Біздің зерттеу жҧмыстарымыз – «Каскад-Н» ЖШС компаниясында.
«Каскад-Н» ЖШС компаниясында біз архивтік қағаздарды қарау арқылы
геологтардың зерттеу жұмыстарымен таныстық. «Каскадтың» бас геологы
Сугурбаев Алмат ағай бізге зерттеу лабораторияларын кҿрсетті. Алтынды ҿңдеу
технологиялары туралы айтты. Алынған руда ҿнімі алдымен кептіріліп, жүк
машиналарымен қабылдау бункеріне ҽкелінеді. Содан кейін ол торлы конвейердің
ішінде ұсақталады екен. Біз рудаларды рет-ретімен қойылған цехті кҿрдік. Ретімен
қойылған рудаларды бҿлшектеу басқа ғимараттың ішінде орналасқан.
Гранулдау цехында менің сыныптасым Дҽулеттің ҽкесі жұмыс істейді екен. Ол
кісі алтынды алу үшін руда қалай бҿлшектелетіні туралы айтып берді. Алынған
руданы горизанталды орнатылған барабанды бҿлшектеу құрылығысында
орналастырып, бҿлшектейді. Бҿлшектенген руданы жуу жұмысы басталады. Жуу
жұмыстары тек сумен ғана емес, суға қосылған ерітінділердің кҿмегімен жүреді. Ол
арнайы қондырылғалардың кҿмегімен жүзеге асады.
Геологтардың осындай жұмыстарды атқаруы барысында алтынның Құлынжон
кеніндегі пробасы алынған. Рудаларда алтын аз кҿлемінде кездескенімен дҽндерінің
пішіні ҽртүрлі жҽне түсі жылтыр сары болды. Бұл алтынның пробасының жоғары
екенін дҽлелдейді. Самар ауылындағы лабораторияға Австралияның ұсақтау-
бҿлшектеу құрылғысы ҽкелінді. Сҿйтіп, мен алтынды ҿңдеу технологиясы туралы
біршама мҽліметтер алу арқылы білімімді кеңейттім.
Ж. Болғанбаев атындағы химия кабинетінде. Мектебіміздің химия
кабинетінде «Химия» пҽнінің мұғалімі Мунира апайдан: «Алтынмен қандай
тҽжірибе жасауға болады? Оның қандай ерекшеліктері бар?» - деп сұрадым. Мунира
апай: «Алтын активтігі тіпті нашар металл, активтік қатарында ол ақырғы орында
тұр. Оттекпен тікелей еш жағдайда да қосылмайды. Сұйық заттардан тек калий
немесе натрий цианидының ерітіндісінде, хлор суында жҽне «патша сұйығында»
ериді. «Патша сұйығы» үш кҿлем тұз қышқылы мен бір кҿлем азот қышқылының
қоспасы», - деп түсіндіріп берді.
Біз алтынды «патша сұйығының» кҿмегімен ерітуге бекіндік.
Тәжірибе. Қажетті заттар: тұз қышқылы, азот қышқылы, алтын жарықшағы.
Ең алдымен колбаға алтынды салып, бір кҿлем азот қышқылын жҽне үш кҿлем
тұз қышқылын құйдық. Колбаны шайқап, болатын реакцияны байқадық. Колбаның
алтын тұрған қышқыл тұсы кҿпіршіктенгендей бола бастады. Бірте-бірте алтынның
кҿлемі кішірейіп бара жатқанын кҿрдім. Біраз уақыт ҿткеннен кейін алтын қышқыл
ішінде еріп кетті.
Қорытынды. Атмосфераға ықпалы: Құлынжон кеніші елді мекендерден жҽне
ҿндірістік орындардан алыс орналасқан. Геолог ағайдың айтуынша, радиациялық
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
106
негізі нормада. Атмосфераны негізінен ластайтын заттар: бұрғылаудан шығатын
ҿлшенетін заттар; тауда қолданатын құрылғылардан жҽне кҿліктерден шығатын
қалдықтар.
Кен орнының топырақ қабаты тҿмен геохимиялық құрылымымен
ерекшеленеді. Сондықтан ол ҿздігінен қалыпқа келуі үшін кҿп уақыт қажет. Сол
себептен ҿндірістік жұмыс кезінде алынған топырақ қабатын арнайы жерге жинап,
кейіннен орнына салынады. Кен орнында жұмыс істеу кезінде тҿмендегідей шаралар
жүргізіледі: қолданған материалдар шашылмау үшін қоқысты ҿртеуге арналған
арнайы ыдыстар орнатылады; ҿндіріс кезінде шығатын темір бір жерге жиналып, кен
орнынан шығарылады.
Ҿндіріс орнындағы жер асты жҽне бетіндегі сулар. Кен орны учаскелерінен
Құлынжон ҿзені ағады. Кен ҿндірілетін жерлер ҿзенге кері ықпалын тигізеді. Бірақ
мамандар тек ҿзен суын ғана қолданып қана қоймай, карьер қазып, жауын-
шашынның суын жинамақшы. Жер асты ҿндірісін бастағанда, жер асты суларын
қолданбақшы. Ҿндірістік жұмыстар аяқталғаннан кейін жер бетін тегістеп,
жинақталған топырақ қабаты орнына жаяды. Қоршаған ортаны сақтау ережелерін
мұқият орындаған кезде мамандардың айтуынша ҿсімдіктерге болатын ықпал ҽсері
аз болады. Сонымен, алтынның «патша сұйығында» еритініне кҿзім жетті.
Ҿндірістің жанында елді мекеннің жақын орналаспауы, мал жайылымының
жоқ болуы ҿндіріс орнының болуынан ҽлеуметтік зияны жоқ. Сонымен қатар,
қосымша жұмыс орындарының пайда болуы халықтың ҽлеуметтік жағдайының
жақсаруына ҽкеледі. Сонымен бағалы зат – алтынды ҿндіру жалпы Самар ауылының
кҿркеюіне ҿз үлесін қосары сҿзсіз.
Әдебиеттер
1 Пайдалы қазбалар (энциклопедия).
2 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сҿздігі.
3 Химия. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. – 336 б.
4 Қазақстан балалар энциклопедиясы.
5 Кристаллография, минералогия, петрография. – Алматы, 1990.
6 «Каскад-Н» ЖШС компаниясының архивтік мҽліметтері.
Резюме
В данной научной работе автор исследовал историю месторождения
Кулынжон, о методах обработки золота, добываемого в этих местах. Раскрыла
значение производственных месторождений, остановилась на животных, обитаемых
в этой местности, и растениях. Данную работу могут использовать учителя,
учащиеся в внеклассной работе по изучению историй родного края.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
107
БЕКМЫРЗА Айбек Казкенyлы,
Энергетика және электронды технологиялар колледжі
«ЭЭС-20» тобының студенті, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ИГЕНБАЕВА Батика Акимхановна,
Энергетика және электронды технологиялар колледжінің жоғары санатты
қоғамдық пәндер оқытушысы, Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ МЫСТЫҢ РӚЛІ
Ғұлама ғалым Қаныш Сҽтбаев «Қазақстанның інжу-маржаны» деп атап кеткен
қазақ мысы – ҽлемдік экономиканың негізгі қозғаушы күші.
Мыстың латынша «Cu» атауы Кипр аралына байланысты біздің заманымызға
дейінгі II мыңжылдықта мыс рудниктерінде қолданылып, балқытылған.
1928 жылы қазанда Қазақстанда тұңғыш мыс алынды. Осылайша қазақ
баласының кен қазып, темір ожаумен мысты сапырғанына сексен алты жыл толды.
Осы кезеңге дейін елімізде білімді де білікті кадрлар дайындалып, еліміздің
экономикалық жағынан дамуына ҿз үлес қосты. Олардың арасында бала кезімнен
Жезқазған шахтасында жұмыс істеген менің ата-анам да бар. Шахтадағы мыстың
тағдырымен ата-анамның ҿмірінің жалғасы боп мен ҿмірге келдім.
Жезқазғанның мыс рудасы ҿте таза. Сондықтан ҽкем: «Менің ҿте таза бар
байлығым балаларым мен мысым», - дейді. Жезқазғанның кенішінде қазып алынған
рудада қорғасын, мырыш, алтын, күміс аз. Мышьяк, висмут жҽне басқа мысқа
зиянды қосымшалар жоқ. Мұндай қолайлы жағдайда мыс ҿндірісімен айналысатын
компаниялар таза ҿнім алады. Жезқазғандағы мыс рудасы жер бетінен 150 метр
тереңдікте оның қабатының ұзындығы 1,5 шақырым, қалыңдығы 15-20 метрге дейін
жетеді. Бұл руданы арзанға түсетін механикалық ҽдістерімен шығаруға болады.
Кеннің ҿзі тұрақты жҽне мықты болғандықтан шахталарға кҿп тірек қойыла
бермейді. Жезқазған кенішіндегі руданың құрамында мыс 1,92 пайызды құрайды. Ал
Қоңыратта 1,04 пайыз, Алмалықта 0,77 пайыз, Дектяркаде 1,30 пайызға тең.
Кенді ҿлкенің балалары мыстың тарихын жатқа біледі. Дүние жүзінде 70-тен
астам түсті метал балқытылып, оны 14 сала ҿндіреді. Барлығы қосылып, түсті
металлургияны құрайды. Түсті металдардың кҿп бҿлігі енді ғана пайдаланыла
бастады. Ғылыми-техникалық ҿркендеудің нҽтижесінде олар кеңінен қолданысқа
түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше
қасиеттері бар жаңа конструкциялық материалдар қажет. Ондай қасиеттер тек түсті
металдарда ғана бар. Қорғасын, никель жҽне қалайы жемірлеуге (коррозия) титан
ыстыққа тҿзімді келеді, ал күміс, мыс жҽне алюминий жоғары электр ҿткізгіштігімен
ерекшеленеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы ҿте ауқымды: медициналық
аспаптар мен материалдардан ҽр металл «ҿз кҽсібін тапқан».
Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай
бҿлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Сҿйтіп адам баласы тас
дҽуірімен қоштаса отырып, жаңа ҿркениетке жол ашты. Қалайы мен мыс қосындысы
нҽтижесінде қола алынып, қару-жарақ дайындалған. Страбон жазбаларында мыс
Эбвей жеріндегі Халкида қаласының атымен Халкос деп аталып, ескі грек тілінде
мыстан жҽне қоладан жасалған заттар, ұсталық ҿндіріс, құймалар атаулары шыққан.
Мыстың екінші латынша атауы AES (санскр, ауаs, гот тілінде air, неміс тілінде err,
ағылшынша ore) руда немесе рудник дегенді білдіреді. Еуропа тілдерінің үнді-
герман теориясында қолданылып, орыстың «мед» (полякша miedr, чех тілінде – med)
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
108
ескі немісше smida (металл) жҽне shmied (ұста, ағылшынша smith) сҿздерінен
шығарады. Бұл екі сҿз де гректің рудник, копь деген сҿзінен бір-біріне байланыссыз
түрде шыққан. Осы сҿздерден басқа да туыс атаулар шыққан – медаль – медальон
(франсузша medaile). Орыстың ескі жазбаларында мыс жҽне мыстан жасалған деген
сҿздер кездеседі. Ал химиктар мысты Венера (Venus) деп атаған.
Қазақстанда ерте кезде ҿмір сүрген ата-бабаларымыз қойған, осы күнге дейін
сол аттарын сақтап қалған жерлер бар. Мысалы: Мыстау, Мыстҿбе, Жезді т.б. Мыс
Оралда (Орта Оралда), Қазақстанда (Қоңырат, Жезқазған, Ақбастау), Ҿзбекстанда
(Алмалықта) бар.
Шет мемлекеттерде: АҚШ-тағы Жоғары Кҿлдер аймағында (Мичиган
штатында), Африкада (Родезия) бар.
Мыс табиғатта таза жҽне қосылыс түрінде кездеседі. Мыстың ҿндірісте
қажеттілігі халькопирит CuFeS2 немесе мыс колчеданыхалькозын Cu2S жҽне борнит
Cu5FeS4 сияқты түрінде қолданылады. Сонымен бірге мыстың басқа да
минералдары ковеллин GuS, куприт Cu2O, азурит Gu3(CO3)2(OH)2, малахит
Gu2GO3(OH)2 түрінде кездеседі. Мыс таза түрінде 400 тоннаға дейін алынған. Мыс
рудасы кҿбіне ашық ҽдіспен ҿндіріледі. Ал Рудадағы мыстың мҿлшері 0,3-1%-ға
дейін құрайды. Мыстың кейбір қоспалары ас пен суда ШРК-сы кҿп болған жағдайда
ҿте зиянды. Ішетін суда мыс 2мгс/л-ден аспауға тиіс (14 күннің ішіндегі орташа
ҿлшемі), бірақ мыстың судағы жетіспеушілігі болмағаны дұрыс. Осыған байланысты
ДСҰ 1998 жылы былай деп хабарлама жасады: «Адам ағзасына келтіретін қаупі
бойынша мыстың кҿптен аздығы асып түседі». 2003 жылғы ДҰС-ның интенсивті
тексеруі нҽтижесінде мыстың зияндылығы туралы кҿзқарастар болған. Қазір асқазан
жолдары қызметінің бұзылуына мыс ҽсер етпейді деп есептелінеді.
Қазақстанның кен ҿндіру ескерткіштері туралы алғашқы мҽліметтер орта
ғасырлардағы ғалымдар мен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың
еңбектерінде кездеседі. ХIX ғасырлардың екінші жартысында қазақ даласындағы
кҿненің кҿздері Археологиялық комиссияның, Тарих мұражайының, Мҽскеу
археологиялық қоғамы мен Ресейдің орталық ғылыми мекемелерінің назарын
аударды. Н. Карамзиннің пікірінше қазақтардың Кирді жеңген кездегі қару-жарағы
таза мыстан жасалған.
Зерттеушілер ежелгі заман шеберлерінің біліктілігіне қатты таңданған. Олар
жағымсыз қоспалары жоққа тҽн құйманы зерттеді. 1946 жылы Қазақстанда Ғылым
академиясының құрылуымен археологиялық жұмыстары Ш.Ш. Уҽлиханов атындағы
Тарих, археология жҽне этнография институтының археология бҿлімінде жүргізілді.
Сол кезден Қазақ археология мектебі қалыптасып, 1946 жылы Қазақстан
археологиясының дамуындағы жаңа кезең басталды. Құрылған бҿлімнің алғаш
ұйымдастырған археологиялық экспедициясы Орталық Қазақстан экспедициясы
жҽне оны академик Ҽ.Х. Марғұлан басқарды.
Бұл экспедиция Сарыарқадағы кҿненің кҿздерін үнемі іздестіріп, зерттеуде.
Ҽ.Х. Марғұлан экспедициясының жұмысы жер аумағымен ғана емес, зерттелетін
ескерткіштердің
хронологиялық
кезеңдерге
бҿлу
ҿлшемдеріне
сҽйкес
қарастырылады. Мыс шақпақ тас индустриясын құлдыратып, тас құралдар
жиынтығының кемуімен ерекшеленеді.
Қазақстан аумағында қола ҿндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2
мыңжылдықта басталған. Ежелгі кен қазбалары – қола ғасырда, шамамен б.з.б. 3-ші
мыңжылдықтың 1-ші жартысынан мыс, қалайы, кейде полиметалл кендерінде
жүргізілген, бұл дүние жүзіндегі кенді аймақтарға, Қазақстан жеріне ерекше тҽн.
Қазақстанның Қалба, Нарын жоталарында, Кенді Алтайда, Ертіс, Есіл бойында,
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
109
Балқаш маңында, Сарыарқа, Жетісу, Қаратау аймақтарында кездеседі. Б.з.б. 2-ші
мыңжылдықтың бас кезінен бастап б.з.-дың басына дейін кҿптеген мыс кендерінің
(Жезқазған, Кенқазған, Алтынтҿбе, т.б.) негізінде Қазақстан мыс пен қола ҿндірісі
жҿнінен Еуразиялық ең ірі орталықтарының бірі болды. Қазу жұмыстарының кҿлемі
шамамен Жезқазғанда 1 млн. тоннаға, Кенқазғанда 800 мың тоннаға дейін жеткен.
Кҿбінесе тотыққан кентастар ҿндірілген. Ұзақ жылдар жұмыс істеген, ҿндірісі
кҿлемді болған нысандарда ұзындығы жүздеген, ені ондаған метрге жететін
карьерлер, штольнялар, шахталар, орлар кездеседі.
Мыс пен қалайы минералдарына белгілі қатынаста араластырып балқыту
арқылы жоғары сапалы қола алған. Қалба, Нарын жоталарындағы қалайы кендері,
Кенді Алтай, Жетісу, Сарыарқаның мыс, полиметалл кендері Жезқазған, Кенқазған,
Қорғасын, Берікқара, Нілді, Шатыркҿл, Майқайың, Гүлшат, Текелі, Қарағайлы,
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай, т.б. кендері ашылған.
Қазіргі таңда металл бұйымдарын, мысты, тасты ҿңдеумен бала кезінен
үйретсе, жастарымыз пайдалы қазбаларды кҿзбен кҿріп, қолмен ұстағандықтан оны
бағалайды. Немесе тҿменде келтірілген аталарымыздың ҽдістерін үйрету үшін,
табиғи байлығымыздың құндылығын түсінетін балаларды тҽрбиелеуде, мектептерде
үйірмелерді кҿптеп ашу қажет. Бұл үйірмелер құрғақ сҿзбен емес, міндетті түрде
металмен немесе таспен жұмыс істеуге дағдыландыруы керек.
Ертедегі ата-бабаларымыз металл ҿндеу үрдісінің мынадай ҽдістерін
пайдаланған:
Ажарлау – металды тас қайрақпен ҿңдеу.
Алтын жалату – сҽн үшін не таттан қорғау мақсатында бұйымдарды алтынмен
жұқалап қаптау.
Амальгамалау – металды не бұйымдарды сынаппен ҿңдеу.
Бедерлеу – бедерлеуішпен не балғамен соғып, металл бетіне бедер салу.
Дҽнекерлеу – қатты күйіндегі материалдарды балқыған металлмен біріктіру.
Жалтырату – металдың, бұйымның бетін ҿңдеу.
Жасыту – бұйымдарды жоғары температурада қыздырып, бірте-бірте
салқындату.
Жез жалату – бұйымның бетін түрлі тҽсілмен мыс пен мырыш
қорытпаларымен ҿңдеу.
Зер тҿгу – алтын, күміс, жез жіптермен кестелеу, кҿркемдеп тігу.
Құрамалау – бұйымдарды заттың бетіне басқа түсті заттармен жандастырып
жапсыру.
Күміс жалату – металдан жасалған бұйымдардың бетін жұқа күміс қабатымен
қаптау ҽдісі.
Қүміс шабу – темірге күміс қаптау, ағаш, мүйіз, сүйекті күмістеу.
Қалайылау – металдарға (темірге, мысқа) қалайы жалату.
Қазіргі таңда Қазақстанда Қазақмыс коорпарациясы жұмыс жасайды.
Қазақмыстың пайдалануында 16 кеніш бар. Олардың кҿпшілігі жерасты кеніштері,
солардың арасында бірнеше ашық кеніштері де бар. Қазақмыс Қазақстанда
ҿндірілетін барлық мыстың 90 пайызын шығарады. Қосарлы ҿнімдер ретінде
мырыштың, күміс пен алтынның елеулі ауқымын ҿндіріп шығарып, саудалап
келеміз. Біздің интеграцияланған құрылымымыз, ҿндіруден бастап ҿндіріске дейінгі
барлық процестерді иемденіп, оларды басқару біздің компаниямызға ҽлемдегі аса
икемді аз шығынды мыс ҿндірушілердің бірі болып танылуға мүмкіндік берді.
Ҽлемдік экономикада қазақ мысына сұраныс ҿте жоғары. Ҿйткені ҽлемде
мыстың қоры ҿте аз. Шығыстағы кҿршіміз Қытай түсті металдарды кҿптеп сатып
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
110
алуда. Қазіргі күні корпорация дүниежүзі бойынша мыс ҿндіруден 5-6 орынға
кҿтерілуді кҿздеп отыр. Жезқазған кен орнында мыс рудасы 80 жылдан бері
тоқтаусыз ҿндірілуде. Мамандар жезді ҿлкедегі мыс қорының тҿрттен үш бҿлігі
ҿндірілгенін алға тартуда. Геологтардың пайымдауынша, кен осы қарқынмен
ҿндірілсе, алдағы 25 жылда мыс қоры таусылуы мүмкін. Сондықтан қазба
байлығымызды ысырап қылмай, кҽдеге жаратуымыз керек. Мыс Балқаш
жағалауында да ҿндіріледі. 1928 жылы ағылшын капиталисі Лесли Уркварт біздің
елге жолдаған хатында: «Балқаш ҿңірін қазуға рұқсат етсеңіздер. Бұл – аймақты кен
кҿзін қырғыздар 50-100 жылда игере алмауы мүмкін. Ал мен ізденемін. Мүмкін бір
нҽрсе табатын да шығармын», - деп қиыла ҿтінгенінен Балқаш маңында да мыстың
мол қоры бар екенін ағылшын капиталистері ерте бастан-ақ білген. Содан бері
ширек ғасырдан астам уақыт ҿтті.
Ең алғаш Балқаш жағалауындағы Қоңырат шоқысында большевиктер мыс
рудасын ашқаны белгілі. Қазір бұл ҿлкеде дүниежүзіндегі ең ірі мыс комбинаты бой
түзеп, түтінін будақтап тұр. Меңіреу, шҿлейт далада 6000 халқы бар электр шамдары
жарқыраған зҽулім үйлер мен мектептер пайда болды. Қоңыраттан 15 шақырым
жерде мақтанышымызға айналған мыс алыбының құрылысы бар, кешегі дариядай
ағылған 45 тонна ҿнім болашақ ҿндірістің кҿшбасы. Мыстың тағы бір қасиеті – ҿте
жоғары дҽрежедегі жылу ҿткізгіштігі. Франция, Ұлыбритания жҽне Австрияда
ғимараттарды газбен, АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Гонконгта сумен, Ұлыбритания
мен Швецияда жылыту үшін қолданылады.
Ал біздің бүгінгі таңда Қазақстанда неге қолданылмайды? 2017 жылы EXPO-да
салынатын ҿндіріске газ, су құбырларын мыстан жасалған ҿніммен, 2017 жылы
ҽлемдік кҿрмеге табиғаттағы барлық металдарды пайдалана отырып, ҽр түрлі
тұрмыстық ҽшекей бұйымдарын жасап, кеншілер, ұсталар, теміршілер жҽне
зергерлік қауымын құрастырып, кҿшпелі ҿркениеттін қазіргі таңдағы рҿлін кҿрсетсе,
қандай ғажап болар еді. Ресейде мыстан жасалған су-газ құбырларын пайдалану
жҽне ҿндіру ГОСТ стандартына сҽйкестендірілген. Сонымен бірге мыстан жасалған
құбырлармен құймалар, кеме жасау жҽне энергетикада, су мен буды тасымалдауға
жҽне архитектурада қолданылады. Сондықтан мен энергетика саласының маманы
болуды шештім.
Мыс сымдары энергия сақтайтын орамдарда жҽне күшті трансформаторларда
қолданылады. Бұл үшін металл ҿте таза болуы қажет, ҽйтпесе қоспалар
электрҿткізгіштігін тҿмендетіп жібереді. Қазіргі кезде 12 жылдық мектептерде
мҽдени мұраны тұрмысқа қажетті бұйымдарды, ғасырлар бойы жинақтаған
халықтың бай тҽжірибесінен ұлттық ҿнер туындыларынан сҽндік ҽсемдік бұйымдар
мен зергерлік ісі дамытсақ жақсы болар еді.
Алматы қаласындағы орталық мұражайда аталарымыздың металдан ҿндірген
бұйымдарына қарай отырып, келешек ұрпақты ата-бабаларымыз сияқты тҽрбиелей
алмағанымызға жүрегіміз ауырады. Бүгінде металдар шаруашылықта, тұрмыста,
техникада т.б. кеңінен қолданылады. Балалар ойыншығынан, ине, шегеден бастап
алып машиналар мен ғарыш кемелерінің бҽріне металл керек. Мектеп
бағдарламасында, шағын шеберханаларда мыстан, металдардан білезік, сақина,
сырға жасау арқылы қоғамдағы ұсталар, зергерлер қоғамын дамытып, кҿрмелер
ұйымдастырып жҽне сапалы бұйымдарымыз дүниежүзілік сауда ұйымдарында
саудаланса, онда халықтың ҽлеуметтік жағдайы жақсарып, табысымыз қазақ
халқының орта топты қоғам құруына жол ашады. Болашақта мыс пен металдарымыз
бүгінгі ұрпақты ҽлемнің дамыған елдерінің қатарына енгізеді деген үміттеміз.
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
111
БОЛЫСБЕК Нҧрасыл,
М. Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы, Қазақ ауылы,
Т. Рысқҧлов ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
Жетекшісі: ТЕКЕБАЕВА Шолпан Қаңтарбаевна,
«Химия» пәнінің мҧғалімі, Қазақ ауылы, Т. Рысқҧлов ауданы,
Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ЛАСТАУДАН ҚОРҒАУ
Ауаны зауыт, фабрика, ірі мұнай кҽсіпорындары, үлкен жҽне кіші қазандықтар
жағылатын отыннан шыққан улы газ емес, қарапайым ҿзіміз күнде үйдегі жағып
отырған кҿмірден қаншама лас ауа жҽне мініп жүрген автокҿлігімізден қанша
қалдық улы газ ауаға тарайтынын кҿбіміз, ҽрине, білеміз.
Атмосферадағы қосылыстардың басым бҿлігін ҿсімдіктер сіңіреді жҽне зат
алмасудың топырақ звеносына кіреді. Жылдам араластырғыш қасиеттерімен оның
ластануды таратуы, сонымен қатар, локальды ғаламдық ластанушыға айналдырушы
фактор болып табылады.
Адам атмосфераның ҽр түрлі параметрлеріне жҽне қасиеттеріне, оның
химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік,
электромагниттік фон, тағы басқалар ҽсер етеді. Ормандардың ауа тазартудағы
қызметі: атмосферадағы кҿміртегі балансына ҽсер етуімен қатар, ормандар ауадағы
басқа да бҿгде заттарды жоюға қабілетті.
Ауаны ластаушы заттардан тазарту, оларды сіңіру арқылы да, физикалық
тұтындыру арқылы да жүзеге асырылады. Ҿсімдіктер ластанушы заттар, соның
ішінде улы заттарды денесінде жинауы арқылы кҿрінеді. Улы заттар кейін
топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады. 1 кг
жапырақ маусымда 50-70 г күкірт газ, 40-20 г хлор жҽне 15-20 мг қорғасынды сіңіре
алады.
Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын тҿмендетеді. Бір тал жаз
бойы шаң-тозаң мен дыбыстарды азайтып, ауаны ылғалдандырып, 16-дан 40 кг-ға
дейін кҿмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін тазартады. Ағашты сындыру оңай, оны
ҿсіру қиын. 1 га орман ағашы кҿмір қышқылы мен шаңнан жҽне 16 млн текше мерт
ауаны тазартады.
Ауаға 1 жылда кіші қазандықтарды есептемегенде, 20 мың шаршы тонна улы
түтін ауаға тарайды екен. Бұл тек аудан тұрғындарының үй жылыту үшін
пайдаланылған кҿмірінен шыққан түтін. Ал барлық ауылдарды, елді мекендерді,
дүние жүзіндегі отын, оның ішінде, кҿмір пайдаланылатын, яғни, кҿмір жағатын
барлық ауылдарды қоссақ, біздің ҿзімізді-ҿзіміз қалай улап жүргенімізді есептеп
шығаратын болар едік. Мұның ішінде қысы-жазы тандырға нан пісіріп сататын,
жаздай ошаққа тамақ пісіретін секілді басқа да отыннан шығаратын түтін қосылған
жоқ. Осынша улы қалдық пен улы газды ауаға таратпас үшін тұрғындарға табиғи газ
ҽкелініп, үйлерге отын ретінде пайдаға асыру керек. Біздің тұрған елді мекенде жер
астында ҿте кҿп мҿлшерде мол газ қоры бар екенін ғалымдар дҽлелдеп отыр. Газды
тасымалдап ҽкелмейміз, яғни ҿз жерімізден шығып отырған газға қаржы бҿліп,
ауданның халқына тұтынуға қызмет ету керек деп есептеймін.
Бұл, біріншіден, улы лас қалдықпен газдың ауаға таралуын болдырмайды.
Екіншіден, таскҿмірді тасымалдау үшін теміржолға артық салық болмайды, оның
орнына вагондар халыққа пайдалы, екінші бір ҿте қажет заттарды, уақытында
Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher ISSN 2307-0153
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
______________________________________________________________
112
тасымалдайды, үшіншіден, жол шығыны аз, халықтың тұтынуына газ арзан түседі,
бұл аудан халқы үшін мол пайда болып табылады.
Ауданымызда 5 мың машина бар. Олар күніне орташа есеппен 20 л бензин
жақты дегенде ауаға қанша зиянды түтін газ шығаратынын есептейік. Ҽр тонна
бензиннен ауаға 0,81103 қалдық ҽр түрлі улы газ шығарып отырады. Онда 5000
машинаны бір күнде есептейік, 20 литр бензинге кҿбейтіп, бір күнде неше литр
бензин жаққанын біліп алайын.
10000 литр бензин: 10000*0,71=7100 кг болады, мұны тоннаға айналдырсам,
7,1 тонна, оны ауаға тарайтан қалдыққа кҿбейтсем: 0,81103*7,1=5.758313 тонна
болады. Ықшамды болу үшін жуықтап есептесем, 5,758313=5,8 тонна.
Бір күнде осыншама тонна улы газ ауаға тарайды екен. Бұл ең аз мҿлшер деп
есептеймін.
Енді ҽр отбасында темекі шегетін кісінің ауаға шығаратын түтінін шамамыз
келгенше жобамен есептеп кҿретін болсақ, темекі оны ҿндірушілер үшін мол пайда
кҿзі болса, ал тұтынушылар үшін қалталарын ортайтушы. Ғұмырында 20-30 жыл
темекі шегіп, қаржысын шығындаған адамның осы жылдар ішінде кем дегенде бір
машина мінуіне мүмкіндігі барын есептеу арқылы кҿз жеткізуге болады. Біздің
елімізде 8 темекі компаниясы жұмыс істейді. Олар 1 жылда 9 тонна темекі
шығарады. Жалғыз «Филипп Моррес» компаниясының ҿзі Қазақстанда 1 жылда 18
млрд. тал темекі шығарады, шетелден 3 млрд. тал темекі ҽкелінеді. Елімізде темекі
компаниялары жыл сайын 50 млн. АҚШ доллары шамасында пайда табады.
Қазақстанда 33% адам темекі тартады. Бұл ҽдетпен айналысушылар ішінде ер
адамдар 96%, қыз-келіншектер 31% құрайды.
2004 жылдың 21 маусымында біздің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын
темекіге қарсы күрес ҿзекті мҽселелер шоғыры белгіленген конверцияға қол қойды.
«Елімізді темекі шегудің алдын алумен шектеу туралы» заңның 10 болды. Заңда
темекі бұйымдарын 18 жасқа толмағандарға ашық қорапқа, не даналап сатуға,
стадион, мектеп, спорт мекемелерінде ҿнім сапасын анықтайтын құжатсыз 20
шылымнан кем болса, сатуға тыйым салынған.
Шылымқор темекі шегіп отырған кезде темекі құрамында 4000-ға жуық заттар
болса, 25% жанып кеткен кезде, 25% шылымқордың ҿзінің организмін 2 есе кҿп
улайды. Темекі түтінінде ағзаға зиянды 6000, ал кей деректер бойынша 12000-ға
жуық улы заттар бар деп есептелінеді. Оның ішінде никотиннен басталатын 30-дан
аса зат қауіпті топқа жатады. Мысалы: жалпы салмағы 20 г 1 қорап темекі тартқанда
мынадай заттар пайда болады: күкіртсу – 0,001 г, пиридин – 0,22 г, аммиак – 0,64
(0,843 л), никотин – 0,18 г, кҿміртегі II оксиді – 0,92 г, сұйық зат – 100 л.
Биік тау баурайында орналасқан қалалардың ауасы басқа жерлерге қарағанда
ластау келеді. Іле Алатауы үш жағынан қалқан болып тұрғандықтан, табиғи ауа
ағыны нашар Алматы қаласының экологиялық жағдайы тіпті қиын.
Адам атмосфераның ҽр түрлі параметрлеріне жҽне қасиеттеріне, оның
химиялық құрамына, жылу режиміне, орын ауыстыру, радиоактивтілік,
электромагниттік фон, тағы да басқалар ҽсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |