Зерттеуші


Іс-тәжірибемде зерттеуге алынған 3 оқушы



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата14.02.2017
өлшемі4,67 Mb.
#4081
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

Іс-тәжірибемде зерттеуге алынған 3 оқушы
Cауалнама 
“А” оқушы 

Оқу оза-
ты. Жоғары 
қабілетті, бел-
сенді оқушы. 
Логикалық 
ойлау жүйесі 
жақсы 
қалыптасуда.

В” оқушы 

Оқу екпіндісі. Зейінді, логикалық 
ойлау қабілеті жақсы қалыптасқан. 
Жігері ұстамды. 
“С” оқушы 

Оқу 
үлгерімі 
орташа. 
Ынталы, 
еңбекқор. 
Қабілеті 
үнемі 
жаттығып 
отыруды 
талап етеді
.
0
1
2
3
4
5
6
Топтағы қарым-
қатынас
Өзгелерді 
тыңдауы
Ойының 
ұшқырлығы
Жұмысты 
қорғауы
Нақты дәлелмен 
тұжырым жасай 
алуы
А
В
С
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
90 
Келесі қадам – үш оқушы тҿңірегінде деректер. «Кҿпшілік педагогика нысаны 
бала  деп  біледі,  алайда  бұл  дұрыс  пікір  емес.  Ғылыми  педагогика  зерттеулерінің 
нысаны  –  бұл  «педагогикалық  дерек  (құбылыс)»,  -  деп  кҿрсетеді  А.С.  Макаренко. 
Шындығында педагогиканың тҽрбие саласы үшін адам баласы зерттеу нысаны бола 
алмасы – бізге Абайдың педагогикалық кҿзқарасынан белгілі. 
Ұлы  Абай:  «Адамның  адамшылығы  ақыл,  ғылым,  жақсы  ата-анадан,  жақсы 
ұстаздан, жақсы құрбыдан болады», - деп кҿрсетеді. Осыдан біз тҽрбие нысаны ақыл 
мен  ғылым  екенін  танысақ,  субъектілерінің  жақсы  ата-ана,  жақсы  ұстаз  бен  құрбы 
екенін  кҿреміз.  Сҽйкесінше,  мектеп  қабырғасындағы  оқушы  тұлға  сҽби  күнінен 
тҽрбие  нысаны  бола  алмайды.  Тҽрбие  үрдісінің  зерттеу  нысаны  болып  адамның 
дүниеге  келгенінен  ақыл-ой  парасаты  мен  мінез-құлқының  қалыптасуы  алынады. 
Сондай-ақ,  Абайдың  ақылды  адамның  адамшылығына  бірінші  етіп  алуы  адам 
баласының  ақыл-ой  санасының  қалыптасуынан  алынған.  Оған  дҽлел,  Абай  ҿз 
сҿздерінде  адам  есті  болып  тумайды,  кҿріп-біліп,  дҽмін  татумен  естің 
қалыптасатынын айтады [9, 7]. Есті адам ғана, ҿз адамшылығын Абай айтпақшы, істі 
бастауымен танытады. 
 
Іс-тәжірибемде модульдің қолданылуы
Оқыту  мен оқудағы жаңа тәсілдер
Диалогтік оқу: зерттеушілік әңгіме
Оқыту үшін бағалау және 
оқуды бағалау
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану 
Сын тұрғысынан ойлау
Диалогтік оқу: кумулятивтік әңгіме
• Серігу сәті

Жобалаудағы пікір 
алмасу
• Кері байланыс
 
Адам  ҿз  ісін  белгілі  бір  мақсатпен  бастайды.  Тіпті  болмаса  мақсатты  не 
мақсатсыз белгілі  бір іске, не жұмысқа, білім алуға деген талпынысы болуы керек. 
Талпынбай  талап  болмайды.  Талпыныстың  ҿзі  талапты  қажет  етеді.  Талап 
талпынушының ҿз тарапынан да, ішкі не сыртқы қажеттіліктен де туындауы мүмкін. 
Не болмаса сыртқы ҿзгенің талап етуімен де жүзеге асуы ықтимал. Қалай дегенмен 
талпыныс  бар  жерде  талаптың  болуы  істің  жүзеге  асуына  негіз  болса,  оның  қалай 
аяқталатыны  талпынушы  тараптың  талғамы  мен  алдына  қойған  мақсатының 
күтілетін  нҽтижесіне  байланысты  болғандықтан  да  Абай:  «Адамның  адамшылығы 
істі  бастағанынан  білінеді,  қалайша  аяқтағанынан  емес»,  -  деп  тұжырымдайды  [9, 
30]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
91 
Екінші  деңгей  бағдарламасынан  күтілетін  нҽтижелер  мұғалімдер  оқушыларға 
қалай  оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нҽтижесінде  еркін,  ҿзіндік  дҽлел-уҽждерін 
нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-кҿзқарастары жүйелі дамыған, 
сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  болып  қалыптасуға 
кҿмектесуге даярлау болып табылады [1, 8]. 
Мектептегі  іс-ҽрекетті  зерттеуде  үш  оқушы  тҿңірегінде  оқушы  тұлғаларды  А, 
В,  С  деңгейімен  сараптауда  білім  алуға  деген  талпынысындағы  тыңдау,  ойын 
жүйелеу қабілеттерімен қатар зейінділігін назарда ұстауымыз қажет болады. 
Келесі  қадам  –  мақсатқа  жету.  Мақсатқа  жету  жолымызда  Оппер  мен  Петтер 
(2010)  мұғалім  жүргізетін  даму  жұмыстары  жобаның  соңында  емес,  ҿн  бойында 
байқалуы  керек  десе,  Абай  адамның  адамшылығын  істі  бітіргенінен  емес,  қалайша 
басталғанымен 
кҿрсетеді. 
Оппер 
мен 
Петтер 
пайымдауы 
мен 
Абай 
философиясындағы  байланыс  жұмысты  бастау  мен  нҽтижесі  емес,  мұғалім 
жүргізетін  даму  жұмыстары  жобаның  ҿн  бойында  байқалуы  үшін  де  талапты 
талпыныстың  қажеттілігін  танытады.  Талапты  талпыныссыз  мұғалім  жүргізетін 
жұмыс  та,  оқушы  тұлғаның  оқуы  да  жобаның  ҿн  бойы  тұрмақ,  бастамасынан-ақ 
күтілетін  нҽтижеге  ілгерлемейді.  Оны  ілгерлету  үшін  Абайдың  естіп-кҿргенді  есте 
сақтаудың негіздеріне сүйенеміз. Неліктен? 
Іс  ілгері  жылжу  үшін  алдымен  кеселді  ойлардан  арылу  керек.  Бұл  Блум 
таксономиясына  дайындық  деген  сҿз.  Блум  таксономиясы  бойынша  алдымен  білу 
керек.  Ал  бір  нҽрсені  білу  үшін  алдымен  табандылық  қажет.  Соның  ішінде,  білуге 
деген  дағдыларды  меңгеру  үшін  табандылық  қажет.  Бұл  табандылық  зейін  қоюдан 
танылады.  Оқыту  үшін  алдымен  оқушы  тұлғаның  білуге,  оқуға  деген  зейіні  мен 
табандылығын пайымдауымыз керек. 
Келесі  кезекте  қызығушылығы  мен  қабілет  деңгейін  пайымдау  керек  болады. 
Соның  ішінде  тыңдау,  ойлау,  ойын  жүйелеу  қабілеттерімен  жұмыстану  қажеттілігі 
туындайды.  Қызығушылық  негізінен  қандайда  бір  қажеттіліктен  туындайтынын 
ескерсек, білу үшін нені білудің қажеттілігін туындату білуге деген қызығушылықты 
оятары  сҿзсіз.  Міне,  осы  тұста  Абай  айтатын  кҿкірек  байлаулы  берік  болмақтық, 
ҿзінен-ҿзі зейінді Блум таксономиясының түсіну кезеңіне жетелейді. 
Абайдың пайымдауындағы ғибраттану, яки үлгі, ҿнеге не сабақ алу үшін түсіну 
үдерісінде  ынтамен  ұғынғанды  Блум  таксономиясының  қолданып-талдау  үстінде 
таныта алады. Оқушы тұлға осы екі үдеріс үстінде Абай атап ҿтетін, естіп-кҿргенді 
іштей  бірнеше  уақыт  қайталап  емес,  бірнеше  қайтара  ойланып,  зерделеп  кҿңілге 
бекіту үдерісі санада саналы сезіммен жүретін болады. 
Нҽтижесінде  оқушы  тұлға  Блум  таксономиясында  күтілетін  жинақтау  мен 
бағалау кезеңдерінде ҿз ой еңбегінің қорытындысын шығара алады. 
Блум таксономиясы. Білу. Фактілерді, жағдайларды, негізгі тұжырымдамалар 
мен жауаптарды кҿрсету арқылы ҿткен материалдардың есте сақталғанын растау: 
- Арнайы сипаттамаларды білу (терминология, нақты фактілер мен т.б.); 
- Жалпылайтын сипаттамаларды білу: конвенциялар, үрдістер мен сабақтастық, 
жіктелімдер мен санаттар, критерийлер, ҽдістемелер жҽне т.б.; 
- Тиісті саладағы ҽмбебап нҽрселер жҽне абстрактілерді білу – қағидаттар мен 
жалпылаулар, теориялар мен құрылымдар жҽне т.б. 
Тҥсіну. Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау жҽне 
бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндігін кҿрсету: 
- Аударма жасау; 
- Интерпретация; 
- Экстраполяция. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
92 
Қолдану. Жаңа білімдерді, ҽдістерді жҽне ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. 
 
Кездесетін кедергілер
Іс-тәжірибемде 7 модульдің қолданылуы
 Білім деңгейлерінің 
әртүрлілігі;
 Ӛз ойларын еркін жеткізе 
алмауы;
 Бағалау критерийлерін 
нақты қоя алмау;
 Топтық жұмысқа бірден 
үйренбеу;
 Топта бірін-бірі тыңдамау;
 Топ басшыларының 
бағалауына келіспеу;
Шешу жолдары

Ӛз ойын ашық айтуға 
үйрету.
 Тілдік қорын дамыту.
 Ізденісін қалыптастыру.
 Топтық жұмыстың 
негізінде бірлескен 
жұмыстың әдіс-тәсілін 
үйрету.
 Нақты бағалауға, бағалау 
критерийлерін түсінуіне 
үйрете отырып ықпал ету.
• Жобалау
• Бірлескен 
топтық 
жұмыс
• Ӛз пікірін қорғау
 
Талдау.  Дҽйектер  мен  себептерге  сҽйкес  ақпаратты  тексеру  жҽне  жіктеу. 
Қорытынды жасау жҽне жалпылаудың болғанын растайтын дҽлелдерді анықтау: 
- Элеметтерді талдау; 
- Қарым-қатынасты талдау; 
- Ұйымдастыру қағидаттарын талдау. 
Жинақтау.  Жаңа  үлгіде  ҽртүрлі  тҽсілдермен  элементтерді  қиыстыру  арқылы 
ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім ұсыну: 
- Ерекше байланыс орнату; 
- Жоспар ҽзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы
- Абстактілі қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар. 
Бағалау.  Пікірмен  таныстыру  жҽне  оны  дҽлелдеу,  ақпарат  бойынша 
қорытынды  жасау,  бірқатар  критерийлердің  негізінде  идеяларды  негіздеу  жҽне 
жұмыс сапасын бағалау: 
- Ішкі дҽлелдемелер тұрғысынан жасалған қорытынды; 
- Сыртқы критерийлер тұрғысынан жасалған қорытынды [1, 43-44]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
93 
Келешекте іс
-
тәжрибемді қалай жақсартамын
?
Болашақта:
 Әр сабақта сыни 
тұрғыдан ойлауға 
тапсырмаларды жүйелі 
түрде  нақтылап   беріп 
отыру;
 Оқушылардың ӛз-ӛзін 
бағалауды үйренуіне 
ықпалдасу;
 Әр сабақта 7 модулді 
қолданып, ӛз білімімді одан 
әрі жетілдіріп, 
толықтырып отыру;
 Ӛздігінен шешім шығара 
алатын білімді зерек 
ізденімпаз оқушының 
қалыптасуына ықпалдасу;
А
В
С
Бейімді оқу қабі-
летінің қалыпта-
суымен жұмыс-
танылады
Жаратылыстану 
бағытында 
бейімді оқуға 
қабілетті оқушы.
Техникалық білім-
дерге бейімдеп оқу 
қабілетін қалып-
тастырумен  
жұмыстанылады 
 
Әдебиеттер 
1 Мұғалімге арналған нұсқаулық. ІІ деңгей, үшінші басылым. – 2014. 
2  Мектептегі  тҽжірибе  кезеңінде  орындауға  арналған  тапсырмалар.  Екінші 
(негізгі) деңгей. Үшінші басылым // www.cpm.kz., 2014. 
3 Үлестірме материалдар. ІІ деңгей (үшінші апта, үшінші басылым), 2014. 
4 Курсалды тапсырмалар. ІІ деңгей, үшінші басылым, 2014. 
5 Ақылдың кҿзі. – Алматы: «Жалын» баспасы, 1980. 
6  Кудайбергенова  К.С.  Мектептегі  іс-ҽрекетті  зерттеу.  Ҽдістемелік  құрал.  – 
Алматы, 2013. 
7  Қазақ  мақал-мҽтелдері  /  Құраст.  Ж.  Малайсарин.  –  Алматы:  «Ана  тілі» 
баспасы ЖШС, 2012. 
8 Абай. Қара сҿздері. – Алматы: Ҿнер, 2010. 
9 Шхан Н. Жеке тұлғаны қалыптастыру. Тағылымтану бағдарламасы. – Астана: 
Фолиант, 2012. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
94 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҦЙЫМДАСТЫРҒАН «ҤЗДІК ЖАС ЗЕРТТЕУШІ» АТТЫ ҒЫЛЫМИ 
ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНА ТҤСКЕН ЖҦМЫСТАР 
 
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ 
 
АРИБЖАНОВА Молдір Ерланқызы, 
«Мирас» кӛпбейінді мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы, 
Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БЕКҚОЖИНА Айман Саркенқызы, 
«Мирас» кӛпбейінді мектеп-гимназиясының І санатты 
бастауыш сынып мҧғалімі, Щучинск қаласы, Бурабай ауданы, 
Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы 
 
АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ 
ФИГУРАЛАРҒА ҦҚСАСТЫҒЫ 
 
Біз, адамзат қауымы ҽр атқан таңымыздан батар кешке дейін күнделікті күйбең 
тіршіліктің қамымен жүріп, ҿміріміздің қалай ҿтіп жатқанын аңғармаймыз. Алайда, 
сіздер бір сҽтке болса да жан-жағыңызға кҿз салып тоқталар болсаңыз, күнде кҿріп, 
ҿзіңіз талай рет жүріп ҿткен жерлеріңіздің ҿзін басқаша бір қырынан байқамауыңыз 
мүмкін  емес.  Менің  бұлай  деп  айтуыма  себеп  болған  кезекті  жаз  мезгіліндегі  3  ай 
демалыс уақыты. 
Ҽр ата-ана ҿз баласының қамын ойлап, жағдайын жасайтыны секілді менің де 
анам  Жұлдыз  бен  ҽкем  Ерлан  жақсылап  дем  алсын  деген  ниетпен  ҿзіміздің 
Елордамыз  Астана  қаласына  апарды.  Күні  бойы  Астанамыздың  керемет  жерлерін 
араладық.  Атап  айтсам,  «Астана  –  Бҽйтерек»  монументі,  «Бейбітшілік  пен  келісім 
сарайы», «Хан шатыры», «Шабыт» шығармашылық сарайы т.б. ҽсем жерлерді кҿріп, 
кҿркіне кҿзім сүйсінді. Осы кҿрген жерлерімді фотоға түсіріп алған едім. Кейіннен 
сол  суреттерді  қарап  отырып,  мен  сол  ғимараттардың  бейнесінен  ҽр  түрлі 
фигураларды  байқадым.  Мүмкін,  біреулер,  ҽртүрлі  күрделі  фигуралар,  түзулер, 
жазықтықтарды тек математик-ғалымдардың кітаптарында ғана кездестіруге болады 
деп  ойлар.  Бірақ,  мұқият  қарасақ,  кҿптеген  заттар,  бізге  бұрыннан  таныс 
геометриялық  фигуралардың  пішіндеріне  ұқсас  болып  келетінін  байқаймыз.  Олар 
ҿте кҿп екен. Тек біз оларды үнемі байқай қоймайды екенбіз. 
Үшбұрыштар,  квадраттар,  цилиндрлар,  шеңберлер,  конустар…  Мектепте 
математика сабағында ҽрбір оқушы бұларға тап болады. 
Қазіргі  таңдағы  архитектурада  ҽр  түрлі  геометриялық  формалар  батыл 
қолданылуда.  Осы  орайда,  мен  Астана  ғимараттары  мен  құрылыстарының 
архитектурасында  конус,  цилиндр  жҽне  пирамидаларды  қолданудың  ҽр 
алуандылығын  зерттеуді  ҿзіме  мақсат  еттім.  Кҿздеген  мақсатыма  жету  үшін 
пирамида,  конус  жҽне  цилиндрдің  түсінігін  анықтап  жҽне  де  осындай  негізгі 
геометриялық  фигураларды  біздің  Отанымыздың  Елордасы  –  Астана  қаласының 
архитектурасында олардың қолдануын қарастыруды шештім. 
Сарыарқаның  кең,  жазық  даласында  орналасқан  қаламыздың  ескі  атауы 
Ақмола  болған.  Ол  кезде  қала  шағын,  ҽрі  тыныш  болатын.  Ол  1997  жылы 
Қазақстанның  астанасы  болып  белгіленді,  ал  1998  жылы  Астана  атауы  берілді. 
Мұнда кҿптеген ғимараттар салынып, жаңа кҿшелер, даңғылдар пайда болды. Үлкен 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
95 
ықшамаудандар,  жаңа  Мҽдениет  сарайы,  опера  жҽне  балет  театры,  ҽуежай  бой 
кҿтерді. 
Астана, лезде ҿзгеретін, жас Елорда  – Қазақстан халқы шығармашылығының, 
дамуының  жҽне  алға  басуының  символы.  Ғимараттар  мен  құрылыстардың 
элементтерінде  ҽр  түрлі  геометриялық  фигуралар  қайталанбас  ҽлпет  береді,  ал  сол 
ғимараттардың ҽсемдігі мен биіктігі Токио, Нью-Йорк жҽне Дубай ғимараттарымен 
тайталасады. 
Бүгін біз, Елордамыз – Астана қаласының ғимараттары мен құрылыстарындағы 
геометриялық фигуралардың ҽр алуандылығын қарастырамыз. 
  
Мен сурет кҿрдім. Ол суретте, 
Құмды шҿлде Пирамида тұр. 
Пирамидадағының бҽрі таңқаларлық
Онда бір жұмбақ сыр бар. 
Бұл  ҿлең  жолдары  Есіл  ҿзенінің  сол  жақ  жағалауында  орналасқан  Пирамида 
түрінде  жасалған  Астана  қаласындағы  ең  басты  ғимараттардың  бірі  –  Бейбітшілік 
пен келісім сарайына сай келеді. 
Бейбітшілік  пен  келісім  сарайы  –  Астананың  бір  ерекшелігі,  мемлекетіміздің 
мақтанышы  жҽне  Қазақстанның  басқа  мемлекеттермен  байланысын  нығайтудағы 
негізі  болып  табылатын  62  метрлік  пирамида.  Оның  жас  Астанамыздың  үстінде 
күннің шағылуын бейнелейтін айна қырлары, 2006 жылы салынған архитектуралық 
құрылысқа бұдан ҽрі айбындылық беріп тұрады. 
Осындай  зерттеу  жұмысымның  нҽтижесінде  мен  Астана  қаласындағы 
ғимараттар  жайында  кҿптеген  мҽліметтер  жинастырып,  біршама  жұмыстар 
атқардым.  Енді  ҿзім  бұл  ғимараттарды  тек  қана  сыртынан  қарап,  геометриялық 
фигураларға ұқсастықтарын анықтап қана қоя салмай, олардың сандық мҽліметтерін 
қолданып, есептер шығаруды қарастырдым. 
Қосымша  материалдармен  жұмыста:  есептер  шығару  жинағы,  оқулықты 
қолданып, ғимараттардың периметрін, ауданын, кҿлемін анықтайтын математикалық 
есеп құрастырдым. Нысана ретінде мен Бейбітшілік пен келісім сарайын алдым. 
Есеп  №1.  Бейбітшілік  пен  келісім  сарайының  негізгі  бҿлігінің  периметрін 
есептеу, егер пирамиданың негізі квадрат екені белгілі болса, ал оның ені – 62 м. 
Шешуі: Р=4а, осыдан, Р=4*62=248 метр. 
Есеп №2. Пирамида негізінің ауданын есептеу  S, егер ені – 62 м екені белгілі 
болса. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
96 
Шешуі: S=а
2
, осыдан, S=62 * 62 = 3844 м
2

Есеп  №3.  Пирамида  кҿлемін  V  есептеу,  егер,  пирамида  биіктігі  62  м,  ал 
негізінің ені 62 м екені белгілі болса. 
Шешуі: V= (1/3) * S* h. 
V = (1/3) * 3844 м

* 62 м = 238328 м
3
.
 
Енді  «Астана  –  Бҽйтерек»  монументі  туралы  айтсам,  ол  Астананың  символы 
жҽне ең басты назар аударарлық орны болып саналады. Монумент – ең жоғарысында 
үлкен  шары  бар,  биік,  металдан  жасалған  конструкция.  Металдан,  ҽйнек  пен 
бетоннан  жасалған  бұл  «терек»  биіктігі  105  м  металл  құрамасынан,  салмағы  1000 
тоннадан жоғары 500-ге жуық қададан тұрады. Биіктігі 97 м, диаметрі 27 м жҽне де 
ол 1997 жылы астанамыз Алматы қаласынан Астана қаласына ауысқанының белгісі 
болып саналады. Ағаштың басы сүйір ұшты пирамидалармен кҿрсетілген. 
Аңыз бойынша, Бҽйтерек  – киелі құс Самұрық қонатын ҿмір ағашы. Ол оның 
биік бұтақтарында, ҿмір мен сенім беретін алтын жұмыртқа басу үшін жасырынады. 
Ал  сол  уақытта  ағаш  түбінде  ол  жұмыртқаны  жеу  ниетімен  аш  Айдаһар 
жасырынған.  Осылай  жақсылықтың  зұлымдықпен  мҽңгілік  күресі  бейнеленген. 
Ҽлемде  бірінші  рет  салмағы  300  тоннадан  тұратын  күннің  түсуіне  қарай  түсін 
ҿзгертетін «хамелеон» ҽйнегінен жасалған шар биіктігі жағынан рекордқа ие болды. 
Оның негізгі идеясы Елбасы Н.Ҽ. Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде ҿмірге келді. 
«Бҽйтерек» нысаны 3 бҿліктен тұрады; жер асты бҿлігі ұлттың тамыр жаюы, ал 
одан кейінгілері ҿркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында 
«Аялы  алақан»  композициясы  орын  тепкен;  оған  қол  табы  тигенде  шиыршық 
түріндегі жарық ағып түсіп, сҽуле алақанға құйылады жҽне Ҽнұран ойналады. 
Ал 
енді 
Ақ 
Орда 
резиденциясына  кҿз  салсаңыздар, 
ол  –  Қазақстан  Республикасы 
Президентінің 
Резиденциясы. 
Ғимараттың 
жалпы 
кҿлемі 
36 720 м
2

Президент 
Ақ 
Ордасының  ресми  тұсаукесері 
2004  жылғы  желтоқсанның  24-і 
күні  ҿтті.  Ғимарат  қазіргі  заманғы 
құрылыстың ең таңдаулы ҽдістерін 
қолдана 
отырып, 
монолит 
құйматастан 
салынған. 
Шатырсүмбіні  қоса  есептегендегі  ғимараттың  биіктігі  80 м.  Ол  жер  бетінде  5  жҽне 
жер  астындағы  2  қабаттан  тұрады,  оның  ішінде  жер  бетіндегі  1-қабаттың  биіктігі 
10 м, қалған қабаттардың биіктігі 5 м. Сонда барлығы ғимаратта 7 қабат бар. 
Ендеше жер бетіндегі 5 қабаттың биіктігін мен былай есептеп таптым: Һ = 10м 
+ 4 х 5 м = 10 м + 20 м = 30 м. 
 
Айта берсем, Астана қаласының архитектурасында пирамида түрінде жасалған 
элементтер  ҿте  кҿп.  Солардың  бір  дҽлелін  мына  ғимараттардың  тҿбелерінің 
кҿріністерінен байқауларыңызға болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
97 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ендігі  кезекте  сіздерге  конус  туралы  ҿз  байқағаным  туралы  баяндап  кетсем 
деймін.  Жалпы  Астана  архитектурасының  элементтерінен  конустарды  жиі 
кездестіруге  болады.  Соның  бір  айқын  дҽлелі  –  ол  бҽрімізге  танымал  «Хан 
Шатыры». Ол дұрыс емес конус түрінде жасалған Астана қаласындағы ең ірі сауда-
сауық орталығы. 
Хан  Шатыр  –  ҽлемдегі шатыр түрді 
құрылыстардың  ең  орасан  зоры.  Хан 
Шатыр ойын-сауық жҽне сауда орталығы – 
бір  шатырдың  астында  ҽлем  деңгейіндегі 
ойын-сауық 
жҽне 
сауда-саттықты 
біріктірген,  алғашқы  лайфстайл-орталық 
болып 
саналады. 
Бұл 
құрылыстың 
жобасын  жасаған  танымал  ұлыбритандық 
архитектор  Лорд  Норман  Фостер.  Бас 
мерігер  Түркияның  Сембол  Констракшн 
(Sembol Constractoin) құрылыс серіктестігі. 
Ғимарат  дизайны  –  ассиметриялы,  ал 
ғимараттың  жалпы  ауданы  –  127000  м
2

биіктігі  200  м.  Оның  негізгі  қаңқасы 
фторполимермен  қапталған  ұсақ  торлы  алып  шатырдан  тұрады.  Қаптауға 
пайдаланылған фторполимер  ETFE –  жарықты  молынан  ҿткізіп,  ғимараттың  ішін 
ыстық  пен  суықтан  қорғайтын  ғажап  құрылыс  материалы  арқаның  құбылмалы  ауа 
райы кезінде кешендегі ауаның температурасын бірқалыпты ұстап тұруға мүмкіндік 
береді. Құрылыс нысанының металл қаңқасы – 2300 т, шатырдың биіктігі – 150 м. 
Хан  Шатырдың  ішкі  кҿлемі  110000  м
2
  аумақты  алып  жатыр.  Бұл  сауда  жҽне 
ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, 
ірі  сауда  орталықтары,  кинотеатр,  концерт 
залдары  болады.  Сонымен  бірге  ғимараттың 
барлық 
қабаттарында 
дҽмханалар 
мен 
мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде 
тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. 
Балалардың  тамаша  демалысы  үшін  биіктігі  7 
жҽне  4  метрді  құрайтын  су  сырғанақтары 
жабдықталған. 
Ал  Президент  резиденциясы  Ақ  Орданың 
жанындағы  Үкімет  үйінің  сол  жақ  екі 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№4-6(96-98), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
98 
қанатының  ұшар  бастары  алтын  түсті  қиылған  конустар  мен  тік  конустардан 
құрылған.  Ал  мына  «ұшатын  тҽрелке»  түріндегі  «Астаналық  цирк»  ғимаратына 
назар  салсаңыздар,  оның  шатыры  конус  түрінде,  ал  айналасы  пирамидалар  түрінде 
ҿрнектеліп келген. 
Осы тҽріздес «Шабыт» шығармашылық сарайының пішініне қарасақ, тҿбесінен 
кесілген  конусқа  ұқсайды.  Құрылыс  конструкциясы  10  градустық  бұрыш  жасап, 
кҿбейтіле  орнатылған,  биіктігі  8-ші  қабатқа  жететін,  38  мықты  колоннадан 
құрастырылған. Іске пайдалануға тапсырылған жылы – 2009, жалпы ауданы – 30 450 
м
2

Шығармашылық  сарайы  Есіл  ҿзенінің  оң  жақ  жағасында  Астананың  жаңа 
ҽкімшілік орталығында, Конгресс холлдың ғимаратының жанында орналасқан. 
«Шабыт» шығармашылық орталығы – ҿз шаңырағының астында Қазақстанның 
барлық жерлерінен жиналған шығармашыл жандардың басын қосатын ең ірі, бірегей 
кешен.  Осылайша,  геометриясыз  ештеңе  де  болмас  еді,  ҿйткені  бізді  қоршайтын 
барлық ғимараттар – бұл геометриялық пішіндер. 
Геометрия  жҿнінде  еш  білімдері  болмаса  да,  ежелден  бері  адамдар  ҿздеріне 
формалары  алуан  түрлі  үйлер  мен  тұрақтар  салған.  Геометриялық  фигуралардың 
формасы  құрылыстарға  ерекше  кҿрініс  береді.  Ҿйткені  олар  тек  үлкен  жҽне  ҽдемі 
ғимараттар емес, олар ҿздерінің нақтылығымен, ұлылығымен кҿп жылдар бойы таң 
қалдыратын,  мықты,  сенімді  жҽне  ерекше  құрылыстар  болып  табылады.  Жҽне  оны 
біздің Астанамыздың қазіргі таңдағы ғимараттарынан байқауға болады. 
1997  жылы  желтоқсанында  Елбасының  халыққа  жолдауында  мынадай  сҿздер 
бар: «Қазірден бастап жҽне ғасырлар бойы, үлкен мемлекеттің ортасында, халықтың 
тағдырына  ҽсер  ететін  шешімдер  қабылданады.  Біздің  Отанымыздың  жүрегі  енді 
осында  соғылады.  Үшінші  мыңжылдықтың  қарсаңында,  бүгін  қазақстандықтар 
ҿзінің  тарихи  тағдырын  осында  анықтайды.  Астана  –  біздің  Оңтүстікке  де, 
Солтүстікке  де,  Батысқа  да,  Шығысқа  да  ашықтығымыздың  символдық  кҿрінісі 
болып  табылады».  Астана  –  ҿзінің  жаңа  атына  ие  болып,  мемлекетіміздің  басты 
қаласына  айналды.  Бүгінгі  Астана  –  ҽлемдік  архитектуралық  ойдың  сынақ  алаңы. 
Нақтыласақ,  қазақтың  Сарыарқа  даласының  ортасында  бірегей  құрылыстарымен 
қайталанбас қала ҿсіп келеді. 
Астананың архитектуралық бет-ҽлпетінде қайталанбас ғажайып жҽне үйлесімді 
шығыс  дҽстүрлері  мен  алдыңғы  қатарлы  батыс  архитектурасының  шығармашылық 
ойының  ұшқыны  қосылған.  Астана  Қазақстанмен  бірге  дамып  келеді:  кҿп  қабатты 
үйлер  күннен  күнге  кҿбейіп,  ҿңделмеген  жерде  мегаполис  салынып  жатыр. 
Адамдардың саны да артып келеді. Жаңа орталық салынды, қала Ишим кҿлінің екі 
жақ жағалауын алып жатыр. Ол біздің мемлекетіміздің Президентінің үлкен еңбегі. 
Ҿйткені жаңа астанамыздың салынуына қаншама күш, қуат жҽне қаржы жұмсалуда. 
Астана  –  мемлекеттің  жүрегі.  Астана  –  бұл  арман,  Президент  Н.Ҽ. 
Назарбаевтың мақсаты. 
Менің  болашаққа  ұсынысым:  Елордамыздағыдай  зҽулім  ғимараттарды 
еліміздің басқа да қалаларына салса нұр үстіне нұр болар еді. 
Болашақта  ҿзімнің  туып-ҿсіп  келе  жатқан  кішкентай  Отаным  –  Щучинск 
қаласында  да  осындай  зҽулім  ғимараттар  салынса,  кҿгілдір  Кҿкше  ҿңірінің  тамаша 
табиғатымен бірге жарасым табар еді. 
Ҿзіміздің қазақ халқымыздан талай батырлар мен ақындар, ғұлама жазушылар 
шыққанда  неге  біздің  қандастарымыздан  ҿзіндік  ұлттық  нақышта  керемет 
ғимараттар тұрғызатын архитекторлар шығармасқа. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет