1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»



бет1/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54

1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз.
Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш» деген мағынаны білдіреді. Алғашында мал бағу саласында оны ұстау, меңгеру шеберлігін білдіреді. Ол адам қызмет саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми практикалық мәнін білдіретін болды.

  • Менеджмент ынтымақтаса қызмет атқаратын адамдар тобы өздерінің күш-жігерін ортақ мақсаттарға жетуге бағыттайтын үдеріс ретінде;

  • Менеджмент қарым-қатынас тәсілі, сонымен қатар, әкімшілік қарым-қатынас дағдылары ретінде;

  • Менеджмент айрықша басқару түрі ретінде;

  • Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.

Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы. “Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады


2.Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде тұжырымдарды зерделеп, мысалдар келтіріңіз.
XX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық менеджмент» ұғымы инновациялық дефиниция ретінде, сонымен бірге «басқару» ұғымы да жиі қолданылады.
Сондықтан жаңа нарықтық экономика жағдайында қызмет атқаратын «басқару» ұғымын «педагогикалық менеджмент» ұғымымен салыстырмалы талдау қажеттілігі туындайды. Ғалымдар бұл ұғымдарды («басқару» мен «педагогикалық менеджмент») бір-біріне қарама-қайшы үш тұрғыда түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет