1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ХАЙДЕГГЕР, Мартин Хайдеггер



Pdf көрінісі
бет154/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   236
ХАЙДЕГГЕР, Мартин Хайдеггер (1889–1976) — неміс 
философы, экзистенциализмнің ірге тасын қалаушылардың 
бірі. Философия дамуының күрделі жолын сыни тұрғыдан 
пайымдай отырып, өзінің «Болмыс және Уақыт» еңбегінде 
адамның әлемнен бөлінуі техникалық өркениетке тән деп 
сипаттайды. Шығармалары: «Психологизмдегі ілім мен 
пікір», «Уақыт және болмыс», «Дүние дидары дәурені», 
«Техника туралы мәселе», «Жалған сүрлеулер» (Ешқайда 
апармайтын 
жолдар), 
«Тілге 
баратын 
оқапта», 
«Метафизикаға кіріспе», «Ойлау дегеніміз не?», т.б.
ХАМИДУЛЛАХ, Мухаммад Хамидуллах (1908–2002) — қазіргі заманғы 
әлем таныған мұсылман философтарының бірі. Париж университетінде 
«Пайғамбарымыздың соғыс хаттары» атты тақырыпта докторлық 
диссертация 
қорғап, 
Германиядағы 
Тубинген 
университетінде 
«Мемлекетаралық мұсылман құқығы» тақырыбында екінші мәрте докторлық 
диссертация қорғайды. Парижде Француз ұлттық зерттеу орталығында 
ғылыми зерттеуші заң және ислам саласында зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 
Шығармалары: «Ислам дініне кіріспе», «Пайғамбардың шайқастары», 
«Исламның заң ғылымына ықпалы», «Исламда мемлекетті басқару», «Имам 
Ағзам және еңбектері», «Модернистік экономика және ислам», «Мұсылман 
және Рим құқығы», «Құран-Кәрім тарихы», «Ислам пайғамбары». 
ХАЙЕК, Фридрих Август фон Хайек (1899–1992) — 
ағылшын азаматтығын алған австриялық философ әрі 
экономист. Осы заманғы либерализм классигі саналады. Вена 
университетін бітірген. Онда құқық, философия және 
экономика пәндерін жақсы меңгерген. 1927-1931ж.ж. 
Австрияның сұраныстарды зерттеу институтын басқарған. 
1950-1962ж.ж. Чикаго және Фрейбург университеттерінде 
жұмыс істеген. Экономика саласы бойынша Нобель 


324 
сыйлығының иегері. Шығармалары: «Құлдыққа бастар жол», «Ғылыми 
контрреволюция», «Орға жығар өзімшілдік. Социализмнің қателіктері» және 
т.б. Ол өмір бойы экономикаға мемлекет тарапынан ықпал жасау идеясына 
қарсы болып өтті. Мұндай қадамның кез-келген түрі сөзсіз тоталитаризмге 
алып келеді деуден бір танған емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет