Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет77/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   877
АССОЦИАТИВТІК  ПСИХОЛО- 

ГИЯ – Батыс ғалымдары (Ньютон мен 

Локк)  ассоциативтік  психологияны 

механикалық және сенсуалистік көз- 

қарастарға негіздей отырып зерттеген 

болатын. Ассоциациялық қағидалар- 

ды қолданудың өрісін көне замандар- 

дағы Үндістан мен ертедегі грек ғұла- 

малары да қарастырған. XVIII ғасыр- 

дағы ассоциация нағыз детерминис- 

тік сипат алып, дене үрдістерінің жиын- 



АССИ

АССО


55

тығы атқаратын қызмет аспаппен (мә- 

шинемен)  істелетін  әрекеттер  сияқ- 

ты болады деген ойға негізделді. А.п. – 

психологияның  мән-жайын  филосо- 

фиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ас- 

социациялық принциптерге негіздей- 

тін бағыттардың жиынтығы.

Психология  тарихында  ассоциация- 

ны жалпы категориялық ұғым деңге- 

йінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген – 

ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757). 

Ол  психикалық  үрдістердің  бәрі  ас- 

социацияға сүйенеді деп түсіндірді.

Гартлидің  «Адамды  бақылау»  деген 

еңбегі  (1749  ж.)  ассоциацияның  ке- 

ңінен тарап, өзекті ілім болып қалып- 

тасуының бастамасы болды. Бұл ең- 

бегінде ол көптеген психикалық үр- 

дістерді жүйке жүйесінің толқуымен 

ұштастыра баяндап, адамның санасыз 

әрекеттерін материалистік тұрғыдан 

түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адам- 

ның саналы әрекетінің жемісі болып 

табылатын  ақыл-ой,  ерік-жігер  қа- 

сиеттерін  де  анықтады.  Оның  зерт- 

теулері  –  санасыз  әрекеттің  сырын 

түсіндіретін  алғашқы  материалистік 

тұжырым.  ХVІІ-ХІХ  ғасырлар  ара- 

лығында рефлекторлық теорияға не- 

гізделген  ассоциациялық  бұрынғы 

тұжырым  материалистік  тұрғыдан 

нығая түсті, оның субстраты мен іш- 

кі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун 

(1778-1820), Джемс Милль (1778-1830), 

Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерт- 

теушілер қолдады.

Олардың  көзқарастары  бойынша, 

біріншіден, психика түйсік пен қара- 

пайым сезім түрлерінен тұрады; екін- 

шіден,  ассоциация  бойынша  –  бөл- 

шектер алғашқы да, ал күрделі пси- 

хикалық құрылымдар – елес, ой, се- 

зім екінші деп саналады; үшіншіден, 

ассоциациялар осы екі топтағы пси- 

хикалық үрдістер арқылы құрылады; 

төртіншіден,  ассоциациялар  күнде- 

лікті  тәжірибе  арқылы  санада  жиі 

қайталанып отыру нәтижесінде бекіді. 

Ассоциациялардың  жасалу  барысы 

биология мен жүйке физиологиясын 

зерттеу  нәтижелерімен  анықталады. 

Г.Гельмгольц  (1821-1849)  ассоциа- 

цияның жасалуын сезім мүшелерінің 

қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассо- 

циацияны эмоция арқылы түсіндірді. 

Орыс физиологі И.М.Сеченов (1829-

1905) ассоциацияның физиологиялық 

негізін бас миы рефлексінің қызметімен 

ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спен- 

сер (1820-1903) оны психиканың фи- 

логенездік  дамуымен  ұштастырып, 

жалпы психика дамуы мінез-құлық- 

тың өзгеруіне бейімделеді деді. ХІХ ғ. 

80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-

1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді 

басқа да психологтардың еңбектерін- 

де  ассоциацияның  жасалу  жолдары 

түрліше  түсіндіріліп,  бұл  тұжырым 

одан әрі дамытылды.

Психологияның  XIX  ғасырдың  орта 

кезіне дейінгі дамуында бұл ғылым- 

ның  дербестік  сипаты  айқындалып, 

оны зерттеушілер табиғи ғылыми не- 

гізге жүгінді, физиологиялық зерттеу 

әдістерін қолданып, биологиялық үлгі- 

ге иек артты. А.п. негізінен, Англия- 

да өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алды- 

на дербес бағыт ретінде қалыптасты. 

Бұл бағыттың материалистік те, идеа- 

листік  те  ағымдары  болды.  Мате- 

риалистік ағым психологиялық құбы- 

лыстарды зерттеуге детерминизм прин- 

ципін  ендіруді  көздеді.  Ал  XX  ға- 

сырда А.п. механикалық бағытты ұс- 

танған  бихевиоризммен  ұштасты. 

Психологиялық  мағынасы  белгілі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет