1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері



бет1/53
Дата16.12.2023
өлшемі144,27 Kb.
#140308
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53

1. Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштері.
Ерте палеолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері:
Оңтүстік Қазақстан – Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Шабақты, Қарасудан 15 мың тас бұйымдар тапты.
Орталық Қазақстан- Құдайкөл, Жаманайбат, Семізбұғы.
Шығыс Қазақстан- Қозыбай
Батыс Қазақстан- Шабақты сай, Сарытас.
Кейінгі палеолит:
Шығыс Қазақстан – Қанай, Свинчатка, Пещера, Ново-Никольское, Шүлбі.
Мезолит дәуірінің ескерткіштері:
Солтүстік Қазақстан – Мичурин, Боголюбово,Явленка, Тельман, Винградовка, Дачная, Евгеньевка, Дүзбай, Селетин, Ерейментау, Екібастұз.
Орталық Қазақстан- Әкімбек, Қарағанды
Неолит дәуірінің ескерткіштері:
Арал маңы – Сексеуіл, Ақселе
Оңтүстік Қазақстан – Қараүңгір, Қарақұдық, Бүркітті, ҮШбұлақ.
Шығыс Қазақстан- Нарым , Қызылсу, Сатшықыз.
Солтүстік Қазақстан- Қараторым, Ишан-Бұрлық, Дамсы, Ботай..
Батыс Қазақстан- Тоқсанбай, Сам, Көктөбе, Темір, Шатпақкөл, Құлсары, Шаңдыауыл, Сарықамыс.
Орталық Қазақстан- Қосқұдық, Ырғыз, Қаратоғай, Батпақ.
Солтүстік-батыс Қазақстан – Явленка, Карлуға, Боголюбово, Тельман, Мақанжар, Тұздыкөл, Дүзбай, Бестамақ, Амангелді.
2.Қазақстан территориясындағы ежелгі адамның шаруашылығы мен тұрмысы
Ежелгі тас ғасыры-адам мен оның шаруашылығының қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы адам жабайы өсетін дәндерді жеміс – жидектерді жинап жануарларды аулаған. Ежелгі тас дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапқы кезеңі алғашқы тобыр-бірлесіп қорғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды.
Қазақстан жерін ежелгі адамдар б.з.б. 800-140 мың жылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
• Aлғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік.
• Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т.б.
• Адамдар табиғаттың дүлей күшіне қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет