Зерттеуші


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата06.03.2017
өлшемі3,02 Mb.
#7739
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ 
 
Аңдатпа 
Жарияланып  отырған  ғылыми-әдістемелік  зерттемеде  «Физика»  сабағында 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны 
қолданып, 
оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамыту  факторларының  ең  маңызды  тапсырмалар 
жиынын, жҧмыс тҥрлерін қолдану әдістемесі қарастырылған. 
Кілт сӛздер: ақпарат, тәжірибе, жаңашыл. 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  оқытудың  жаңа 
технологияларын,  оның  ішінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  енгізу 
және тиімді пайдалану міндеті қойылған [1]. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
19 
Ақпараттық және коммуникациялық (АКТ) білім беру технологиясы заманауи 
білім  берудің  басты  мәселелерінің  бірі  болып  табылады.  Қазіргі  қоғамдағы  білім 
жҥйесін  дамытуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  маңызы  зор, 
сонымен  бірге  қазіргі  заман  талабы  да  осы.  Қоғамдағы  ақпараттандыру 
процестерінің  қарқынды  дамуы  жан-жақты,  жаңа  технологияны  меңгерген  жеке 
тҧлғаны  қалыптастыруды  талап  етеді.  Оқушылардың  ақпараттық  қҧзырлығы  мен 
ақпараттық мәдениетiн қалыпастыру қазiргi таңда ҥздiксiз педагогикалық бiлiм беру 
жҥйесiндегi ең кӛкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. 
«Физика»  сабақтарында  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 
пайдаланудың тиімділігі: 
- Аз уақытта кӛп білім алып, уақытты ҥнемдеу; 
- Қажетті ақпаратты жедел тҥрде алу мҥмкіндігі; 
- Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық қҧбылыстарды тҥсіндіру 
арқылы жҥзеге асыру; 
- Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып ҥйрену; 
-  Қарапайым  кӛзбен  кӛріп,  қолмен  ҧстап  сезіну  немесе  қҧлақ  пен  есту 
мҥмкіндіктері  болмайтын  табиғаттың  таңғажайып  процестерімен  әр  тҥрлі  тәжірибе 
нәтижелерін кӛріп, сезіну мҥмкіндігі; 
- Оқушының ӛз бетімен жҧмысы. 
АКТ  қолдану  теориялық  сҧрақтарға  терең  ҥңілуге  ықпал  етеді,  ал  «Физика» 
пәнін  оқытуда  оқушыларға  физикалық  қҧбылыстар  мен  процестерді  тҥсінуге 
мҥмкіншілік  жасайды,  себебі  оқушыға  тек  интербелсенді  әдістер  арқылы  ғана 
тҥсіндіре алатын сҧрақтар осы әдіс-тәсілдермен оңай шешіледі. 
Интернет-технологияларды  оқушылар  заманауи  талабына  сай  тез  қабылдай 
алады,  ӛз  жҧмысына  сенімділік  пайда  болады,  оқушылар  зерттеу  жҧмыстарымен 
айналысып,  оқушының  сапалы  білім  алуына  жан-жақты  жағдай  жасайды,  білім 
берудің  сапасын  кӛтереді,  оқушы  мен  мҧғалімнің  жҧмысын  жақсартып,  кеңейтеді 
және білім берудің сан-алуан жҥйелерін ҧсынады. 
Ақпараттық  технологияны  қолдану  шығармашылық  жҧмыс  кезінде  келесі 
деңгеймен ерекшелінеді: 
I деңгейі – бейтарап
Мҧғалімнің  іс-әрекеті:  Оқушыларға  интербелсенді  тақтада  суреттер  мен 
фотоларды қолдану арқылы сҧрақтар мен есептерді беру. 
Оқушының  іс-әрекеті:  Мультимедиалық  курс  бойынша  мәтінді  тақтадан  оқу, 
интербелсенді тақтаның нҧсқауларына және мҧғалімнің сҧрағына жауап табу. 
II деңгей – іскерлік. 
Мҧғалімнің  іс-әрекеті:  Зертханалық  жҧмыс  орындау  кезінде  интербелсенді 
әдістемелермен жҧмыс жасау. Тест жҧмысын ҧйымдастыру. 
Оқушының  іс-әрекеті:  Зертханалық  жҧмыстарды,  тестілеу  жҧмысын  орындау 
және есептер шығару. 
III деңгей – шығармашылық. 
Мҧғалімнің  іс-әрекеті:  Оқушыларға  шығармашылық  жҧмыс  ретінде 
интербелсенді әдістер арқылы орындалатын тапсырмаларды беру. 
Оқушының  іс-әрекеті:  Ӛз  бетінше  зерттеу  жҥргізу,  интеллектуалдық, 
танымдық, ӛз жҧмысын жаңашыл әдіспен орындау [2]. 
Сабақтың әр тҥріне байланысты АКТ да әр тҥрлі қолдануға болады. Мысалы: 
диалог-сабақтар,  іскерлік  ойын  сабақтары,  зертханалық  жҧмыстар,  жобалық 
жҧмыстар, есеп талдау, әр тҥрлі тәсілмен шығару, білімді тексеру, пікірталас сабақ, 
аралас сабақ, дәстҥрлі емес сабақ деп тҥрлендіріп, толықтыруға болады. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
20 
Сабақ уақытында АКТ-ны қолдану барысында аудио және бейне редакторлар: 
Audacity, Windows Live Movie Maker, интерактивті оқыту бағдарламалары Notebook, 
ActivStudio,  зертханалық  қҧралдар  жиынтығы  GLXplorer  сенсорлар  жиынтығын 
пайдалану ӛте тиімді. 
Физика  –  тәжірибелік  ғылым,  оны  тҥсіну  ҥшін  міндетті  тҥрде  тәжірибелер 
жасау  қажет.  «Физика»  пәнінің  әдістемесі  басқа  пәндердің  білім  беру  әдістемесіне 
қарағанда қашанда қиындыққа толы. 
«Физика»  пәнінің  ӛзіндік  ерекшелігіне  сай  АКТ  қолдануға  ӛте  ыңғайлы  және 
физиканы оқытудың тиімді әдістемелерінің бірі деп есептеймін. Жҧмыс барысында 
мен мынадай екі бағытты таңдаймын: 
Біріншісі – жеке компьютерлік демонстрацияларды пайдалану; 
Екіншісі: сабақтарда қажетті мультимедиялық әзірлемелерді қолдану. 
Жаңа  сабақты  заманауи  талаптарға  сай  жоспарлау  кезінде  мҧғалімнің  ӛзіне 
арналған негізгі сауалдар тҧрады: 
- Мұны қалай орындасам екен? 
- Тәжірибер үшін мәліметерді қайдан алсам екен? 
- Әзірлемемді сабақ уақытында қалай тиімді пайдалансам екен? 
Оқушыға  қҧбылысты  тҥсіндіру  ҥшін  физика  кабинетінде  жоқ,  қымбат 
қҧрылғыларды  қажет  ететін  тәжірибелерді  жасау  міндетті  емес.  Себебі  жасанды 
зертханалық  жҧмыстарды  орындайтын  заманауи  қҧралы  –  компьютердің  кӛмегіне 
жҥгіну жҧмысты жеңілдетеді. Осындай тәжірибелер барысында оқушы шамалардың 
мәндерін  ӛздерінің  қалауы  бойынша  ӛзгерте  алады  және  нәтижесі  қалай  ӛзгеріп 
отыратынын  қадағалап,  сараптама  жасай  отырып,  сәйкесінше  тиісті  қорытынды 
жасай алады. 
Кей қҧбылыстарды оқушыға сӛзбен, қарапайым суретпен тҥсіндіру жеткіліксіз. 
Сондықтан  мен  сабағымды  жоспалаған  кезде  Easy  GIF  Animator  бағдарламасының 
кӛмегіне  жҥгінемін.  Мысалы:  7  сыныпқа  арналған  «Атом  мен  молекуланың 
қозғалысы»,  8  сыныпта  «Жылу  қҧбылыстары»,  9  сыныпта  «Рентген  сәулесі»  және 
т.б.  кӛптеген  қызықты  бейнелерді  пайдаланамын.  Компьютерлік  бағдарламалар 
физикалық  қҧбылыстардың  моделін  қҧруға  мҥмкіншілік  береді.  Осындай 
шығармашылық  тапсырмаларды  оқушылар  ӛздері  де  жасай  алады.  Жҧмыс 
барысында  ізденуге,  бақылауға,  зерттеуге,  нәтиже  шығара  білуге  дағдыланады. 
Оқушылардың  ӛздері  жасап  шығарған  жҧмыс  жинақтары  «Шәкіртімнің  қызықты 
физикалық тәжірибелері» деген жинақтан орын алады. 
Электрондық  оқулықтың  тиімділігі  де  ӛте  зор.  Оқытушы  ҥшін  электрондық 
оқулық – бҧл кҥнбе-кҥн дамытылып отыратын ашық тҥрдегі әдістемелік жҥйе, оны 
әрбір  оқытушы  ӛз  педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра 
отырып,  әрі  қарай  жетілдіре  алады.  Электрондық  оқулық  арқылы  ҥй  тапсырмасын, 
жаңа сабақты тҥсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады [3]. 
Қазіргі  таңда  мен  ӛз  тәжірибемде  оқушыларға  «Физика»  сабағында 
мемлекеттік стандарт  бойынша рҧқсат  етілген 7-11 сыныпқа арналған электрондық 
оқулықтарды  пайдаланамын  және  оқушылармен  бірлесе  жасаған  шығармашылық 
жҧмыстардың қорытындысы ретінде «Шытырман қызықты физикалық қҧбылыстар» 
деген электрондық оқулықты жасап шығардық. 
Осы  аталмыш  оқулықтың  мақсаты:  физикалық  қҧбылыстардың  шынайы 
ӛмірдегі  бейнесін  кӛрсету  болып  табылады.  Мысалы:  адам  қалай  тез  қозғалады, 
ҧшқан  оқты  қолмен  ҧстауға  бола  ма,  бумеранг  –  ӛмір,  қолға  тҥскен  кӛлеңке  және 
жақсылық-жамандық  сияқты  кӛптеген  қызықты  тақырыптарды  қамтыса,  соңында 
сол тақырып бойынша қызықты есептерді, тест жҧмыстары да бар. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
21 
Бҧл  ӛмірлік  маңызы  бар  тақырыптар  оқушыны  қызықтырып  қана  қоймай, 
ӛздерін  де  ары  қарай  ізденуге  жетелейді.  Тест  сҧрақтарының  нәтижесі  әр  оқушыға 
жауап беру деңгейіне қарай пайыздық кӛрсеткішпен бағаланады. Бҧл әдіс оқушының 
білімін  кӛтеруге,  сабаққа  ынтасын  кӛтеруге,  табиғаттық  қҧбылыстарға 
қызығушылықпен қарауға ҥйретеді [4]. 
«Физикалық  қҧбылыстар  жайлы  видеобейнелер»  жинағындағы:  судың  қайнау 
процесі, центрге тартқыш ҥдеу, толқын, жылдамдық, импульс сияқты қҧбылыстарды 
дыбыссыз  оқушылардың  назарына  ҧсынамын.  Кӛріп  болған  соң  оқушыларға 
қҧбылысты  тҥсіндіріп  берулерін  сҧраймын.  Артынша  дауысын  қосып,  ӛз  қателерін 
таба  білуге  жағдай  жасаймын.  Сабақ  барысында  Microsoft  Excel  бағдарламасының 
кӛмегімен  диаграммалар  да  жасайды.  Мысалы:  қиын  және  жеңіл  балқитын 
денелердің  қасиетін  пайдаланып,  әр  затқа  диаграмма  жасай  алады  және  оларды 
салыстыру барысында ерекшеліктерін оңай ажырата алады. 
Әр  оқушының  жеке  дара  қабілеттері  мен  психологиялық  ерекшеліктерін 
ескеріп,  ҥй  жҧмысын  беру  барысында  ӛздік  жҧмыс  ретінде:  белгілі  тақырып 
бойынша  презентация  жасау,  слайд  қҧрастыру,  бағдарлама  кӛмегімен  қҧбылысты 
бейнелеу,  ғылыми-зерттеу  жҧмыстарын  орындауды  тапсырамын.  Орындалған 
тапсырманың  сабақта  қарастырылуын  және  бағалануын  қадағалаймын.  Мысалы: 
«Судың физикалық қасиеті», «Кҥн сәулесінің адам ӛміріндегі орны», «Электрондық 
электроскоп»,  «Тоқ  кҥшін  ҥнемейтін  шамдардың  пайдасы  мен  зияны»  сияқты 
ғылыми-зерттеу  жҧмыстарымен оқушылар ӛздері  зерттеп, бақылап, қорытындысын 
дайын жҧмыс ретінде қорғайды. 
«Жанды  Физика»  жинағы  компьютерлік  жоба  негізінде  жасалған 
гравитациялық,  электростатикалық,  электрлік  және  магниттік  ӛрістердегі 
жасалынатын  қозғалыстарды  қамтиды.  Бҧл  қҧбылыстар  оқушыларға  теорияны 
жақсы меңгеруге, зертханалық жҧмыстарды терең тҥсінуге, есептерді шығара білуге 
бағыт береді. 
«Физика.  Сабақ  презентациялары»  жинағын  жаңа  тақырыпты  тҥсіндірер 
кезінде, оны қорытындылау уақытында немесе бақылау мақсатында пайдаланамын. 
Дәстҥрлі  сабақ  ҥстінде  оқушы  да,  мҧғалім  де  ҥнемі  тақтамен  және  бормен 
жҧмыс  жасайтындықтан  уақытты  ҥнемдей  алмайды.  Сондықтан  қосымша  қажетті 
мәліметтерді  тҥсіндіруге  ҥлгермей  қалады.  Осы  кезде  компьютерлік  тапсырмалар, 
тәжірибелер  уақытты  ҥнемдеуге  ғана  емес,  есептерді  кӛбірек  шығаруға  мҥмкіндік 
тудырады. 
Сабақта  Activoiсe  тестілеу  қҧрылғысының  кӛмегімен  орындалатын  тест 
тапсырмалары ойға шабуыл және оқушының алған білімін қадағалау, қорытындылау 
мақсатында  қҧрастырылған  және  оның  бағалануы  ӛте  маңызды.  Оқушыларға  ҥй 
тапсырмасы ретінде ӛздері тест жҧмысын қҧрастырып, оны тестілеу бағдарламасына 
енгізіп,  ӛздерін  тексере  алады,  сәйкесінше  ҧпай  санын  да  байқайды.  Сапалы, 
мазмҧнды жасалған тест жҧмысы оқушыны ізденуге, шығармашылығын арттыруға, 
білімін қадағалауға, пән бойынша сӛз мәтінін дамытуға және оқушы ӛзінің жасаған 
ісіне қанағаттануға ҥйренеді [4]. 
Компьютермен  жҧмыс  жасау  кезінде  пайдаланатын  негізгі  тапсырмалар 
жиыны [5]: 
1.  Кіріспе  тапсырмалар.  Бҧл  тапсырмалар  оқушыға  жаңа  тақырыпқа  ӛзгеше 
ҥңілу  мақсатымен  жасалады.  Тапсырмада  жҧмыстың  нҧсқауы  мен  бақылау 
сҧрақтары жинақталған. Мысалы: «Қатты, сҧйық, газда болатын қысым» тақырыбы. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
22 
2.  Компьютерлік  эксперименттер.  Оқушыларға  жанды  бейнелерді  қолданып, 
эксперименттік  тапсырманы  орындау  мен  бақылау  тапсырмаларын  орындау 
ҧсынылады. Мысалы: «Электрлену» тақырыбы. 
3.  Эксперименттік  есептеулер.  Компьютерді  қолданбай,  1-4  есепті  шығаруды 
ҧсынамын,  артынша  компьютерлік  модельді  пайдаланып,  есептің  шешімін 
тексеремін. Мысалы: «Бір қалыпты қозғалыс» тақырыбы. 
4.  Зерттеу  тапсырмалары.  Оқушылар  ӛздері  зерттеу  жҧмыстарын  жҥргізу 
арқылы  кейбір  заңнамаларды  теріске  шығарады  немесе  растайды.  Мысалы: 
«Конвекция» тақырыбы. 
5.  Шығармашылық  тапсырмалар.  Оқушылар  ӛздері  есептің  шартын 
ойластырып,  оны  жҥйелейді,  есептің  шығару  жолын  пайдаланып  шығарады  да, 
компьютердің кӛмегімен жауабын тексереді. Мысалы: «Архимед заңы». 
Жасанды  қҧралдар.  Сабақтан  тыс  уақытта  оқушылармен  бірлесіп,  ғаламтор 
желісінде  жеңіл  жасалатын  физикалық  қҧрал-жабдықтарды  жасаймыз.  Сонымен 
бірге  кейбір  физикалық  заңдарды  тҥсіндіру  кезінде  пайдаланатын  сандық  фотолар, 
видео жазулар, фильмдерден кӛріністер де  бар. Сыныптан тыс уақытта оқушыларға 
берілген  тақырыптар  бойынша  ӛткізілетін  конференцияларда,  ғылыми-зерттеу 
жҧмыстарында компьютерлік технологияларды кең пайдаланамыз. 
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдаланудың маңызы: 
1.  Интербелсенді  тақтаны,  компьютерді  қолдану  арқылы  тақырып  бойынша 
есептердің сан-алуан тҥрін пайдалану; 
2. Мектеп зертханасында қҧбылысты нақты зерттеуге мҥмкіншілік болмайтын 
жағдайда компьютерден бақылауға мҥмкіншілік бар; 
3.  Оқушының  іздену,  зерттеу,  бақылау,  қызығу  қабілеті  арқылы 
шығармашылық қабілеттері де артады
4. Мҧғалімнің дәстҥрлі сабағы АКТ қолданғанда заманауи инновациялық сабақ 
әдістемесіне айналады. 
АКТ  қолдану  барысында  оқушылардың  физикалық-тәжірибелік  ғылымы 
аясында қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері арта бастады. 
«Физика» пәнінен АКТ пайдалану мерзіміндегі сапа кӛрсеткіші: 
2013-2014 оқу жылы: 60%, 
2014-2015 оқу жылы: 63%, 
2015-2016 оқу жылы: 65%. 
Әдебиеттер 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. 
2  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
3 «Физика және астрономия» журналы. – 2012. 
4 «Информатика негіздері» журналы. – №1. – 2010. 
5 «Астана ҧстазы» журналы. – №1(16). – 2016. 
Резюме 
КАРКЕНОВА Жанара ХАЙДАРОВНА, 
учитель физики средней школы РГКП «Республиканский центр 
реабилитации «Бурабай» МЗСРРК, поселок Бурабай, Бурабайский район, 
Акмолинская область, Республика Казахстан 
В  данной  методической  разработке  рассматривается  применения  методики 
информационно-коммуникационных  технологии,  комплекс  задании  как  один  из 
важнейших факторов развития творческих способностей учащихся на уроке физики. 
Ключевые слова: информация, демонстрация, инновация. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
23 
Summary 
KARKENOVA Zhanara Khaidarovna, 
Physic teacher’s «Republican rehabilitation centre of «Burabaye», 
Burabaye village, Burabaye district, Akmola region, Kazakhstan 
In  this  scientifically-methodical  design  looked  methods  of  informational-
communicational technology in the physics lesson’s, such as derivation apprenticeship of 
pupils as very important factor of cultivation creative interest; using methodic calculating 
file locking for development creative activity of pupils. 
Keywords: information, experience, innovation. 
 
ТОЛЕШ Алибек Тлеужанулы, 
Т. Шанов атындағы орта мектебі «Технология» пәнінің мҧғалімі, 
Шалқар ауданы, Ақтӛбе облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚОЛӚНЕР БҦЙЫМДАРЫНА ҚАЖЕТТІ ТЕРІ СҤЙЕК, МҤЙІЗДІ ӚҢДЕУ 
ЖӘНЕ ҦҚСАТУ 
 
Кіріспе.  Қолӛнер  –  мол  ӛнер.  Қазақ  халқының  қолӛнері  деп  халық 
тҧрмысында  жиі  қолданылатын  ӛру,  тігу,  тоқу,  мҥсіндеу,  қҧрастыру,  бейнелеу 
сияқты шығармашылық ӛнер жиынтығын айтады. 
Қазақ  халқы  ӛзінің  кҥн  кӛріс  тіршілігіне  қажетті  ҥй-жай  салуды,  киім-кешек 
тігуді, азық-тҥлік ӛндіруді ӛзінің тҧрмыстық кәсібі етіп, оларды кҥнбе-кҥнгі тіршілік 
барысында  орынды  пайдаланса,  әсем  бҧйымдар  жасап,  ӛмірде  сән-салтанат  қҧра 
білді.  Халықтың  мәдени  дәрежесі  ӛскен  сайын  тҧтыну  бҧйымдары  мен 
жабықтарының сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ҧнамды, әрі сәнді болуын 
қалады. 
Сонымен  қатар  жиһаздардың  сапасына  қатты  кӛңіл  бӛлінгендіктен  ою-
ӛрнектері  де  талғамға  қарай  жаңа  мәнер  жақсы  әшекейлермен  безендірілу  және 
фарфордан,  тоттанбайтын  металдан  эмаль  жалатқан  темірден,  пластмассадан, 
жасанды талшықтардан жарасымды бҧйымдар енді  зауыттарда кӛптеп шығарылды. 
Бҧл  айтылғандарды  қолӛнер  халық  тҧрмысында  ежелгі  маңызын  жойды.  Ендігі 
жерде  онымен  шҧғылданудың  керегі  жоқ  деген  әсте  тумайды.  Қайта  халық 
қолӛнерінің  бай  мҧраларын  жинап,  сҧрыптай  отырып,  заманымызға  лайықты  сапа, 
тҥр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беру керек. 
Негізгі  бӛлім.  Қазақ  халқының  қол  ӛнер  бҧйымдарындағы  тері,  сҥйек 
мҥйізді  ҧқсату  және  ӛңдеу  әдіс-тәсілдері.  Қолӛнер  бҧйымдарына  қажетті  тері, 
сҥйек, мҥйізді  ӛңдеу  және ҧқсату ҥшін кӛптен бері  келе жатқан тәсілдерді қолдана 
отырып,  тҧрмысқа  қажетті  бҧйымдарды  жасаудың  жаңа  әдіс-тәсілдерін  іздестіру. 
Табиғи  таза  кҥйінде  адам  ағзасына  зияны  болмауына  кӛңіл  бӛле  отырып,  халық 
шеберлерінің  шеберлігін  шыңдап  жетілдіру  –  бҥгінгі  ҧрпақ  парызы.  Халық 
тҧрмысында  мал  терілерін  қарапайым  жолмен  ҧқсату  –  кӛптен  бері  келе  жатқан 
тәсілдердің бірі. Ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, 
ал тері иленіп ҧқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. 
Шылғи қайысты ҧқсатудың екі тҥрлі жолы. Бірі – оның жҥннен сылып тастап 
пайдалану,  екіншісі  –  терінің    жҥнін  сылымай-ақ  пайдалану.  Жҥнді  терілілерден 
тулақ,  тай  тері,  бӛстек,  тҧлып,  қауға,  шанаш,  мес,  дорба,  шарқай,  т.б.  жасалады. 
Жҥнін  алып  тастаған  терілерден  кӛк,  ӛкше  сірі,  кӛн  дабыл  жасалады.  Қҧрымға 
салынып,  ысқа  ысталып,  қҧмға  қатырылған  саба  торсық,  кӛнек,  шанақ  істеледі. 
Иленген  теріден  кӛксауыр  таспа,  қайыс  қапшық,  қҧлын,  жарғақ,  бота,  ішік,  шідер, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
24 
жҥген, айыл, тартпа, тамақбау, қҧлақбау сияқты нәрселермен қатар былғары, ҧлтан 
опайке,  шегірен,  кӛзел,  етік,  мәсі,  кебіс  қоржын,  тоқым,  ертҧрман,  тон,  шалбар, 
шамадан,  тақия,  кӛпшік,  белуік,  кісе,  кейде  тҧс  киіз  сияқты  кӛлемді  заттарда 
жасалады. 
Халық  шеберлерінің  әдіс-тәсілдерін  зерттей  отырып,  жаңа  ӛңдеу  әдіс-
тәсілдерін  іздестіру.  Мал  терілерін  илеудің  екі  тҥрлі  әдісі  бар.  Оның  бірі  –  ҥлкен 
кҥбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, терін соған салып илеу. Мҧны малма дейді. 
Екіншісі  –  жағып  илеу.  Ал  иді  қатықтан,  айраннан,  не  езген  қҧрттан,  не  қҧрттың 
сары  суынан  кейде  ашытқан  кӛжеден  немесе  ҧнға  тҧз  қосып  та  жасайды.  Теріні 
малмамен илерде оны жібітіп шілдейді де, бір рет суық суға жуып тазартады. Одан 
кейін кҥбідегі иге салып, кҥн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). 
Иге салынған тері иге тҥгел батырылады. Олай болмаса, терініің иге батпаған 
жері  қара  қайыстанып,  бырысады  да,  кейін  пішіп  тігуге  жарамайды.  Қой,  ешкі 
терілері  иде  6-9  кҥн,  ірі  қара  терілері  15-20  кҥн  жатады.  Терінің  иі  қанғанын  білу 
ҥшін  оны  қолмен  тырнап  қарағанда  тері  қыртысы  қалыңдап,  ет  қыртысы  кӛлет 
тҧрады. Иленіп кептірілген теріні ет дейді. Жҧмыстың бҧл ҥдерісін тері қыру дейді. 
Терінің еті тез кӛміп тҥсуі ҥшін не ҧн не ҧнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы 
шалғы  орақтан  немесе  жҥзі  темірден  жасалады.  Иі  қанған  теріні  сорғытып,  аз 
қҧрғатып  ҥлгіге  салып,  отырып  сабаға,  кӛнекке  иықты  емізікті  торсықтарға  арнап 
пішіп,  терінің  қыртысын  сыртына  қаратып  шуда  жіппен  жиі  жӛрнеп  тігеді  немесе 
торамыспен тіккен. 
Тігіліп  дайын  болған  торсықты  ӛзен  суының  жағасына  апарып,  ішіне  ыстық 
қҧм  толтырып,  қҧмды  келкетпен  тҥйгілеп,  әбден  нығыздау  керек.  Қҧм  кептелген 
торсықтан  ыстық  пен  желде  4-5  кҥн  тҧрып,  әбден  кеуіп,  серіленіп  қатады.  Содан 
кейін қҧмын тӛгіп тастап, ыдыстың іші тысын тҧздалған сормаймен жылқының сҥр 
етінің  майымен  майлап,  тағы  да  кҥнге  қояды.  Май  сіңген  ыдыста  ыстау  тобылғы 
бҥршік тенісімен жҥзеге асырған. 
Тері  бояудың  екі  тҥрлі  мақсаты  бар.  Біріншісі  –  теріге  ӛң  беру,  ал  екіншісі  – 
теріні  неғҧрлым  су  ӛтпестей  етіп,  ширықтыру.  Тері  ҧқсатушылардың  арасында  ең 
кӛп  тарағаны  және  теріні  ҧқсатудың  тиімді  тәсілі  –  қабыққа  салып  бояу.  Теріні 
қабыққа  салып  бояу  ҥшін  талдың,  еменнің  қара  мойылдың  кейде  май  қарағайдың 
қабықтарын пайдаланған, сонымен қатар теріні де қынаға салып бояйды. 
Шеберлік  ӛнер  шығармаларының  тағы  бір  елеулі  тобы  –  сҥйектен  мҥйізден 
істелетін  бҧйымдар.  Бҧлар  әдетте  ойып  тҥсірілген  ӛрнекпен  әшекейленеді.  Сҥйек 
ҧқсатушы зергерлеп, әсіресе тҥйе мен жылқы сҥйегін қауірлейді. Себеп – бҧлардың 
сҥйегінде  қара  кемік  болмайды.  Ал  ожаудың  сабы,  тегене  табақ.  Піспек  сияқты 
заттарға сиыр сҥйегі де жарайды. 
Сарамандық  жҧмыс.  Сҥйек,  тері,  мҥйізді  ӛңдеу  және  ҧқсату.  Сҥйекті 
ағартып немесе сарғылт мӛлдір тҥсті етіп ӛңдеуге болады. Сҥйекті аппақ қардай ету 
ҥшін оны қайнатып, ыстық қоламтаға кӛміп кептіреді, ал сарғылт тҥске келтіру ҥшін 
май жағып, шӛптің тҥтініне ысталған. Сҥйек ісіне арналған аспаптар әрқашан ӛткір 
және  асыл  металдардан  істеледі.  Сҥйекті  тҥзетіп  тегістейтін  қҧралды  «бастырық» 
немесе «қысқы» деп атайды. 
Сҥйектегі  ою-ӛрнекті  кӛрнекті  ету  ҥшін  сырылған  оюларды  сіңімді  бояумен 
бояған. Бояуға мҧсатыр, скипидар сияқты сҧйық заттар қосылады. Сҥйек ҧқсатушы 
шеберлер жылан тіл пышқы, ҥскі майда шарық тҥрлі қағаз сияқтыларды қолданады. 
Семіз  малдың  сҥйегі  май  сіңген  сарғыштау,  шытынамайды.  Мал  мен  аңның  жҥн 
терілерімен қатар олардың мҥйіздері мен тҧяқтары да іске жарап отырған. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
25 
Мҥйізі  сҥйекке  қарағанда  жонуға,  июге  қалыпқа  салуға,  кесуге,  тесуге, 
шегелеуге  қолайлы.  Сондықтан  мҥйізден  тҥрлі  ожау,  қҧты,  тҥйме  тарақ  тҥйреуші 
қобдишалар,  семсер,  пышақ,  біз  саптары  мҥйіз  шоқша,  қаламсап,  жазу  қҧралдары, 
тиек,  ҥзбе  ышғыршық  пен  бҧранда  сияқты.  Кӛптеген  заттар  ӛрнектеліп  жасалады. 
Мҥйізді ҧқсатудың негізгі әдісі қыздыру, не қайнатып балқыту. Балқып тҧрған мҥйіз 
шебердің ӛзі қажет  еткенінше июіне, қалыпқа салуына, жануына кесек ӛрнектеуіне 
де оңай. 
Енді  осы аталаған әдіс-тәсілдерді  басшылыққа ала отырып тері мен сҥйектен, 
мҥйізден  байланыстыра  отырып,  жергілікті  шеберлердің  тҧсау  жасау  әдістерін 
зерттей  келе,  қайысты  мейлінше  жҧмсақ  сынбайтын  қатпайтын  болуына  кӛңіл 
бӛлуім. Ӛгіз терісін сор балшығына орап, ылғалды жерде 1 ай уақыт ҧстадым. Апта 
сайын  домалату  арқылы  идің  теріге  жақсы  сіңуіне  ықпал  еттік.  Соңынан  терінің 
орауын  жазып,  жидіген  жҥнінен  қырып  салқын  суға  жудым.  Теріні  керіп, 
желдетілген бӛлмеде 2-3 кҥн ҧстау керек. Теріні талқыға салып, уқаладым. 
Қайыстың  су  сіңірмеуіне  жҧмсақтық  сынбайтын  беріктік  қасиетін  арттыру 
мақсатында  оған  сҥрленген  тҥйе  ӛркешін  жақпас  бҧрын  бояп,  ӛркешті  жағып, 
қыздыра  отырып  сіңірдім.  Себебі  бояу  мен  майдың  қайыс  қыртысына  сіңімді 
болады. Тәуліктен соң қайысты ҧзыншалап тіліп, мҥйіз шығыршықтан ӛткізіп, 2-ші 
орамда тиекке сҥйек орнаттым. 
Кей  шеберлер  тиекке  қҧба  тал  немесе  босауына  ықпал  етеді.  Сҥйек  майлы 
болғандықтан  суға  да  тӛзімді  келеді.  Тиек  пен  беттескен  жерінен  екі  тесік  жасап, 
жіңішке таспамен бекіттім. Сҥйектен жасалған тиекке сырғымауы ҥшін ойық ойдым. 
Балаң бауын қайыстан жіңішкерте тіліп, ӛткерме арқылы кесіп, ӛткізіп тҥйдім. Балаң 
бауын ҧшын кейін ӛткізу оны ҧзарту, не қысқарту мақсатында жасалады. 
Мҥйізді ӛңдеу кезінде оның сыртын қырнап, тазартып, оның қабатының тҥсіне 
қалыңдығына  назар  аудару  керектігіне  кӛз  жеткіздім.  Жҧқа  мҥйіздер  майысқақ, 
иілгіш, икемге кӛнгіш келеді. Одан айғақ – қыран мҥсіні. Мҥйізді ыстық суға салып, 
қайнату  уақыты  –  20-25  минут  аралығы.  Ыстықтай  алып,  жіңішке  тілгіш  сарыға 
салып, тіліп, тҧмсығын қанатын қҧйрығының сҧлбасын келтіріп, тіліп, ию. Қалыпқа 
салу,  кептіру  қатқыл  кҥйінде  тҥрпі  қағаздың  майдасымен  ысқылау  керек.  Мҥйіз 
бедеріне сәйкес бояуды қолдануға да немесе табиғи тҥс кҥйінде әрлеуге болады. 
Қасық жасау кезінде мҥйізді тҧтастай немесе сабынның ыңғайына қарай сабын 
бӛлек  кҥйінде  қиюластыру  арқылы  да  жасауға  болады.  Қасықтың  шҧқыл  басын 
жасау  кезінде  қайнатылған  мҥйізді  тілгіш  шарғымен  тілген  дҧрыс  себебі  кӛлбеп 
тілген  кезде  мҥйіз  қызып  балқиды.  Сондықтан  шытынмайды.  Сҥйір  жағын 
жҧмырлау  ҥшін  балауыз  шам  арқылы  қыздырып,  қысқымен  қысу  керек.  Сабын 
шарғымен  тіліп,  мҥйіздің  ҥшкір  жағын  қалдырып,  жҧмыс  жағынан  тілік  қима  тілу 
керек.  Қасықтың  шҧңғыл  басымен  сабын  қиюластырып,  бекіту  керек.  Бекіту 
желімімен немесе сҥйекпен шегелеуге болады. 
Ӛңдеу  тҥрлі  қағазбен  ысқылау  арқылы  немесе  химиялық  ерітінді  арқылы 
ӛңдеуге  бояу  тҥрлерін  бірге  қолдану  арқылы  жҥзеге  асыруға  болады.  Әрбір  мҥйіз 
ӛрнек  ата-бабаларымыздың  ерлік  еңбектері  мен  ежелгі  ел  салтының  шежіресі 
іспеттес.  Астың  да  ас  иесі  бабалардың  да  татымды  талғамына  қайран  боласыз. 
Мҧндайда: «Мҥйіз ожау кҥнге қызбайды, сондықтан да ол сарықымызға салқын леп 
береді  және  арқар  мҥйізіне  ӛңез  жабыспайды,  шыбын  қонақтамайды»,  -  деп 
мадақтайтын қарттар сӛзі осыдан алынған. 
Алмас  қылыш  ақ  балдақтардың  алтындаға  сары  мҥйіз  саптары,  шақшалар, 
мҥйіз тҧтқалар – біздің ата-бабамыз қалдырған ғажайып ескерткіштер. Сондықтан да 
олар еш ҧмыт қалмақ емес. Әсіресе соңғы кезде бҧл ӛнер ӛзіне жол ашып, ӛскелең 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№1-6(117-122), қаңтар-маусым, январь-июнь, January-June, 2016
 
______________________________________________________________ 
 
 
26 
халық  талғамынан  шығып  жҥр.  Сҥйек  пен  мҥйізден  халықтық  қолӛнердің  барлық 
саласында ҥздік еңбек ӛнегесін кӛрсетіп жҥрген ӛнер саңлақтары кӛптеп саналады. 
Мысалы,  ӛскемендік  шеберлер  А.  Есков,  Л.  Панченко,  қызылордалық  Б.  Ыбыраев, 
қарағандылық  А.  Қошқарбергенов,  ақтӛбелік  К.  Қамысбаев  –  еліміздің  кӛлемінде 
топтан озған шеберлер. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет