Зерттеуші



Pdf көрінісі
бет9/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,67 Mb.
#4081
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

Әдебиеттер 
1 Беспалько. Слогаемое педагогическое технология. – С. 12. 
2 Выготский Л.С. Педагогическая психология. – М., 1991. 
3 «Химия мектепте» журналы. 
4 «Химия анықтамалығы» журналы. 
5 Ҽдістемелік оқулықтар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
69 
ОСПАНОВА Гҥлмира Тыныштықбайқызы, 
№3 мектеп-интернатының бастауыш сынып мҧғалімі, 
Жаңақорған ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ САЛТ-ДӘСТҤРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
Кіріспе.  Зерттеудің  ӛзектілігі.  Еліміз  тҽуелсіз  мемлекет  болып  танылғаннан 
кейінгі  уақыттан  бері  қоғамдық  талаптарға  сай  білім  беру  саласы  жаңаша  бағытқа 
бетбұрыс  жасады.  Еліміздің  ертеңі  болар,  ел  тізгінін  ұстар  жас  ұрпақты 
этнопедагогика үрдісіне тҽрбиелеу басты мақсатқа айналып отыр. 
Осы орайда, ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мҽдениетті де білімді етіп 
тҽрбиелеп,  олардың  дүниетанымын  жалпы  азаматтық  деңгейде  дамытамыз  десек, 
оқу-тҽрбие үрдісін ұлттық салт-дҽстүрмен байланыстыруымыз қажет. 
Елбасымыз  Н.Ҽ.  Назарбаев  жастардың  тҽрбиесі  жайында  үндеу  жасап, 
болашақтан  арлы,  иманды,  білімдар,  ҽділ,  кҿпшіл,  жақсылықты  жақтаушы,  халық 
қамын  ойлайтын  азаматты  кҿргісі  келеді.  Осы  тұрғыда,  біз  «Бастауыш  мектептегі 
оқу-тҽрбие  үрдісінде  салт-дҽстүрді  пайдаланудың  педагогикалық  негіздері»  деген 
тақырыпты алып отырмыз. 
Зерттеудің  нысаны.  Бастауыш  мектептегі  оқу-тҽрбие  үрдісіндегі  салт-
дҽстүрдің ҿнегелік үлгілері. 
Зерттеудің  пәні:  бастауыш  мектептегі  оқу-тҽрбие  процесінде  салт-дҽстүрді 
қолдану. 
Зерттеудің  мақсаты:  оларды  пайдалану  арқылы  үлгілерін  жинақтау  жҽне 
пайдалану. 
Зерттеудің  міндеттері:  салт-дҽстүрдің  анықтамаларын  зерделеу,  оларды 
топтау, талдау жасау. 
Зерттеудің  әдістері:  байқау  ҽдісі,  ҽңгіме  жҽне  интервью  ҽдістері  болады. 
Байқауды  ҿткізу  жоспары  нені  байқау  керек,  не  үшін  байқау  керек,  сол  арқылы 
қосымша сұрақтардың шеңберін анықтағанда ғана жақсы нҽтиже береді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
70 
Бастауыш  мектептегі  салт-дәстҥр  туралы  тҥсініктер.  Бүгінгі  күні  қазақ 
халқының  ұлттық  мҽдениетін  қайта  ҿркендету  жағдайында  жас  ұрпақты  дҽстүрмен 
тҽрбиелеудің заңды шынайы қажеттілігі туды. 
Қазақта: «Балаңды ҿз тҽрбиеңмен тҽрбиелеме, ұлттың тҽрбиесімен тҽрбиеле», - 
деген  дана  сҿз  бар.  Кейінгі  кезде  этнопедагогика  ғылымында  жеке  адамның 
дамуындағы  гуманистік  жҽне  мағыналық  құрылымның  қалыптасуына  байланысты 
ұлттық сана-сезім, ұлттық дүниетаным талаптарын қою кҿзделіп отыр. Осы орайда, 
болашақ ел иесі, бүгінгі жеткіншек ұрпақты салт-дҽстүр арқылы тҽрбиелеп, олардың 
тұлғалық  қалыптарын  ұлттық  ерекшеліктерімен  қамтамасыз  ету  ерекше  мҽселеге 
айналып отыр. 
Халықтың  салт-сана,  ҽдет-ғұрпы  қай  заманда  бомасын  ерекше  тҽрбие  құралы 
болып келді. 
Жастарды  Отанға,  елге,  жерге,  ҽдет-ғұрыпқа  сүйіспеншілігін  арттырудың 
ерекше  маңыздылығы  –  ұлы,  ойшыл  ақын  Абай  Құнанбаевтың  ҿзі  қазақ  жастарын 
ерік-күші  мықты,  ҿз  халқының  салт-дҽстүрін  игерген,  ғылымды  игерген,  ғылымды 
үйреніп,  білім  алуға,  адамгершілік,  мейірімділік  сияқты  қасиеттерді  игеруге  арнап 
кҿптеген  еңбектер  жазды.  Мҽселен,  Абай  «Жиырма  бірінші  қара  сҿзінде»: 
«Мақтанның  екі  түрі  болады,  біреуі  адамның  ҿзін  дұрыс  ұстағысы  келгендігінен, 
екіншіші  мақтаншақ  ойдан  туады»,  -  дейді.  Абай  салт-дҽстүрді  үйреніп,  оны  ҿмір 
сүру барысында жақсы жақтарын бҿлісу жас ұрпақтың борышы екенін атап кҿрсетті. 
Қазақ  халқының  салт-дҽстүрі  арқылы  ұлтжанды,  жан-жақты  толысқан  яғни 
рухани-мҽдени  толысқан  ұрпақ  тҽрбиелеу  жайында  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдары 
ең  алғаш  сҿз  қозғаған  М.  Жұмабаев  болды.  Мағжан  сол  кездің  ҿзінде-ақ:  «Ҽр 
тҽрбиешінің  қолданатын  жолы  –  ұлт  тҽрбиесі.  Ҽрбір  ұлттың  баласы  ҿз  ұлтының 
арасына  да,  ҿз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан  тҽрбиеші  баланы  сол  ұлт 
тҽрбиешісімен  тҽрбие  қылуға  міндетті»,  -  деп  кҿрегендік  тұжырым  жасаған.  Ата-
бабадан  жалғасып  келе  жатқан  асыл  қазына,  рухани  байлық  негізгі  осы  салт-
дҽстүрлер деген қорытынды айтады. 
Тҽрбиенің  мҽні  –  адамның  қоғамдық  мазмұнын  ҽлеуметтендіретін,  оның 
ұжымы  мен  қоғамымен  қатынастарының  жүйесі  құру.  Ҿзінің  табиғаты  жағынан 
тҽрбие  педагогикалық  міндеттердің  тҿмендегідей  бірқатар  мҽселелерін  шешуді 
қамтиды: 
1.  Педагогикалық  жағдайлардың  тҽрбиелік  ҽсерлерінің  нҽтижесін  талдау, 
жоспарлау жұмысын реттеу. 
2.  Тҽрбие  процесінің  жобасын  құру,  жүзеге  асыру,  тҽрбиелік  ықпалдарды 
реттеу жҽне оларға түзетулер енгізу. 
3. Қорытынды есепке алу жҽне бақылау. 
Бастауыш мектепте оқу-тәрбие процесінде тағылымдарды пайдаланудың 
маңызы.  Халықтың  тҿл  құндылығы  болып  есептелетін  салт-дҽстүрді  ұрпақ 
тҽрбиесіне қолдану үшін оны бастауыш мектепте оқу-тҽрбие процесінде пайдалану 
ҿте  маңызды.  Ол  халықтың  тҽрбие  саласындағы  тҽжірибесімен,  амал  жолдарымен, 
педагогикалық мүмкіндіктерімен етене таныстырады. Сонымен бірге жеке тұлғаның 
мҽдени-рухани қалыптасуында мынадай функцияларды атқарады: 
1.  Тҽрбиелік  –  жеке  тұлғаның  дамынуына,  рухани-мҽдени  кемелденуіне 
кҿмектеседі.  Отанға,  жерге,  халық  мҽдениеті  мен  тарихына,  салт-дҽстүріне  деген 
сүйіспеншілік сезімін, кҿзқарасын қалыптастырады. 
2.  Танымдық  –  халықтың  салт-дҽстүріндегі,  бала  тҽрбиесіндегі  маңызы,  салт-
дҽстүрдің құндылығы, адам ҿміріне қажеттілігі жҿніндегі түсінігі кеңейіді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
71 
3.  Дамытушылық  –  жеке  тұлғаны  ұлттық  дүниетанымдық,  этномҽдени 
құндылықтарды қабылдап, бағалай білу қабілеттерін дамытады. 
4.  Шығармашылық  –  ізденушілік  талдап  зерттеуге  түрткі  болады.  Меңгерген 
материалдарын  оқушылар  ҿздерінің  сыныптан  тыс  тҽрбие  жұмыстарында 
сыныптағы пҽн мазмұнына қарай шеберлігін тигізеді. 
Ал  салт-дҽстүр  сҿзіне  анықтама  беретін  болсақ,  «Қазақ  энциклопедиясында» 
дҽстүр  ұғымына  мынадай  анықтама  береді:  «Дҽстүр  –  ұрпақтан-ұрпаққа  кҿшетін, 
тарихи  қалыптасқан  ҽлеуметтік  нормалар  мен  принциптер.  Дҽстүр  –  қоғамдық 
ұғымдар  мен  халықтың  мінез-құлқы,  іс-ҽрекетінің  негізі».  Ал  философиялық 
сҿздікте:  «Дҽстүр»  –  (латынша  –  frabitio  –  тапсыру,  жалғастыру)  тарих  барысында 
қалыптасып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып  отыратын  ҽдет-ғұрыптар,  салт-сана, 
қоғамдық  тҽртіп,  заң  мұратпен  игілік,  мінез-құлықтары  жҽне  т.б.  қоғамда,  ұлтта 
немесе  жекелеген  ҽлеуметтік  топтарда  ұзақ  уақыт  бойы  сақталатын  ҽлеуметтік 
мҽдени мұра элементтері», - деген анықтама береді. 
Дҽстүр  –  адамзат  есіндегілерді  жҽне  ҽлеуметтік  тарихи  тҽжірибені  ұрпақтан 
ұрпаққа  жеткізуші  жҽне  жинақтаушы.  Дҽстүрде  бірнеше  ұрпақтың  мҽдениеті  мен 
мҽдениеттілігінің  кҿптүрлілігі  жҽне  бірлігі  жинақталған.  Дҽстүр  қоғамдық  ҿмірдің 
барлық  саласын,  тҽжірбиесін  қамти  отырып,  қоғамның  ҽр  деңгейіндегі 
ақылдылықты,  даналықты  бейнелейді.  Сонымен  қатар  ҽрбір  жаңа  ұрпақ  ата-баба 
тҽжірибесінен олардың ҿздеріне де кҿрінбеген, білінбеген құндылықтарды ашады. 
«Халықтың тҽрбиенің тҽжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та 
жоқ»,  -  деп  ғалым,  педагог  К.Д.  Ушинский  тегін  айтпаса  керек.  Олай  болса, 
халқымыздың ежелгі салт-дҽстүрін жас ұрпаққа оқу-тҽрбие процесі арқылы үйрету – 
басты  мақсатымыз.  Себебі  оқу-тҽрбие  процесі  жеткіншектерді  тҽрбиелеп,  біліммен 
қамтамасыз ететін бірден-бір фактор. Еліміздің ертеңін ойлар, жан-жақты толысқан, 
рухани мҽдениетті ұрпақ салт-дҽстүр арқылы тҽрбиеленсе, оқу-тҽрбие процесінде ол 
жоғары  сатыдағы  білімді  маман  иесі  де  бола  алады.  Біздің,  яғни  білім  беру 
саласының  дҽл  қазіргі  қоғам  жағдайындағы  мақсаты  да  ұлттық  негіздегі  кҽсіпқой 
мамандарды білімді, білікті етіп тҽрбиелеу. 
Бастауыш  мектепте  оқу-тәрбие  процесінде  салт-дәстҥрдің  тәрбиелік 
мҥмкіндіктері.  Бастауыш  мектепте  оқу-тәрбие  процесінде  салт-дәстҥрді 
пайдаланудың әдістері. Қазіргі таңдағы ұрпақ тҽрбиесіндегі басты мҽселе – ұлттық 
құндылықтарды игеру. «Ҿткенді білмейінше бүгінгі күннің мҽнін жҽне болашақтың 
мақсатын  түсіну  мүмкін  емес»,  -  деген  М.  Горкийдің  сҿзі  бар.  Сондықтан 
болашақтың тірегі жас ұрпақты халқымыздың тарихы мен мҽдениетін, салт-дҽстүрін 
үйретуге  міндеттіміз.  Салт-дҽстүрдің  шынайы  кҿріністерін  (ұлттық  мейрамдары 
қалай  ҿтетінін,  қыз  ұзату,  құда  түсу,  ұлттық  ойындар)  т.б.  тҽрбие  сағаттарында 
пайдалану, кҿрнекілік ҽдістер – оқыту барысында айту, үйрету, ҽңгімелеп беру, салт-
дҽстүрді  үйрету  жеке  түлғаның  бойына  ұлттық  мінез-құлық,  ұлттық  дағдыны 
қалыптастыру. 
Сонымен қатар салт-дҽстүрді үйрету барысында сауал, кесір, обал, ысырап, ар, 
ұят,  намыс,  тағы  басқа  моральдық  ҿлшемдер  жеке  тұлғаның  мініз-құлқын,  ақыл-
парасатын,  ҽдептілігін,  кҿрегендігін  қалыптастыру.  Сол  сияқты  қазақтың  қыз 
айттыру  дҽстүрінде  «Елші  жіберу»  салты  бар.  Бала  тҽрбиесіне  байланысты  салт-
дҽстүрлер: шілдехана, сүйінші, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау 
кесер, атқа мінер, сүндет той, т.б. 
Сонымен  қатар  «Бата  беру»  салтын  алатын  болсақ,  оның  жеке  тұлғаның 
рухани-мҽдени  кемелденуіне  туғызар  ҽсері  ҿте  зор.  Балаларға  қандай  жағдайда, 
қандай бата айтылатын, яғни батаның түрлерін айта келіп, қазақ халқы үшін батаның 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
72 
алар  орнын  түсіндіру  керек.  Халық:  «Баталы  құл  арымас,  батасыз  құл  жарымас», 
«Батамен  ел  кҿгереді,  жаңбырмен  жер  кҿгереді»,  -  деп  үлкен  сыйлы,  дана 
қариялардан, ҿнерлі адамдардан балаларына бата алуды үлкен құрмет деп таныған. 
Ал  жол  жүріп,  ұзақ  сапарға  аттанарда  бата  алу  парыз  болып  саналған.  Батаны 
жақсылықтың  бақ  пен  байлықтың  бастамасы  деп  түсінетін  халық  мал  соярда,  ас 
ішерде:  «Басымызға  амандық,  асымызға  адалдық  бер»,  -  деп  адал  ниетпен  бата 
тілеген. 
Тҽрбие  ҽдісінің  ең  маңызды  тҽжірибелік  ҽрекетті  ұйымдастыру  (үйрету  ҽдісі) 
жҽне  сҿз  арқылы  ҽсер  ету  ҽдісі  (сендіру,  үйрету,  ұйыту).  Осы  тұрғыда,  салт-
дҽстүрдің  түрлерін  жекелеп  ала  отырып,  оның  тҽрбиелік,  мҽдениеттілік,  даналық 
жақтарын  ашып,  үйрету  жеке  тұлғаның  ой-ҿрісін  кеңейуіне,  қызығушылығының 
артуына  арқау  болады.  Мысалы:  тұсау  кесер  дҽстүрі  баланы  тҽй-тҽй  басып,  қаз 
тұрып  жүрген  кезінде  тұсауын  кеседі.  Сүндет  той  –  ислам  дінінің  жҿн-жосығы 
бойынша қазақтар ұл баланы 5 немесе 7 жасында сүндетке отырғызады. 
