Кодекске арқау болған дереккөздер
Еуропа білім зерттеулерінің қауымдастығы (EERA) ұсынатын әдеп кодекстері
зерттеу адалдығына арналған халықаралық және шетелдік құжаттар
әлеуметтік ғылымдар аясындағы бірқатар әдеп нұсқаулықтарын Қазақстан контексіне және заңнамасы
Зерттеудегі адалдық туралы Сингапур мәлімдемесі (2010),
Австралия мен Нидерландтың зерттеу жүргізудегі ұлттық әдеп стандарттары
Кодекске EERA-ның бірнеше мүшелері, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания және Шотландияның әдептік нұсқаулықтары үлгі ретінде басшылыққа алынды.
ЮНЕСКО әлеуметтік-ғылыми зерттеу жүргізу кодексі (2004),
ТМД-ға мүше мемлекеттері үшін ғылыми қызметтің әдеп қағидалары туралы декларация жобасы мен аналитикалық шолу (FECCIS, 2011),
Еуропалық экономикалық және әлеуметтік зерттеу кеңесі зерттеу әдебінің негіздері (ESRC, 2015)
Кодексті қолданушылар
Кодекс Білім беру саласындағы зерттеушілердің Қазақстандық қоғамының (KERA) мүшелері үшін міндетті құжат болып табылады. Дегенмен оған республика аумағында білім саласы бойынша зерттеумен айналысатын басқа ұйымдар мен зерттеушілер қосыла алады. Кодекс мақұлданған кезде Қазақстанның заңнамасында денсаулық сақтаудан басқа салаларда адам қатысуымен жүргізілетін зерттеулер әдебіне қатысты арнайы талаптар болмады.
Отандық денсаулық сақтау жүйесінде биомедициналық зерттеу әдебінің ұстанымдары мен стандарттары 2000 жылдардың ортасынан бері арнайы құқықтық актілермен бекітіліп келеді (Сарымсакова және т.б., 2007, с. 17–20). KERA мен осы басылымның авторлары бұл Кодекс және қоғамымыздағы зерттеуге деген қазіргі қызығушылық білім және басқа да көптеген салаларда зерттеу әдебіне қатысты арнаулы нормативтік құқықтық актілердің қабылдауына ықпал ететініне зор үміт артады.