Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
99
ӘМІРОВА Салтанат Ерболқызы,
«Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі» КММ
4 сынып оқушысы, Самар ауылы, Кӛкпекті ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ГАЛИЕВА Гульжан Ержановна,
«Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мҧғалімі, Самар ауылы, Кӛкпекті ауданы,
Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы
ҚҦЛЫНЖОН КЕНІШІ
Аңдатпа
Осы ғылыми жобада оқушы ҿндірістік орындардың маңызын зерттеген.
Құлынжон жерінде мекендейтін жануарлар, жҽндіктер мен ҿсімдіктерге ерекше
кҿңіл бҿлген. Құлынжон кенішінің тарихын зерттей келе, алтынды ҿндірудің қандай
ҽдістері, алтынның қандай ерекше қасиеттері бар екеніне тоқтала кеткен. Бұл
жұмысты оқушылар мен ұстаздар сабақтан тыс кезде қолдана алады.
Тақырыптың ӛзектілігі. Туған жердің тарихын білу – ҽркімнің міндеті. Мен
де ҿз туған жерімнің тарихын, ҽсіресе ҿндірістік орындардың маңызын зерттедім.
Жҽне мынадай ҿзекті мҽселелер туындады: «Каскад-Н» ЖШС компаниясы немен
айналысады? Оның Самар ауылына қандай маңызы бар?
Менің апамның үйі Самар ауылының мешітінің қасында. Апамның үйіне
барған кезде мен үнемі жан-жағыма қарап, ауылдағы ғимараттарды тамашалаймын.
Соның бірі мені ерекше қызықтырды. Оның ауласында үнемі қаптаған машиналар
тұрады, адамдар кіріп-шығып жүреді.
Мен мұғалімім Гүлжан апайдан: «Ол қандай ғимарат? Ондағы адамдар немен
айналысады?» - деп сұрадым. Гүлжан апай біздің Самар ауылының маңындағы
Құлынжон аймағында геологтар зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алтын қорын
тапқаны туралы айтты.
Мҽссаған! Менің таңданғаныма шек болған жоқ. Анамның қолында тағып
жүрген бағалы зат – алтын біздің ауылдың маңында! Геолог ағайлар алтынды қалай
зерттеп, тауып алды екен? Алтынның қандай ерекшелігі бар? Осындай сұрақтар мені
қызықтырып, мазалай бастады.
Осы сұрақтарға жауап іздеп, ең алдымен энциклопедияны ақтарып, мынадай
анықтама таптым: «Алтын – жұмсақ сары түсті, соғылғыш, созылғыш, жайылғыш,
ауыр, жұмсақ металл. Қалыңдығы 0,0001 мм фольга жасауға болады» [2, 36]. Осы
анықтаманы тереңірек түсіну, сұраққа нақты жауап алу үшін біз мұғалімімізбен осы
тақырыпта ғылыми жоба жазуға бекіндік.
Біздің жобамыздың басты мақсаты – Құлынжон кенішінің тарихын зерттеу,
алтынды ҿндірудің қандай ҽдістері бар екенін, алтынның қандай ерекше қасиеттері
бар екенін білу.
Міндеттері: Құлынжон кен орнының тарихын, Құлынжон кен орнының
табиғатын, алтынды зерттеу, алтын ҿндіруде қолданатын ҽдістерге, алтынның
ерекшеліктеріне, алтын туралы қызықты мҽліметтерге, ҿндіріс орнына сараптама
жасау.
2005 жылдың 26 желтоқсанында жер байлығын қолдануға рұқсат етілген
конкурс негізінде Қазақстан Республикасының Минералды ресурс жҽне энергетика
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
100
министрлігі жҽне «Каскад-Н» ЖШС компаниясы арасында мемлекеттік келісім-шарт
тіркелді. Ол Шығыс Қазақстан облысының Құлынжон кен орынында зерттеу жҽне
алтын ҿндіру жұмыстарын бастауға негіз болды. Бұл жоба бойынша 2006-2014
жылға дейін зерттеу жұмыстары болады. Келісім-шарт аймағы ауданы 200 шаршы
шақырым болатын тік тҿртбұрышты құрайды. Ол шығыстан батысқа қарай 10
шақырым жҽне оңтүстігінен солтүстігіне қарай 20 шақырым жерді алып жатыр.
Құлынжон рудалық даласы – бір ғасырдан аса геологиялық тарихы бар ҿлке.
1900-1951 жылдар аралығында осы жерлерден алтын ҿндіру жұмыстары жүргізілген
екен. Рудалы аймақта 30-дан аса тарихи алтынды учаскелері бар. Соның ішінде
Веселый, Рюрик, Достойный, Владимирский, Праведный, Ретивый, Варяг-1, 2, 3,
Александровский, Фабричный, Скалистый, Сомнительный. Бұл атаулар осында
зерттеген геологтардың аттары жҽне сол зерттеген экспедиция ерекшелігіне
байланысты қойылған болуы керек [1, 6].
Белгілі рудалы зерттеулерге қарамастан қазіргі зерттеу жұмыстары
коммерциялық нысандарды тезірек табуға негізделген. Осы жұмыстар арқасында
осы жерде жер асты жҽне бұрғылау жұмыстары жүргізіледі.
Қҧлынжон кенішінің географиялық және экономикалық жағдайлары.
Құлынжон кен орны ҽкімшілік тұрғыдан Шығыс Қазақстан облысы, Кҿкпекті
ауданында Самар ауылы аймағында орналасқан. Ал географиялық тұрғыдан
қарастырғанда Қалба тауларының жоталарында 1300-1100 метрлік солтүстік-
шығысы таулы рельеф алып жатса, оңтүстігіне қарай 850-750 метрге биіктігі азаяды.
Таулы рельефті Құлынжон жҽне Кҿпірлі деген кішкентай ҿзендері бҿліп жатыр.
Ҿзен аңғарлары 10 метрден аспайды. Тереңдігі 1 метрге жуық. Ҿзен суы үнемі
толмайды. Тек сҽуір айынан маусым айларында қар еруіне байланысты толады. Тау
аңғарлары жартасты жҽне ұсақ тастармен кҿмкерілген. Ауданның климаты
континентальды. Қысқа, ыстық жазымен жҽне суық ұзақ қысымен ерекшеленеді.
Жел батыс жҽне оңтүстік батыстан соғады. Жылдың орташа температурасы +30-дан
+40-қа дейін жазда. Ал қыста -40 градуске дейін барады. Қар жамылғысы қазанның
соңынан сҽуірдің аяғына дейін жатады. Кейбір жерде қардың қалыңдығы 2-3 метрге
дейін жетеді. Құлынжон кеніші аймағында жазықты жерге тҽн ҿсімдіктер ҿседі.
Таудың алдындағы ҿзен аңғарларында топырақтары қара, бозды селеулі
далаларымен ерекшеленеді. Таулы аймақ болғандықтан бұл жерлерде жауын кҿп
жауады, сондықтан бұл жерлерде ҿсімдік жамылғысы мол болып келеді. Қоңыржай
шалғынды далалар біртіндеп бұталы жҽне боз-бетегелі ұшқат, итмұрын, тобылғы,
құртқашаш, ҿскен далаларға ауысады. Ҿзен бұлақ бойы терек, тал, шабындық
шалғынды ҿсімдіктер ҿссе, тау беткейлері аралығындағы тар шатқалдар мойыл,
итмұрын долана – бҿрі, жидек, т.б. жемісті ҿсімдіктер мол. Алтай ландшафтарының
биіктік белдеулері солтүстік батысында дала зонасынан басталса, Жайсаң ойысына
қараған жағында шҿлейт зонасы басталады екен. Олардың шекарасы Бұқтырма ҿзені
арқылы ҿтеді.
Интернет желісіндегі ғылыми еңбектерде Сібірді мекендеген жануарлар
дүниесі Қазақстан жағына қарай ығысуына мұздық кезең ҽсер еткені жазылған.
Олардың кейбір түрлері таулы аудандарда ҽлі де сақталған, оларға тундра кекілігі,
жапалақ жатады. Осы уақытта Орталық Азия жануарлары мен құстары да
Қазақстанға ығысқан. Оларға құр, тоқылдақ, самырсын құс, ақ қоян, т.б. атауға
болады. Кейін олар дала мен шҿлейт зоналарына ауысқан деген пікірлер бар.
Құлынжон жерінде марал, елік, бұлғын, бұлан, Роборский атжалманы, бүркіт,
үшбақайлы ергежейлі қосаяқ, ҿсімдіктерден: жүзген, қазақ аршасы, ақтерек,
қаратерек бар. Құлынжон ҿзені аңғарындағы қалдық қарағай орманы бар. Ал ҿзеннің
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
101
ҿзі Жоғарғы Ертіс алабымен ағады. Ол Қалба жотасының оңтүстік-шығысынан
басталып, Бұқтырма бҿгеніне құяды. Оның ұзындығы 112 шақырым, су жиналатын
алабы 704 шаршы шақырым [3, 41].
Жҧмыс аймағының кӛру картасы. Құлынжон кенішінің жануарлар ҽлемі
далалы жҽне таулы-далалы аймаққа тҽн түрлеріне бай. Жыртқыштар ҿте сирек
кездеседі. Олар: аю, қасқыр, түлкілер. Тұяқтылардан жабайы ешкілер кездеседі. Ең
кҿп тарағаны кемірушілер: суыр, борсық, кҿртышқан, қоян, кҽдімгі тышқандар,
сонымен қатар, жорғалаушылардан: кесіртке, жыландар бар. Құстар құрамы да
ерекше. Ол жерде бүркіт, үкі, құр кездеседі.
Құлынжон жҽне Кҿпірлі ҿзендерінде ұсақ балықтар бар. Олар: хариус жҽне
шабақтар. Облыс орталығы – Ҿскемен қаласы жұмыс учаскесінен 160 шақырым
қашықтықта орналасқан. Веселый учаскесіне ең жақын елді мекен Самар ауылы. Ол
20 шақырым қашықтықта орналасқан. Қайыңды жҽне Добролюбовка ауылдары 13-
15 шақырым қашықтықта. Елді мекендегі халық ауыл шаруашылығымен
айналысады. Алтын кені жұмысын бастаған уақытта жұмысшыларды облыс
орталығынан жҽне осы ауылдардан қабылдауға болады. Жол тарауы Ҿскемен
қаласынан Самар ауылына дейін 140 шақырым асфальтты трассаны құрайды.
Бұқтырма су қоймасына дейін 25 шақырым қашықтықты құрайды. Самар ауылынан
Веселое кен орнына дейін 20 шақырымдық грейдерлік жол, қалған нысандарға дейін
грунтты жол салынған. Болашақ кен орнының энергия кҿзі болып Бұқтырма ГЭС-
інің 110-шы ЛЭП болуы мүмкін. Ол жұмыс учаскесінің жерінен ҿтеді. Кен орнында
бұлақ кҿздері бар. Олар ішуге жарамды сулар. Кен орнының жанында құрылыс
материалдары жоқ. Самар ауылының жанындағы құм мен сары топырақ зерттеулері
олардың құрылысқа жарамдылығын дҽлелдейді.
Геологиялық бӛлім. Қҧлынжон кен орнының зерттелуі. Кен орнының
зерттелу хронологиясын 4 кезеңге бҿлуге болады: ерте алтынды жуу кезі – 1833-
1900 жылдар; орта барлау жұмыстары – 1901-1951 жылдар; кейінгі зерттеу
жұмыстары – 1952-1996 жылдар; қазіргі зертеу жұмыстары – 2006-2010 жылдар.
Ерте алтынды жуу кезінде 1833-1900 жылдары Құлынжон ҿзенінде алтынды
жуу арқылы алынғаны туралы бірқатар мҽліметтер бар. Осындай жұмыс 60 жылдан
аса ауқын-ауқын жүргізіліп отырған. Сол кездегі геолог Г.Ю. Будкевичтің мҽліметі
бойынша осы жерде 280 килограмм шлихті алтын алынған. Сонымен қатар, сол
кезде түбірлі алтынның тармағы табылды. Олар – Надеждинская, Колчеданская.
Орта барлау жұмыстары 1901-1951 жылдары жүргізілген кезеңде 2 геологиялық
есебі бар. Олар А. Калик жҽне Н. Дерман есептері. Сол жұмыстарда Құлынжон
аумағында құрылымдық-геологиялық зерттеу жұмыстарының қорытындысында
алтын қорының кварцтік тармағы бар екені анықталды.
Осы кезеңде қазіргі Құлынжон кенінің алтынды құрылымының шекарасы
белгіленіп, ашылды. 1929 жылға дейін алтынды ҿндіру жұмыстары артельді ҽдіспен
алынса, кейіннен Ретивый тармағы табылған соң ол жерде мемлекеттік алтын ҿндіру
жұмыстары басталады. Осы деректер 1972 жылы Э. Окуневтің жазған
материалдарынан архивте табылды. Ең бірінші жҽне жалғыз рет Құлынжон
тобындағы алтын кені 1939 жылы КСРО жоғары комиссиясы шешімімен (№1537
хаттама, 02.12.39 ж.) тҿмендегідей мҿлшерде бекітілген:
А категориясы – 28600 т рудадан – 286,32 кг алтын;
В категориясы – 54780 т рудадан – 445,57 кг алтын;
С категориясы – 206328 т рудадан – 1355,97 кг алтын.
Осы кезеңде геологиялық зерттеу жҽне барлау жұмыстары ірі алтын қорын
таппағандықтан 1951 жылы Құлынжон кен орындары жабылады. Архив
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
102
мҽліметтеріне қарағанда 20 кварцті тармақтар барланған. Осы кезде 2965 килограмм
алтын ҿндірілген [4, 26].
2006-2014 жылға дейін кен орнында неге тек зерттеу жұмыстары ғана
жүргілді? Алтын неге ҿндірілмейді? – деген сұрақтар туындап, мен Интернет
желісінен Қазақстанда басқа қай жерде алтын ҿндірілетіні туралы мҽлімет іздедім.
Кейбір сұрақтарға содан жауап алдым.
Қазақстан айқын болжау жасалған алтын қоры жҿнінен ҽлемде 18 орын алады,
ол, шамамен 1800 тоннаны құрайды. Бүгінгі таңда бізде 237 кен орны барланған
болса, тек соның 60-қа жуығы ғана игерілуде. Елімізде алтын сан ғасырлар бойы
ҿндіріліп келе жатқанымен, оның қоры түгесіледі деуге ҽлі ертерек. Сарапшылардың
бағалауы бойынша, тіпті ең ірі деген кен орындарының бес пайызы ғана игерілген
екен. Сондай-ақ, қаптаған байыту комбинаттары мен металлургиялық зауыттар
маңында 9 млд тоннаға жуық қалдықтар тау-тау болып үйіліп жатыр. Игерсе,
олардан да алтын ҿндіруге ҽбден болады. Мысалы, мамандар Ақмола облысының
солтүстігіндегі Ақсу мен Бастҿбеде жиналып қалған қалдықтардың ҽр тоннасының
құрамында, шамамен, 2,5 грамға дейін алтын бар дейді. Міне, байлық қайда жатыр?!
Қазақстан да АҚШ-тың Клондайгы секілді алтыннан кенде емес, алтынды
шҿміштеп емес, ожаулап, тіпті, шелектеп алатын кен орындары жетерлік. Тіпті, бізде
алтынды отын қылып жағады десе де болады. Бұл сҿзге күле қарамаған жҿн:
ҿйткені, егер біліп айтса, білікті мамандардың айтуына қарағанда, біздің Қарағанды
кҿмірінің ҽр тоннасында 1 грамға жуық алтын бар болса, кҿмірдің 1 тонна күлінде
1,6 грамға дейін алтын болады екен. Бұл қайсыбір алтын кендеріндегі құрамында
алтыны бар рудалардағы осынау бағалы металл мҿлшерінен анағұрлым артық деседі.
Ҿкінішке қарай, Қазақстанда жыл сайын алтын ҿндіру кҿлемі тҿмендеп
барады. Мысалы, былтырғы жылы ҿнім ҿндірушілер бар болғаны 20,8 тонна ғана
алтын ҿндірген екен. Бұл сонау 2000 жылғыдан едҽуір аз (ол жылы 27,3 тонна сары
алтын ҿндірілген болатын). Мұның себебі не? Енді соған келсек.
Жоғарыда айтылғанындай, елімізде алтын ҿндіру тҿмендеп барады.
Мамандардың пікірінше, оның ҽртүрлі себептері бар. Атап айтсақ, бұл сала кҿп
қаржы салуды талап еткенмен, тез арада пайда бермейді. Сондықтан, тез пайда
табуға үйреніп қалған біздің ел үшін бұл сала қызықты емес. Алтын ҿндірушілер
жедел түрде пайда табуға ден қойған. Олар кен орындарының үстіңгі қабатын ғана
игеріп, тез пайда табуға үйренген. Ал, кҿп шығын шығаруды талап ететін тҿменгі
қабат осыдан кейін рентабельді болмағандықтан, игерілмеген күйі қалады. Қайсыбір
ірі кен орындарының иелері сан рет алмасып, онда салмақты игеру жұмыстары қолға
алынбай отыр. Ендеше, біздің геолог ағайлар Құлынжон кен орнында тез пайда
тауып, үстінен ғана алтынды игеріп қана қоймай, оған кететін шығынды дұрыс
есептеп, кҿп жылдар жемісін кҿретін мықты ҿндіріс орнын ашпақ екен ғой деп
қуандым.
Қҧлынжон кен орнын зерттеудегі архивтік мәліметтер. Қазіргі кезде алтын
аймағында кҿптеген жыралар мен үйінділер қалуына байланысты зерттеу
жұмыстарының жүруіне қиындық тудырады. 1952-1996 жылдары зерттеу
жұмыстарында геофизикалық, химиялық жҽне тақырыптық зерттеулер жүргізілді.
Осындай жұмыстар нҽтижесінде аймақтың жаңа геологиялық құрылысы анықталды.
Осы геологиялық экспедицияларды Ҿскемен жҽне Алтайдан келген білікті мамандар
басқарды. Олар үлкен аумақта кварцтік тармақтардың алтынның минералданып
тұрған фактілерін анықтады. Осы жаңалық кейінгі жылдары кен орнында алтынды
одан ары іздеу жұмыстарын жалғастыруға негіз болды. Ҿкінішке қарай 1993-1996
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
103
жылдары зерттелген жұмыстар қаржыландырмауы негізінде тоқтатылды. Осы кезде
7 бұрғыланған скважинаның қорытындысы да шығарылмай қалды.
Міне, осындай архив мҽліметтерінің негізінде Құлынжон кен орнының
кҿптеген тарихи учаскелері зерттелген. Ҽр жылы осы жерлерде ҽртүрлі зерттеу
ҽдістері қолданылған. Оларға магниттік зерттеу, электрлік зерттеу, химиялық жҽне
геофизикалық бұрғылаулар жүргізілді. Бірақ 1952-1996 жылдары жүргізілген
осындай ауқымдық жұмыстардың нҽтижесі аз еді. Оған кҿптеген себептер бар:
зерттеу аймағының күрделі жер құрылысы; алтынның біркелкі аймақта жатпауы
жҽне жер бетіне жақын орналаспауы; геофизикалық жҽне геохимиялық зерттеу
ҽдісінің тиімсіздігі.
Осы жерде мамандардың айтуынша, Құлынжон кен орны ҿзінің үлкен
кҿлемімен (25 шақырым) жҽне 20-дан астам тарихи белгілі алтын рудалы
құрылымдарымен ірі металды рудалы түйінге жатады. Осындай күрделі геологиялық
құрылысы бар аудан тек үлкен таулы-бұрғылау жұмыстарын ғана емес, сонымен
қатар жүйелі зерттеу, бағдарлау жұмыстарына кҿп уақыт керек. Құлынжон кенінде
зерттеу жұмыстарынан басқа аз кҿлемінде алтын ҿндірілген. 1985 жылы Веселый
учаскесінің Боко артелінде №4 скважинаның қасында 5-8 метр тереңдігі бар,
бұрғылау жұмысы жүргізіліп, 5-ГР формалы есепке сүйенетін болсақ, осы жерде 12
килограмм алтын алынған.
Қазіргі кезде Құлынжон кен орнында «Каскад-Н» ЖШС компаниясы зерттеу-
бағалау жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар №2136 23.08.06 ж. келісім-шарт
негізінде жасалып отыр [5, 32].
Ғарыштан тҥсіру. Заманауи ғарыштық суреттерді түсіру 2007 жылдың қараша
айынан басталды. Бұл барлау маршруттарының жҽне схемалық геологиялық
карталарының сапасын арттырды. Космостық суреттер ағылшынның геологиялық
«Exploration Alliance Ltd» компаниясына тапсырыс беріліп, сатылып алынды.
«Каскад-Н» ЖШС басшыларының шешімімен олар да Құлынжон аумағында
зерттеу-барлау
жұмыстарына
қатысты.
Суреттер
электронды
форматта
монтаждалып, бүкіл зерттеу аймағын қамтиды. Суреттердің сапасы жақсы.
Фотосуреттер 1:500 масштабымен жасалған. «Каскад-Н» ЖШС ҿз күшімен барлық
барлау жұмыстарын механикаландырып, топогеодезиалық жұмыстар жүргізді,
Самар ауылынан Веселый учаскесіне дейін грейдерлік жол салынды. Жҽне бұрғылау
алаңдарында құрылыс жұмысын жүргізген.
Сонымен қатар жобаны іске асыру геологиялық қызметтің лицензия алуы
арқасында 2007 жылдан бастап, Самар ауылында геологиялық барлау
жұмыстарының қорытындысы шыға бастады. Қалған далалық, лабораториялық
жұмыстар ҽртүрлі геологиялық компаниялардың кҿмегімен жүргізілді. Оларда
Қостанай қаласының, Канада компаниясының Қазақстандағы филиалы жұмыс
істеген. 2007 жылы геологиялық сұрақтарды шешуге ағылшын компаниясының
«Exploration Alliance Ltd» геологтары да қамтылды. Олардың кҿмегімен
геотехникалық құжаттарды дайындау жҽне ғарыштан фотоға түсіру жұмыстары
жүргізілді. Самар ауылындағы лабораторияға Австралияның ұсақтау-бҿлшектеу
құрылғысы ҽкелінді. Бірақ 2009 жылдың шілде айынан 2010 жылдың маусымына
дейін қаржылау қиындықтарынан жоба бойынша келісім-шарт жұмыстары
тоқтатылды.
Алтынды ӛндіру әдісі. Ҧсақтау. Алынған руда ҿнімі алдымен кептіріліп, жүк
машиналарымен қабылдау бункеріне ҽкелінеді. Содан кейін ол торлы конвейердің
ішінде ұсақталады.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
104
Гранулдау. Алынған руданы горизанталды орнатылған барабанды бҿлшектеу
құрылығысында орналастырып бҿлшектейді. Бҿлшектенген руданы жуу жұмысы
басталады. Жуу жұмыстары тек сумен ғана емес, суға қосылған ерітінділердің
кҿмегімен жүреді. Ол арнайы қондырылғалардың кҿмегімен жүзеге асады.
Геологтардың осындай жұмыстарды атқаруы барысында алтынның Құлынжон
кеніндегі пробасы алынған. Рудаларда алтын аз кҿлемінде кездескенімен дҽндерінің
пішіні ҽртүрлі жҽне түсі жылтыр сары болды. Бұл алтынның пробасының жоғары
екенін дҽлелдейді.
Алтынның ерекшеліктері. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады.
Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Кҿне Греция мен Римде алтынды
(пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі
медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.
Ғалымдар алтынның адамға тигізетін залалы да бар екенін дҽлелдеп шықты.
Канадалық ғалымдар алтын бұйымдардың адам ағзасына тигізетін ҽсерін зерттей
келе, күтпеген шешімге келді. Олар алтын бұйымдардың қызу қанды адамдардың
кҿңіл-күйіне кері ҽсерін тигізетінін, тіпті депрессияға түсулеріне себеп тудыратынын
айтады. Ғалымдар алтын бұйымның адам терісіне тигенде оның ағзасындағы зат
алмасуды баяулатып, жүйке жүйесінің қозуына ҽсер ететінін дҽлелдеп шықты.
Мамандар бұл шешімге келе отырып, алтын бұйымдардан мүлдем бас тарту
керектігін алға тартпайды. Алайда, олар қызу қанды адамдарға ұйықтар алдында
алтын бұйымдарын шешіп жатуға кеңес береді. Себебі, адам ұйықтап жатқанда оның
ағзасы ҽлсіз болады.
Таза алтын сары түсті, соғылғыш жҽне созылғыш металл, химиялық инертті
элемент. Сыртқы ортаның химиялық ҽсеріне аса тҿзімді. Оттек, сутек, азот жҽне
кҿміртекпен тікелей қосылмайды. Алтынға сілтілер жҽне жеке қышқылдар ҽсер
етпейді. «Патша сұйығында» (1 кҿлем HNO3, 3 кҿлем HCl) жҽне кейбір күшті
қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір жҽне үш валентті болып
келеді. Табиғатта саф алтын түрінде, тау жыныстарында (5*10-7%), теңіз жҽне мұхит
суында (0.01-0.05 мг/т) кездеседі. Кентастарды алтынды ұсақтау, байыту жҽне
цианды натрий ерітіндісімен ҿңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың
бетін жалатады, ҽшекей бұйымдар жасайды. Тауар ҿндіруде, сауда-саттықта басқа
заттардың бҽрінің нарқы алтынмен бағаланады [1]. Алтын табиғатта сап түрде
кездесетін металл. Алтынның, ұсақ түйірлері кварц ішінде немесе кварц құмы
арасында шашыраңкы күйде болады. Алтынның табиғаттағы қосылысы алтын
теллуриді (калаверит) AuTe2 құрамында жҽне мыстың, қорғасынның сульфид
кендерінде болады. Алтын Қазақстаннан басқа Сібірде жҽне Орта Азияның басқа да
елдерінде кездеседі [6, 24].
Ажырату әдістері. Құмда шашылған аз алтынды (тоннасына 2-4 г) ажыратып
алу үшін ҽр түрлі ҽдіс қолданады. Ең оңай, кҿптен қолданылып келе жатқан ҽдіс –
құмды ағын сумен жуу, сонда құм қиыршықтары суға ілесіп кете береді де, алтын
ауыр болғандықтан қалып қояды.
Екінші бір ҽдіс – алтынды амальгамаға айналдыру. Сынап кҿпшілік
металдарды ҿз ішінде еріте алады, ол ерітіндіні амальгама дейді. Амальгамадағы
алтынды шығарып алу үшін амальгаманы қыздырса, сынап ұшып кетеді, оның буын
жинап, салқындатып, қайтадан іске қосады. Бірақ бұл екі ҽдіспен де құмдағы алтын
түгел алынбайды, кҿп болса, 75% ғана алынады.
Бұлардан гҿрі тҽуірірек ҽдіс – цианид ҽдісі. Ішінде алтын қалған жынысты
KCN тұзының, 0,02-0,2% ерітіндісімен 2-3 рет қайталап шаймалап жуады. Кешенді
қосылыс құрамындағы алтынды мырыштың жҽрдемімен ығыстырып шығарады. Бұл
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
105
шыққан алтынды мырыштан тазалау үшін сұйық күкірт қышқылымен жуады,
мырыш еріп кетеді. Күміс сияқты басқа қоспалардан тазалау үшін концентрленген
ыстық күкірт қышқылымен жуады, онда күміс Ag2SO4-кe айналады. Кейде күмістен
тазалау үшін электролиздеуді қолданады. Анод – тазартылмаған алтын, катод – таза
алтын, электролит ретінде Н[АuС14] ертіндісін қолданады, сонда күміс анод шламы
түрінде қалады. Алтын жұмсақ болғандықтан таза түрде емес, мыс жҽне күміспен
араластырылған құйма түрінде қолданылады. Түрлі алтын заттарды алтын мен
мыстың құймасынан жасайды, ол құймада кҿбінесе 58,3 алтын болады (алтын
заттардың пробасы 583). Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол
ақырғы орында тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан
тек калий немесе натрий цианидының ерітіндісінде, хлор суында жҽне «патша
сұйығында» ериді.
Достарыңызбен бөлісу: |