Халқымыздың ұлттық дҽстүрінің ең жақсысы  – амандасу түрі. Осы дҽстүрден 
бастап  сыныптан  тыс  сабақтарда  пайдаланып,  біртіндеп  қалыптастыру  тиімді  жол. 
Амандасу  жас  келіндер,  ата-ене,  қайын  ағаларға  үйге  кіріп,  амандасқанда  немесе 
қымыз,  шай,  ас-су  ҽкеп  бергенде  сол  тізесін  сҽл  бүгіп,  үш  рет  басын  изеп,  ибалық 
сҽлемдесу  ишаратын  жасайды.  Сыныптан  тыс  жүргізілетін  іс-шаралар  бойынша 
салт-дҽстүрді  пайдаланып,  жеке  тұлғаны  дамыту  үрдісінде  С.  Қалиевтың  халық 
педагогикасы  мен  ғылыми-педагогикалық  қағидалар  үндестігі  негізінде  ұсынылған 
қағидаларға жүгініп кҿрелік: 
1) Баланың жас ерекшелігін ескере отырып тҽрбиелеу; 
2) Баланың жеке басының мінез-құлық ерекшелігін ескере отырып тҽрбиелеу; 
3) Баланы дамыта үйретіп тҽрбиелеу. 
Сыныптан  тыс  іс-ҽрекеттерге  қазақтың  салт-дҽстүрлері  туралы  зерттеу 
еңбектерінде  ғылыми  тұрғыдан  дҽлелденіп,  тҽжірибеден  ҿткен  бағдарлама, 
нұсқауларды пайдалануға болады. 
Оларды  пайдаланудың  әдістемелік  негізі.  Қазақстан  жеке  мемлекет 
болғаннан  бергі  уақыт  ішінде  кҿптеген  қоғамдық-саяси  ҿзгерістердің  нҽтижесінде 
кҿптеген қателіктер мен кемшіліктер аз болған жоқ. Олардың бірі – адам тҽрбиесінің 
нашарлауы  жҽне  сонымен  қабаттаса  жүретін  қоғамның  рухани  ҿмірінің  кері  кетуі, 
халықтың моралдық азып, азғындауының тереңдеуі. Ұлы дана бабамыз Абай ҿзінің 
отыз жетінші сҿзінде: «Мен егер закон қуаты қолында бар кісі болсам, «адам мінезін 
түзеп  болмайды»  деген  кісінің  тілін  кесер  едім»,  -  тҽрбиесіз  ҿмірдің  опасыз  екенін 
жеткізеді. 
Ұлылардың  ҿз  тҽжірибесінің  нҽтижесі  ретінде  айтылған  ұлағатты  сҿздерді 
араласақ:  «Тҽрбиесі  үзілмейтін  адам  жоқ,  егер  дүрыс  бағытпен  тҽрбиелей  алсақ»,  - 
деген  түйін  жасаймыз.  Бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  салт-дҽстүрді 
пайдалану  үшін  республикада  жасалынып  жатқан  түрлі  бағдарламалар  мен 
ҽдістемелік құралдары, жалпы педагогикалық талаптарды пайдалана отырып, белгілі 
бір ҽдістемелік негіз жасау ҿте қажет: 
1.  Бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  салт-дҽстүрді  пайдаланудың 
үлгісін анықтау. 
2.  Тҽжірбиелік-педагогикалық  жұмыстың  барлық  кезеңдерінде  салт-дҽстүрді 
пайдаланудағы нҽтиженің қарқынын қадағалау. 
Тҽжірбиелік-педагогикалық жұмыста мынадай шарттар ескеріледі: 
-  Салт-дҽстүр  бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  пайдалану  қазақ 
этнопедагогикасының мазмұнына енгізілуі тиіс; 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
73 

Салт-дҽстүрді  қалыптастыратын  адамгершілік,  кішіпейілдік  сияқты 
қасиеттерге бағдарлау. 
-  Басқа  ұлттар  мен  халықтардың  мҽдениеті  мен  салт-дҽстүрлерін  бағалайтын 
кҿзқарас туғызу. 
Мақсаты:  бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  салт-дҽстүрді  пайдалана, 
оқушыларды салт-дҽстүр арқылы тҽрбиелеуге жағдай жасау. 
Міндеті:  халықтың  салт-дҽстүрі  мен  мҽдениетіне  ынтаны  дамыту,  ҿз  Отанын 
сүюге тҽрбиелеу. 
Құралдар: салт-дҽстүрдің түрлері, халықтың ауыз ҽдебиеті, тұрмыстық заттар, 
т.б. 
Нысандар:  тҽрбие  сағаттары,  мерекеліктер,  таным  жорықтары,  дҽрістер, 
байқаулар. 
Ҽдістер  мен  тҽсілдер:  ҽңгімелер,  ересектердің  үлгісі,  сендіру  ынталандыру 
жҽне тҽрбиенің басқа халықтық ҽдістері мен тҽсілдері, т.б. 
Сонымен  бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  салт-дҽстүрді  пайдалану 
жолында  жоғарыда  кҿрсеткендей,  жалпы  педагогикалық  қағидаларды  негізге  ала 
отырып,  жаңа  қоғам  жағдайында  ұлтжанды,  ізгілікті,  білімді,  ұрпақ  тҽрбиелеп 
шығару мақсатында қосымша сабақтардың бағдарламасын жасау – ең тиімді жол. 
Тәжірибелік  педагогикалық  жҧмыс  және  оның  нәтижесі.  Бүгінгі  тҽуелсіз 
Қазақстанның  тарихын  таразылағанда  салт-дҽстүрді  оқу-тҽрбие  процесінде 
пайдаланудың 
ҿзектілігі 
адамзаттың 
сана-сезімі 
мен 
сауаттылығының 
жоғарылауымен бірге артты. Техникалық жетістіктері зор ХХІ ғасыр қоғамы үшін де 
бұл  ҿзекті  мҽселелердің  біріне  айналып  отыр.  Біздің  бүгінгі  техникалық,  мҽдени-
этикалық,  ғылым  жетістіктерге  сай  ұлттық  құндылықтарды  игеру  деңгейімізде 
жоғары болуы қажет. 
Сынып оқушыларынан халықтың ұлттық мҽдениетін, салт-дҽстүрді зерделеуге 
қаншалықты кҿңіл бҿлетіндігі жҿнінде сауалнама алдым. «Салт-дҽстүр адам бойына 
қандай қасиеттер қалыптастыра алады?» деген сауалға кҿп оқушылар былай жауап 
береді: «Инабаттылық, үлкенді сыйлау, қарапайымдылық, ҽдептілік, адамгершілік». 
«Салт-дҽстүр  дегеніміз  не?»  деген  сауалға  оқушылардың  берген  жауабы  мынадай: 
«Халықтың  ҿзіне  ғана  тҽн  ерекше  мҽдениеті.  Халықтың  ҿмір  сүрген  уақытына 
байланысты  шаруашылығымен,  кҽсібімен  туған  іс-ҽрекеті.  Халықтың  ҿзіне  тҽн 
бұлжымас  тұрмыстық  ережелері».  Алайда,  бұл  сауалға  оқушылардың  бҽрі  бірдей 
жауап бере алмайды. 
Сабақтың тақырыбы: «Халықтың салты – ҧрпақ аманаты». 
Мақсаты: 
1.  Қазақ  халқының  салт-дҽстүрлерін  үйрену  жас  ұрпақтың  парызы  екенін 
түсіндіру. 
2.  Салт-дҽстүрге  деген  қызығушылығын  арттыру,  оқушылардың  сҿйлеу 
мҽдениетін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру. 
3.  Оқушыларды  ұлтжандылыққа,  инабаттылыққа,  ізгілікке,  адамгершілікке, 
білімдарлыққа тҽрбиелеу. 
Кҿрнекілігі: халықтық тұрмыс салт-заттары, суреттер, интерактивті тақта. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру. Ҽнұран музыкамен айтылады. 
2. Кіріспе (мұғалім сҿзі). 
3. Баяндама. Қазақ халқының салт-дҽстүрлері туралы. 
4. «Жаным – арымның садағасы». 
5. «Халық салт-дҽстүрі халықтың егемендігінің кепілі». 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
74 
6. Сұрақ – жауаптар. 
Қорытындылау: Қазақ халқының салт-дҽстүрлерімен жалпылама таныстырдық. 
Халықтың салт-дҽстүрін білуге, оны сақтауға, Қазақстан Республикасын білімді де, 
білікті,  азаматы  ретінде  ұлттық  болмысын  сақтау  үшін  халықтың  салт-дҽстүрін, 
ҽдет-ғұрпын, тарихын білу, оны ардақтаудың ерекше мҽні айтылады. 
Наурыздың 19-шы жұлдызында «Наурыз» мерекесіне байланысты «Наурызым 
– құт-берекем» атты тҽрбиелік кеш ҿткіздік. 
Мақсаты:  жас  жеткіншектерге  салт-дҽстүрді  білуге,  инабаттылыққа, 
адамгершілікке, ұлттық рухта тҽрбиелеу. 
Жоспар: 
1. Баяндама. Наурыз мерекесі туралы. 
2. «Ҽз Наурыз» ҽні. 
3. «Наурыз». Тұманбай  Молдағалиевтің ҿлеңі. 
4. Сахналық кҿрініс: «Наурыз кҿже», «Ене мен келін». 
5. «Наурыз – халық мҽдениетінің кҿрінісі» (Баяндама). 
Қорытынды:  Кештің  қай  дҽрежеде  ҿткендігін  талқылау,  бұл  іс  ҽрі  қарай 
жалғасын табу қажет деген ұсыныстар жасау. 
Ҿздігімен жұмыс жасауға арналған сұрақтар: 
1. Салт-дҽстүр туралы қазақ ағартушыларының ой-пікірлері қандай? 
2. Салт-дҽстүр ұғымдарына түсінк бер. 
3. Салт-дҽстүрдің элементтерін ата. 
4. Салт-дҽстүрдің адам бойына қалыптастыратын құндылықтары. 
Салт-дҽстүрді үйренудің жоғары деңгейінде оқушы ҿзінің мемлекет ҿміріндегі 
белсенді  рҿлін  түйсінеді,  халықтың  ұлттық  мҽдениетіне  деген  сезімі  терең  болады. 
Мемлекетіміздің рҽміздері мен халықтың тарихын, салт-дҽстүрін, ҽдет-ғұрпын терең 
біледі,  оны  ары  қарай  жалғастыруға  ынталанады.  Ол  қазақ  халқының  мҽдениетін, 
ұлттық 
ерекшеліктерін 
салт-дҽстүрдің 
элементтерінің 
философиялық, 
психологиялық  ерекшеліктерін  зерделеуге  үлкен  шығармашылық  ұмтылыс 
танытады. 
Қорытынды.  Ҽр  бір  ұлттың  қай  кезеңде  болмасын  алдында  тұратын,  ұлы 
мұрат  міндеттерінің  ең  бастысы,  ҿзінің  ісін,  ҿмірін,  ұлттық  болмысын 
жалғастыратын сауатты, саналы адамгершілікті, ұлтжанды ұрпақ тҽрбиелеу. Егемен 
елдің ертеңі сенімді де серпінді дамуы үшін ұлттық құндылықтарды, атадан балаға 
үйретіліп  келе  жатқан  салт-дҽстүрлерді  ҿз  ұлтының  тарихын  жас  жеткіншектерге 
үйрету ҿте қажет. 
Қазіргі  Қазақстан  жағдайы  ұлттық  тҽрбиені  дҽріптеуді  негізгі  мақсатқа 
айналдырып  отыр.  Ал  ұлттық  тҽрбиені  қалыптастыратын  халықтың  салт-дҽстүрі, 
ҽдет-ғұрпы. Себебі салт-дҽстүрмен, ҽдет-ғұрыптар ғасырлар бойы халықтың тұрмыс-
тіршілігінің  нҽтижесінде  қалыптасып,  халықтың  мінез-құлық  нормаларымен 
ұштасып,  халықтың  айнымас  заңдылыққа  айналған.  Сондықтан  салт-дҽстүрде 
халықтың бүкіл психологиясы, ұлттық болмысы жатқандықтан жас жеткіншектерді 
ұлттық рухта тҽрбиелеуде бірден-бір құрал бола алады. 
Салт-дҽстүрдің  тҽрбиелік  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  оны  бастауыш 
мектепте  оқу-тҽрбие  процесінде  пайдалану  ҿте  маңызды.  Осы  орайда,  жалпы  салт-
дҽстүрдің  қалыптасуы  мен  дамуын  қарастыру  жҿн.  Салт-дҽстүр  халықтың  ҿзімен 
бірге  келе  жатқан  бастапқы  қағида,  сосын  наным,  сенім,  сосын  ҽдет-ғұрып,  салт-
дҽстүрге айналады. 
Қазақ  халқының  салт-дҽстүрі  сонау  15  ғасырдан  бұрын  кҿрініс  тапқан  деуге 
болады.  Салт-дҽстүрдің  дамуы  сол  халықтың  ҿсіп-ҿнуімен,  ҿркендеуімен, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
75 
ҿзгелермен  қарым-қатынас  нҽтижесінде  жүреді.  Ал  сол  салт-дҽстүрдің  тҽрбиелік 
мүмкіндіктері  ҿте  зор.  Салт-дҽстүр  ең  алдымен  ғалымдардың  жүйелеуімен 
қарастырамыз: 
1) Бала тҽрбиесіне байланысты салт-дҽстүрлер; 
2) Тұрмыстық салт-дҽстүрлер; 
3) Ҽлеуметтік-мҽдени салт-дҽстүрлер. 
Жіктелуіне  қарай  осы  салт-дҽстүрлердің  тҽрбиелік  мүмкіндіктерін  жекелеген 
элементтерін  талдай  отырып,  ашып  кҿрсетіп,  оны  бастауыш  мектепте,  оқу-тҽрбие 
процесінде салт-дҽстүрді пайдалануда жалпы педагогикалық заңдылықтарын негізге 
ала  отырып,  ҽдістеме  жасау  керек.  Мҽселен:  еліміздің  салт-дҽстүрді  пайдалану 
арқылы  жас  ұрпақты  ұлттық  рухта  тҽрбиелеу  мақсатымен  құрылған  кҿптеген 
бағдарламалар,  атап  айтсақ,  «Атамекен»,  «Қаусар  бұлақ»,  «Дҽстүр»  т.б,  негізінде 
сыныптан  тыс  немесе  факультативтік  сабақтардың  бағдарламасын  жасап,  оны 
бастауыш мектепте, оқу-тҽрбие процесіне енгізу қарастырылады. 
Зерттеу  жұмысы  негізінде  бастауыш  мектепте  оқу-тҽрбие  процесіне  салт-
дҽстүрді  пайдаланудың  сан  алуан  түрлері  қарастырылып,  оның  тиімділігін 
арттыруда нұсқаулар, кестелер, тҽрбие сағаттарының жаңа үлгілері жасалды. Ұлттық 
мұралардың,  салт-дҽстүрдің  ерекшеліктеріне  қарай  оқушылардың  кҿзқарасымен 
қызығушылығы артады. 
Осы  орайда,  тҽжірибелік-педагогиқалық  жұмыс  жҽне  оның  нҽтижесі  үлкен 
маңызға ие. Салт-дҽстүрді бастауыш мектептің оқу-тҽрбие процесінде пайдалану ең 
алдымен 
3-4 
сынып 
оқушыларын 
адамгершілікке, 
отансүйгіштікке, 
шығармашылыққа,  ҽдептіліке,  ҿзінің  іс-ҽрекетін  зерделей  білуге,  ата-анасын 
құрметтеуге,  жалпы  жеке  тұлғалық  құнды  қасиеттерге  тҽрбиелеп,  сол  мінез-құлық 
сапалары  биік  деңгейдегі  ҽлемдік  стандартқа  сай  білім  жүйесімен  сусындауына  ҿз 
ҽсерін тигізеді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет