1. Бақылау түрлері, формалары мен әдісін айтып беріңіз


​Бенджамин Блум таксономиясының мақсатынаңықтаңыз



бет67/94
Дата31.12.2021
өлшемі2,77 Mb.
#23620
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94
15.Бенджамин Блум таксономиясының мақсатынаңықтаңыз.

Педагогикалық таксономия – бұл, өз ішінде олардың категориялары мен алдағы деңгейлерінеқарай бөлінген педагогикалық мақсаттар жүйесін нақты құра білу. Ал, «Таксономия–бұл иерархиялық құрылымы бар, күрделі

 

ұйымдастырылған әрекеттену аясындағыклассификация және жүйелеу теориясы» «Педагогикалық таксономия – бұл педагогикалық мақсаттардың нақты құрылған жүйесі, оның ішінде олардың категориялары мен ілгерілеу деңгейлері (иерархия) белгіленген».



 

Ойлау процесін сипаттайтын ең танымал модел Блум таксономиясы болып табылады. Бұл таксономия 1956 жылы америка психологі Бенджамином Блум және оның әріптестеріменәзірленіп, "Таксономия образовательных целей: сфера познания" кітабында сипатталған» деп көрсетілген.

 

Бірінші деңгейде оқушылардың әрекеті ақпаратты тек есте және еске түсіруге негізделеді. Осындай деңгейдегі тапсырмаларда кілттік сөздер төмендегідей болады: анықтау, суреттеу, атау, белгілеу, тану, мазмұндау, қайта іздеу.



 

Екінші деңгей, түсіну деңгейі мағынаны түсіну, негізгі ойды қайталау біліктілігіне негізделеді. Бұл деңгей тапсырмаларындағы кілттік сөздер: жинақтау, өзгерту, қорғау, қайта айту, қайта түсіндіру, мысал келтіру.

 

Үшінші деңгей, алынған білімді қолдану білім алушыдан ақпаратты пайдалану немесе концепцияны жаңа жағдаятта қолдану талап етіледі. Бұл деңгей тапсырмаларындағы кілттіксөздер: түзеу, қайта даярлау, құрастыру, модельдеу, болжау.



 

Ақпаратты талдау деңгейі жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын мына тапсырмалар көмегімен қалыптастырады: салыстыру, қарама-қарсы қою, бөлу, белгілеу, бөліп алу, жіктеу, ақпаратты бөлімдерге бөлу.

 

Жинақтау деңгейі керісінше, қорытындылау және біріктіру дағдыларын қалыптастурға, жаңа бір нәрсені құру үшін топтау,пысықтау, қайта құрылымдауға бағытталынған.



 

Бағалау деңгейі білім алушыға алған ақпараттың құндылығына қатысты тұжырымдар жасауға көмектесетін ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталынған. Бұл деңгейді қалыптастыру тапсырмалары мына сөздерден тұрады: бағалау, сынау, пікір білдіру, ақтау, дәлелдеу, қолдау.

 

Кез келген басқа теориялық модельдегідей Блумтаксономиясының да күшті және әлсіз тұстары бар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет