«Қ. Сатбаев атындағы орта мектебі» кмм «Домбыра – халық мұрасы» (ашық сабақ) Пән мұғалімі: Енсеханова Сандугаш Бейбитовна



бет1/3
Дата20.12.2023
өлшемі61,5 Kb.
#141499
түріСабақ
  1   2   3

«Қ.Сатбаев атындағы орта мектебі» КММ
«Домбыра – халық мұрасы»
(ашық сабақ)
Пән мұғалімі: Енсеханова Сандугаш Бейбитовна


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы

Мектеп:
«Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебі» КММ

Күні:
13.12.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні:
Енсеханова С.Б.

Сынып:
7 «Б»

Қатысқандар:



Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Домбыра – халық мұрасы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.Т/А4. Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау
7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу
7.ӘТН3.Фразоелогизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Ұсынылған тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдердің мағынасын анытайды

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Мақал-мәтелдерді және тұрақты тіркестердірді синонимдік қатармен ауыстырады

Кейбір оқушылар орындай алады:
мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп, шағын мәтінде қолданады

Бағалау критерийі

Тұрақты тіркес пен мақал-мәтелді қолдануда мағынасын түсінеді
Шағын мәтін жазады
Берілген деректерді түсінеді
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Домбыра, ішекті аспап, тұрақты тіркес, мақал-мәтел.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:



Талқылауға арналған сұрақтар:
Домбыраның қандай түрлері бар?
Мәтін құрастыруда ішекті аспаптар туралы қандай еліктеуіш сөздер қатыстырдың?













Құндылықтарға баулу

Ұлттық немесе жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу Домбыраның ұлттық аспабымыз екенін түсіндіру арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка

Алдыңғы оқу

Музыкалық аспаптар мен бағыттар

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы

Суреттер арқылы топқа бөлу
«Суреттер сөйлейді» бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай болуы мүмкін.
Бүгінгі сабаққа келген мақсатың?
«Өрмекші торын құру» мақсаттарын айту.
«Қар кесегі»
1. Мәтін құрастыруда ішекті аспаптар туралы қандай еліктеуіш сөздер қатыстырдың?
2.Мәтін құрастыруда соқпалы аспаптар туралы қандай сөздер қатыстырдың?
3.Аспаптарға қатысты қандай еліктеуіш сөздерді атар едің?
«Микрофон ұсыну» әдісі арқылы сұралады.
«Смайлик» арқылы бағалайды.

Суреттер

Тоқыма жіп


Микрофон
Смайликтер

Сабақтың ортасы

«Қызық екен» үрмелі аспаптар бойынша қосымша деректер.
«Қол шапалақтау» арқылы бағалау
2-тапсырма.
Графикалық кестеге сал.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау
«Ойтүрткі»
1.Домбыраның қандай түрлері бар?
2.Домбыра қай елдерде қолданылады?
3. Домбырада қандай шығармалар орындалады?
«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.
«Керек дерек» Берілген мәтінге тақырып қой, қарамен боялған тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып оқы.
1-топ: Дәстүрлі өнер
2-топ: «Қос ішек» күйінің аңызы
3-топ: Домбыра сыры
Бағалау критерийі:
Тақырыбын қояды-1 балл
Берілген деректерді түсінеді-1 балл
Тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырады-1 балл
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс.
Берілген мәтіннен қалып қалған сөздерді тауып қой. Мәнтінде не туралы айтылған?
«Кім білгір»
Тапсырма: Берілген тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдердің мағынасын анықтаңыздар.
Тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер:
Он саусағынан өнер тамған, күміс көмей, өнер қуған, жарғақ құлағы жастыққа тимеу, жұлдызы оңынан туу, төбесі көкке жету, нар кескен, сүттей ұйып, «Өнерді үйрен де, жирен», «Өнерлі өрге озар, Өнерсіз жігіт жер соғар», «Ел іші – өнер кеніші», «Өнерлі елдің өрісі биік», «Жігітке жеті өнер де аз»
«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі
Тапсырма: Жұбыңызбен 4 тұрақты тіркес пен 1 мақал-мәтелді қатыстырып сөйлем құраңыздар.
Кері байланыс.
-Қай жұптың жұмысы сәтті орындалды?
-Неліктен?
-Сөйлем құрауда мақал-мәтелдерді қолдану оңай болды ма, әлде тұрақты тіркестерді ма?
-Неліктен?
«Күй сандықтан» тапсырма


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет