Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет309/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   877
ЖАУЛ

ЖЕКК


216

жауыздық әрекеті мен дұшпандық іс-

әрекетіне деген көзқарасында тұрақ- 

ты болып келеді. Ж.к. жексұрындық 

пен сүйкімсіздік адамның жан дүние- 

сіне қолайсыз әсер етіп, көңіл күйін 

жабырқатады,  мұңаю  мен  қамығу 

сезімін оятып ренжітеді. Психология- 

да адамның өз көңіл күйін билеп, жа- 

бырқау  мен  мұңаюдан  бойын  аулақ 

ұстауы ерікті әрекеттеріне байланыс- 

ты деп көрсетеді.



ЖЕКЕДАРАЛЫҚ  –  тұлға  дамуы- 

ның  ең  жоғарғы  деңгейі,  ал  «жеке- 

даралық»  –  бұл  тереңдік  өлшем 

деген пікірді білдірді. Ж. – адамның 

өмір жолының жоғарғы синтезі, ин- 

тегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта, 

адамның ивдивид, тұлға және субъект 

ретіндегі  өзіншелігі  мен  қайталан- 

бастығын білдіреді. Ж. ретіндегі адам  

өмірдің әлеуметтік нормаларын өзін- 

ше, авторлық «оқуында», өзінің ерек- 

ше дара өмір тәсілін, өзіндік дүние- 

танымын,  өз  келбетін  құруында,  өз 

ар-ожданына  сүйенуінде  ашылып 

көрінеді.

Тұлғаның  өзгешелігі  мен  айрықша- 

лығы  оның  жекедаралық  деңгейінің 

пайда болуын білдіреді. Ж. – дамыған 

өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұл- 

ға  кедергілерге  тұрақты  болып  ке- 

леді  және  тұйықтылықпен  сипат- 

талатын, айқын, дамыған өзіндік сана- 

ға ие. Осындай жетілген «Мен» жү- 

йесі қоршаған ортаға қатысты даму- 

дың  фильтрі  болып  табылады.  Со- 

нымен  қатар,  дамыған  тұлға  өнімді  

және  жасампаз  болады.  «Жекедара- 

лықты» адамның дүниедегі мағына- 

лық  қатынастары  мен  бағдарлары- 

ның жиынтығы ретінде түсінеді. Олар 

адаммен қоғамда өмір сүру барысын- 

да игеріледі және оның құндылықтар 

иерархиясында бағдарлауын, түрткі- 

лер  күресі  жағдаятында  мінез-құ- 

лықты меңгеруін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет